Тұрақты табысқа қол жеткізу үшін, барлық қаражатты бір активке ғана салудың қажеті жоқ, өз тәуекелдерін әртараптандыру қажет екені бұрыннан белгілі болған. Нақты айтқанда – түрлі қаржы құралдарға белгілі бір пропорцияда инвестициялау. Егер де қандай да бір активтер арзандап қалса, екіншілері бұл тәуекелді жояды. Сондықтан аналитиктер, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкінің басшысы тәуекелдердің тепе-теңдігін сақтай отырып, қаржыны әр түрлі активтерде сақтауды ұсынады.
Әртараптандыру сондай-ақ бізге үйреншікті құралдарға: депозиттерге, жылжымайтын мүлікке, бизнеске инвестициялау кезінде де маңызды болады. Салымдар үшін осы құралдардың бірін таңдай отырып, оның әрқайсысында қандай тәуекелдер бар екенін түсіну қажет.
Салымдар қызықтырмайтын болды
Соңғы кезде қандай да бір қаржы мекемеде қиындықтар туындап жатқаны туралы жаңалықтар пайда болуды. Мысалы, кейбір банктерде лицензия қолданысы тоқтатылып, немесе кері қайтарылып жатса, басқаларда қолма-қол ақшаны алуға шектеу қойылуда. Мұндай жағдай депозитте өз ақшаңды сақтау қажет пе деген ой мазалайтындығын айтпасақ та белгілі.
Қазіргі кезде салымдар адамдарды қаншалықты қызықтыратындығын түсіну үшін, оны талдап көрейік. Депозиттер аса талап етілген қаржы құралдарының бірі болып табылатыны, сөзсіз. Олар бойынша тұрақты табысқа қол жеткізуге болады, және оны ашу үшін 1 мың теңге болғаны жеткілікті. Алайда салымдардың барлық артықшылықтарына қарамастан, соңғы кездері олар тиімсіз болып бара жатыр. Теңгелік, сондай-ақ долларлық депозиттер бойынша табыстылық төмендеп келеді. Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша жылдың басынан бөлшек мерзімді теңгелік салымдар бойынша мөлшерлемелер орташа есеппен алғанда 11,9%-дан 11,6%-ға дейін қысқарды. Депозиттер бойынша кепілдендіру мөлшерлемесі жылдан жылға төмендеп келеді. 2017 жылдан бастап валюталық салымдар бойынша мөлшерлеме 2%-дан 1%-ға дейін төмендесе, теңгедегі депозиттер бойынша – 14%-дан 12%-ға дейін түсті. Айтпақшы нарықта депозиттер бойынша табыстылық әдетте кепілдендірілген табыстылықтан төмен болады. Мысалы, нарықта валюталық салымдар бойынша мөлшерлеме 0,5−0,7% құраса, еврода – нөлдік болып табылады.
Алайда депозиттер бір уақытта өте ыңғайлы құрал болып қалуда. Олар бойынша табыстылық жартылай болса да, инфляцияны өтейді.
Жылжымайтын мүлік: барлық тәуекелдерді ойластырыңыз
Қаражатты қайда салу керектігін ойлап отырып, жылжымайтын мүлікке салынған қаржы ұтылмайтын болатындай етіп көрінеді. Үйді немесе пәтерді жалға беріп, балаларға мұрагерлікке қалдырып, немесе үстінен қомақты пайда көріп, оны сатуға болады. Бірақ екінші жағынан жылжымайтын мүлікке салынған қаражат белгілі бір білімді, шығындарды және тәжірибені талап ететін баламалы инвестиция болып табылады. үйді немесе пәтерді қайта сату арқылы пайдаға жету үшін әрдайым нарыққа мониторинг жүргізу керек. Бұл жағдайда да ұтылуға болады. 2008 жыла жылжымайтын мүлікке бағалары екі есе төмендеп қалғанды есімізге түсірейік. Оның үстіне жылжымайтын мүлікке бағалар доллар бағамының төмендеу немесе көтерілу жағдайында өзгермейді, яғни доллар бағамының ауытқуынан қорғану құралы болып табылмайды.
Пәтерді сатып алғанда, басқа тәуекелдер де туындайды. Мысалы, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт тәуекелі. Жылдан жылға жылжымайтын мүлік пайдаланып келетінін ескерсек, онда жыл сайын оның құны автоматты түрде төмендейтін болады.
Сондықтан жылжымайтын мүлікті сатып алуға қаражатыңызды салып отырып, оған деген сұранысты ойластырып, барлық тәуекелдерді бағалап, инвестициядан нені күтіп отырғаныңызды түсіну керек.
Бизнес-тәуекелдерді толық ойластыру қажет
Көптеген адамдар үшін ең қызықты инвестиция ретінде өзіндік бизнесі болып қалатынын айтпасақ та болады. Иә, талап етілген өнімге және сауатты түрде есептелген тәуекелдерге ие бола тұра, бизнес әдетте дамып келетіні анық. Осыған сәйкес қомақты табысты да әкеледі. Бірақ кәсіпкерлік қызметке көптеген тәуекелдер әсер етеді, олардың кейбіреулерін болжап білу қиынға түседі. мысалы, саяси, заңнамалық тәуекелдерді болжамдау өте қиын. Оларды жүзеге асыру кезінде кейбір компаниялардың, салалардың тағдыры қатаң қысымға алынып, тіпті оларға қауіп төнуі мүмкін.
Сол арада біздің үйреншікті қаржы құралдарынан басқа қазақстандықтар олар туралы мүлдем естімеген, немесе естісе де, олар қалай жұмыс істейтіндігі туралы білмеген жаңа құралдар пайда бола бастады.
Әдетте мұндай құралдар арқылы пайда көріп те, ақшадан айырылып қалу да мүмкін, оларға: акциялар, облигациялар, криптовалюта жатады.
Инвестор баруға дайын тәуекелдің деңгейіне байланысты мұндай құралдарға салымдар әдетте белгілі бір пропорцияда бөлінеді. Бірақ бұл орайда өз инвестицияларының орнын толтырып, және мүмкін болса пайдаға қол жеткізу үшін, нарықты, саладағы жағдайды қадағалап тұру керек. Сонымен қатар акцияларға немесе облигацияларға инвестиция құю кезінде осы акцияларды немесе облигацияларды шығарған компанияға әсер ететін тәуекелдер іске асырылуы мүмкін екенін назардан тыс қалдырмау керек. Нақты айтқанда, бұл бедел тәуекелі, банкроттық тәуекелі, заңнаманы өзгерту тәуекелі. Сондай-ақ, егер Сіз тәуекелге бел буып, акцияларды сатып алу туралы шешім қабылдасаңыз, онда бұл үшін дұрыс уақытты таңдау керек. Көптеген аналитиктер қазір акциялар нарығы қатты қызып тұр деп есептейді. Сондықтан олардың бағасы тым жоғары. Осы жағдайды ескере отырып, акцияның бағасы бір сәтте төмендеуі мүмкін. Нәтижесінде осы қағазға қаржысын салған инвестор құралақан қалуы мүмкін.
Әрине, басқарушы компанияның қызметтеріне жүгінуге болады. Ол портфельді өзі қалыптастырып береді. Бірақ бұл жағдайда да компания табысқа кепілдік бере алмайтындығын түсіну керек, өйткені қағаздардың табыстылығы нарыққа тәуелді болады.
Тіпті осы жағдайда мәмілені сүйемелдеу үшін жоғары комиссияларды төлеу керек жеткілікті. Айтпақшы, көптеген нарықтың жағдайын аналитиктердің үлкен штаты бар кәсіптік брокерлер де болжамдай алмайды.
Инвестициялардан да артық
Жақында сақтандыру нарығында өзіне кепілдендірілген табыс пен қорғауды қамтитын, «НОМАД LIFE» өмірді сақтандыру компаниясымен жасалған өмірді жинақтаушы сақтандыру полисі жаңа валюталық құралы пайда болды. «Золото Номадов» полисі банктер ұсынып отырған табыстылықтан еселенген табыстылыққа кепілдік береді. Осы өнім бойынша табыстылық 3,26%-ға дейін жетеді. Бұл мөлшерлеме банктердің долларлық депозиттер бойынша ұсынылатын мөлшерлемеден алты есе артық.
Полис бойынша сыйақы мөлшерлемесі сақтандырудың бүкіл мерзіміне кепілдендіріледі және тіркеледі. Нарықта жоғары құбылмалылық кезінде полис бойынша табыстылық өзгеріссіз қалады. Салымдарға әсер ететін нарықтық тәуекелдер тегістеледі.
Полис бойынша табысқа салық салынбайды. бағдарламаны ашу үшін $1 мыңнан бастап қаржы керек. Инвестициялар көп болған сайын түпкі табыс жоғары болмақ.
Полис 3 жылдан бастап 10 жылға дейін әрекет етеді. Жылдық тиімді мөлшерлеме мерзімге байланысты болады: мерзім жоғары болса, табыстылық та жоғары болады. Шартты 3 жылға жасағанда мөлшерлеме жылдық 2,3%-ға тең, 10 жылға — 3,26%. $30 мыңды 10 жылға салғанда, 5 жылдағы сақтандыру бойынша инвестициялық табыс $4 435 құрайды, 10 жылға — $11 283 құрайды.
Даусыз кепілдіктер
Сақтандыру компанияларында қомақты соманы орналастырғанда салымшыларда өз ақшасының сақталуы туралы сұрақ туындайды. Дегенмен мұндай қауіптер бекер.
Біріншіден, әлемдік тәжірибеде өмірді сақтандыру компаниялары тұрақты институттары болып табылады. олар несие бермейді, яғни клиенттердің қаражатын жоғары несиелік тәуекелге ұшыратпайды.
Екіншіден, сақтандырушы салымдарды жоғары сенімді активтерге салады. Осының есебінен пайыздық табысқа тұрақты қол жеткізуге болады. Сонымен қатар Ұлттық Банк өмірді сақтандыру компанияларының қызметін пруденциалды нормативтер арқылы қадағалайды және мониторингін жүргізеді. Жоғары өтімді активтер сақтандырушының қабылдаған міндеттемелерінен кемінде 110% болуы тиіс. Міне, егер қаражатты жедел түрде алу керек болса, сақтандырушы өз міндеттемелері бойынша жауап береді.
Үшіншіден, «НОМАД LIFE» ӨСК «Номад» сақтандыру тобына кіреді және қаржы-өнеркәсіптік тобымен үлестес компания болып табылмайды. Оның үстіне ӨСК қайта сақтандырушысы – бұл «АА-» рейтингісі бар ең ірі еуропалық компания.
Сондай-ақ клиенттердің «Золото Номадов» бағдарламасына салған қаржысы өндірілетін мүліктің тізіміне енбейді, оларға декларация толтырылмайды, жұбайлар арасында ажырасу кезінде бөлінуге жатпайды.
Осылайша, өз инвестицияларды Сіз баруға дайын болатын тәуекелдің деңгейіне байланысты түрлі пропорцияда бөле алады. Қаражатты салу үшін құралдар өте көп: «Золото Номадов», депозиттер, жылжымайтын мүлік, акциялар және т.б.
Дереккөзі: https://kapital.kz/finance/70344/kuda-investirovat-chtoby-ne-progadat.html
Фотосурет oregional.net сайтынан алынды.