bs-preloader__icon
ru kz

Сенімділікпен саяхаттаңыз: жайлы демалыс үшін сақтандыру полисін қалай таңдау керек

Саяхат – қазіргі өмірдің ажырамас бөлігіне айналды, бұл үрдістен Қазақстан да тыс қалмады. Boston Consulting Group болжамы бойынша, 2040 жылға қарай әлемдік туризмге жұмсалатын шығындар үш есе өсіп, 5 трлн доллардан 15 трлн долларға жетеді. Адамдар демалысын алдын ала жоспарлап, стандартты емес бағыттарды таңдай бастады, ал ішкі туризмге деген қызығушылық артуда. Бұл материалда Қазақстанда және шетелде демалуға арналған сақтандыру полисін қалай дұрыс таңдауға болатыны туралы айтамыз.
Сенімділікпен саяхаттаңыз: жайлы демалыс үшін сақтандыру полисін қалай таңдау керек

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің дерегі бойынша, 2025 жылы шамамен 9,5 млн адам қонақ үйлер мен басқа да туристік нысандарда тұрумен ел ішінде саяхат жасайды деп күтілуде. Бұл – ішкі туризмнің көрсеткіші. 2024 жылмен салыстырғанда өсім бар: өткен жылы орналастыру нысандарын 9,1 млн турист пайдаланды, ал көрсетілген қызмет көлемі 300 млрд теңгеден асты.

Бұл үрдіс туристік сақтандыруға деген сұраныстың да артуына себеп болып отыр. Себебі туған елде жүргеннің өзінде күтпеген жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған. Тауда бір сәтсіз қадам, жорықтағы құлау немесе жәндіктің шағуы – бәрі елеулі шығындарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлардан сақтану үшін туристік полис ресімдеу жеткілікті, әсіресе белсенді демалыс кезінде.

КСЖ Nomad Life ішкі туризмге бейімделген қысқа мерзімді «Турист» сақтандыру өнімін әзірледі. Бұл полис тек Қазақстан аумағында жарамды және жаяу туризммен, ұлттық парктерде демалумен, тауға шығумен айналысатындар мен отбасымен табиғат аясында уақыт өткізетіндерге арналған. «Сақтандыру сомасы 1,5 млн теңгеге дейін, өзіңізбен қатар отбасы мүшелерін, оның ішінде балаларды да сақтандыруға болады. Құжатты рәсімдеу жеңіл әрі тез: жеке куәлік, деректерді өңдеуге келісім және шарттармен танысқаныңызды растау жеткілікті. Полисті 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге ресімдеуге болады», – деп хабарлайды КСЖ Nomad Life баспасөз қызметі.

«Турист» полисі жазатайым жағдайлар салдарын өтейді: сақтандырылған адамның қаза болуы, I–III топтағы мүгедектік белгіленуі, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық (7-күннен бастап, 30 күнге дейін). Медициналық шығындар, жүктің жоғалуы, сапардан бас тарту және өзге де классикалық туристік сақтандыруларға тән тәуекелдер бұл өнімнің шеңберіне кірмейді – «Турист» тек дене жарақаттарынан қорғауға бағытталған. Nomad Life өкілдерінің айтуынша, бұл өнімге деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді: қазақстандықтар ел ішіндегі саяхат кезінде қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарай бастады. Бұл – белсенді демалыстың танымал болуына байланысты маңызды үрдіс.

Шетелге саяхат

«Шетелге шығушыларды сақтандыруға деген сұраныс тұрақты өсіп келеді. Бұл тек шетелге шығатындардың санының артуына байланысты емес. Демалыста жарақат алу немесе сырқаттану – жиі кездесетін жағдай. Бір рет ақылы медициналық қызметпен бетпе-бет келген туристер келесі жолы міндетті түрде сақтандыруды таңдайды. Сонымен қатар, көптеген елдерге бару үшін виза алу кезінде сақтандыру полисінің болуы – міндетті шарт», – дейді «Евразия» СК басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жантөреев.

Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, 1 маусымдағы жағдай бойынша шетелге шығатын туристерді ерікті сақтандыру бойынша жиналған сыйақы көлемі – 42,6 млн теңге, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,4%-ға көп.

«Қазіргі таңда қазақстандықтар шетелге сапарларын өз бетімен жоспарлап, кеңейтілген қызметтер жиынтығын қамтитын полистерді онлайн сатып алады. Ең жиі кездесетін сақтандыру жағдайлары – демалыста алған жарақаттар, аллергиялық реакциялар, ішек инфекциялары, жедел аурулар. Мұндай жағдайлардың жартысынан астамы балаларға қатысты», – деп нақтылайды Freedom Life басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Бағдарлама таңдау уақытша болу елі мен визалық талаптарға, сапар ұзақтығына және қажетті сақтандыру сомасына байланысты.

Туристік сақтандыру полисін компаниялардың кеңселерінен, онлайн түрде немесе ресми WhatsApp арналары арқылы менеджерлерден ресімдеуге болады.

Егер сапар мерзімі ұзартылса, клиент сақтандыру компаниясынан қосымша күндерге жаңа полис сатып ала алады. Қайта рәсімдеу процесі қысқа уақыт алады.

Сақтандыру жағдайы туындаған кезде КСЖ клиенттері турист сапарлаған елдегі қызметтерді ұйымдастыратын халықаралық ассистансқа жүгінеді. Байланыс деректері сақтандыру компаниясының сайтында және полисте көрсетілген.

Ассистанс сақтандыру жағдайы кезінде клиентке медициналық және өзге де көмекті ұйымдастырып қана қоймай, медициналық мекемелермен есеп айырысу мәселесін де сақтандыру компаниясымен бірлесіп туристің қатысуынсыз шешеді.

Егер клиент сақтандыру компаниясының келісімімен қызметті өзі төлеген болса, төлемді алу үшін сақтандыру жағдайын растайтын барлық құжаттарды ұсыну қажет.

Егер тәуекелдер Қазақстан аумағында жүзеге асқан болса, келесі қадамдарды орындау керек: ең алдымен, сақтандыру компаниясына хабар беру, содан кейін қажетті құжаттарды жинау – бұл медициналық анықтамалар, дәрігерлердің қорытындылары және басқа да растайтын материалдар болуы мүмкін. Одан кейін сақтандыру төлемін алу үшін өтініш беру қажет. «Турист» полисі бойынша төлемдер толық құжаттар пакеті ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Сурет ашық дереккөздерден алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Forbes Kazakhstan өмірді сақтандырушылардың рейтингін жариялады
Forbes Kazakhstan өмірді сақтандырушылардың рейтингін жариялады

Forbes Kazakhstan KPMG Caucasus and Central Asia көмегімен оқырманд...

Ресейде сақтандырудың жаңа түрі сатыла бастады
Ресейде сақтандырудың жаңа түрі сатыла бастады

Ресейлік сақтандыру компаниялары жаңа жылдан ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру