bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтар инвестициялық сақтандыруға жіберілді

Қазақстандық өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) осы айда клиенттерге unit-linked жаңа өнімін ұсына алады. «Курсив» республикалық іскери апталық жаңа өнімнің ерекшеліктері туралы баяндады.
Қазақстандықтар инвестициялық сақтандыруға жіберілді

Unit-linked полистері сақтандыру және инвестициялық өнімнің сипаттарын үйлестіреді. «ӨСК енді клиентке акциялардың айтарлықтай үлесін қамтитын, оның ішінде шетелдік компанияладың, бірнеше инвестициялық стратегияларды ұсына алады. Стратегиялар жетекші биржалардың индекстеріне байланыстырылуы мүмкін. Мысалы, Dow Jones, Nasdaq, ‎DAX және басқалар», – деп Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев түсіндіреді.

ӨСК қызметін реттейтін отандық заңнама пайда емес, ақшаның сақталуын басты назарға алатындықтан, сақтандыру ұйымдары мен инвесторлардың активтері бөлінетін болады. «Клиенттердің инвестициялық шоттары жеке ескерілетін болады, бұл инвестициялар үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Сақтандырушылар қорлар құрып, белгілі бір инвестициялық стратегияны таңдаған клиенттердің пулдарын қалыптастыратын болады», –  деп түсіндіреді әңгімелесуші.

Бұл ретте сақтандырушы басқарушы компания рөлін өзі атқара алады не оны бөгде брокерге бере алады. «Бұл кастодиан банктердің жұмысы үлкен маңызға ие. Заңнамаға сәйкес, олар ӨСК клиенттерінің инвестициялық стратегияларының іске асырылуын қадағалауға міндетті, яғни, ҚНРДА (АРРФР) басқа, банктер сақтандырушылардың іс-әрекеттерінің дұрыстығын бақылайтын болады», – атап өтті Ерлан Бурабаев.

Unit-linked таңдаған адамдардың өмірі сақтандырылатын болады, бұл олардың пайдасына да табыс салығы салынбайды дегенді білдіреді.

Unit-linked классикалық жинақтаушы сақтандырудан немен ерекшелінеді

Жинақтаушы сақтандыру - бұл сақтандырушының тікелей міндеттемелері.

«Тіркелген кірісімен өнім бар, онда ӨСК шартқа сәйкес барлық жинақталған соманы қоса инвестициялық кірісті төлеуді жүзеге асырады. Инвестициялық кіріс деңгейі шарт жасасу кезінде бірден келісіледі», – дейді Бурабаев мырза. Егер сақтандыру жағдайы шарт аяқталғанға дейін басталса, онда ӨСК шартта айтылған барлық соманы төлейді.

Отандық нарықтың тағы бір классикалық өнімі – «ӨСК пайдасына қатыса отырып сақтандыру», оның түпкілікті кірістілігі сақтандырушы қызметінің нәтижелеріне байланысты.

«Бұл өнімдердің екеуі де жоғары пайда әкеле алмайды, өйткені ӨСК (заңнамаға және талаптарға сәйкес) сапасы (рейтингі) және өтімділігі жоғары қаржы құралдарына ақша салуға міндетті. Бұл құралдар, сөзсіз, сенімді, бірақ жоғары пайда әкелмейді», – атап өтті ҚҚҚ басқарушы директоры.

Unit-linked фактілері

Дамыған елдерде unit-linked типі бойынша қаржы өнімдері жеке тұлғалар арасында дәстүрлі түрде танымал. АҚШ-тағы өмірді сақтандыру шарттарының 60% -ға жуығы, Еуропадағы шамамен жартысы инвестициялық сақтандыруға тиесілі.

Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен Балтық жағалауында unit-linked үлкен сұранысқа ие. Мысалы, 2019 жылдың соңында Литвада бұл құралдың үлесі өмірді сақтандырудың жиынтық нарығының 50%-ынан асып түсті. Айтпақшы, АҚШ-та инвестициялық сақтандыру зейнетақы жинақтарына балама ретінде пайдаланылады.

Фотосует ашық дереккөздерінен алынды

Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/finansy/2020-06/kazakhstancev-dopustili-k-investicionnomu-strakhovaniyu

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандық өмірді сақтандыру нарығы қалай құрылды
Қазақстандық өмірді сақтандыру нарығы қалай құрылды

Дамыған елдерде сыйлықақыларының құрылымы бо...

Белгісіз адамнан аударым картаға түссе не істеу керек
Белгісіз адамнан аударым картаға түссе не істеу керек

Біз бәріміз банктік шоттағы толықтыруларға қу...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру