Қолданбалы экономика саласындағы зерттеулер орталығы «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың әлеуметтік портретін ашып көрсететін зерттеуді жүргізді. Зерттеу және сауалнама 2017 жылғы 15-30 қараша аралығында Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілді. 4 өңірдің мақсатты топтарындағы 2803 адам қамтылды.
Зерттеу нәтижелері Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелерінің бірі ресми түрде ашылған 10 млн жеке зейнетақы шотының ішіндегі жартысынан көбірек белсенді шот (3 реттен артық толтырылады) болып табылатындығы бізді қызықтырады. Бұл Қазақстанның белсенді және еңбекке қабілетті халқының жартысы жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылмағандығын және болашақ кәрілікке ай сайынғы қорланымды жасамайтындығын білдіреді. Әңгіме өзін-өзі жұмыспен қамтылған адамдар жайлы болып отыр.
Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 58% зейнетақы аударымдарды жүйелі түрде жасайды. Респонденттердің 13,7% аударымдарды ара-тұра жасайды.
Жалпы, өзін-өзі жұмыспен қамтылған адамдардың 28,2% пайызы зейнетақы аударымдарын жасамайды, бірақ олардың жартысы бұл жөнінде мазасызданады. Адамдар зейнетақы аударымдарын жасамаудың немесе тұрақты емес түрде жасаудың негізгі себебі – кішкентай табыс (61%). Әрбір оныншы адам «қол тимейтіндігін» көрсетеді. Сауалнамаға қатысқандардың 8,6% қазақстандық зейнетақы жүйесіне сенбейтіндігін айтты. Сұрауға алынғандардың 4,6% пайызы өз табыстарын көрсеткісі келмейді.
Сұрау көрсеткендей, көптеген өзін-өзі жұмыспен қамтылған адамдардың орташа айлық табысы 50 мен 100 мың теңге аралығында бағаланады. Бұл ретте екі тең топ ажыратылады – 30 мыңнан бастап 50 мыңға дейін – 27% және 50 мыңнан бастап 100 мыңға дейін – 27%. 100 мыңнан бастап 200 мыңға дейінгі табысқа өзін-өзі жұмыспен қамтылған адамдардың 15% пайызы ие. 200 мың теңгеден жоғары табысқа – сұрауға қатысқандардың 2% пайызы ие. Респонденттердің 9% пайызы өз табысын көрсетуден бас тартты.
Қазіргі кезде зейнетақы аударымдарын жүргізбейтін өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың бір тобы оларды тұрақсыз негізде жасайды, немесе зейнеткерлікке шығу бойынша қамтамасыз ету мәселесіне немқұрайлы қарайды.
Қазіргі таңда әрбір бесінші адам зейнетақы қорына аударымдарды жасайды, қалғандары түрлі дереккөздеріне немесе болашақ қорланымдарына сенеді. Ақшаны көбінесе өндіріс саласындағы өзін-өзі қамтылған адамдар (27%), жоғары білімді адамдар (32%), 11-15 жыл аралығында жұмыс тәжірибесімен адамдар жинайды.
Ресми статистиканың мәліметтері 2016 жылы барлық өзін-өзі жұмыспен қамтылған халықтың 64% ауылдарда болса, қалада – 36% орналасқанын көрсетеді. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтылған халық қарапайым еңбек құралын пайдалана отырып, басым бөлігі өзіндік тұтыну тауарлардың өндірісімен айналысқан, бұл ауыл еңбекшілерінің кәсіби деңгейінің төмендеп қалуына әкеп соқты. Сондықтан біздің экономикаға әсерін тигізген қазақстандық қоғамның өзгертілуінің нәтижесінде кадрлардың кәсіби деңгейінің төмендеп қалуымен байланысты кадрлық дағдарыс орын алды деп сенімді айтуға болады.
Мақаланың толық нұсқасы https://enpi.kz/novosti/samozanyatyie-yuzhane-platit-ne-protiv-no-ne-iz-chego- сілтемесі бойынша.
Фотосурет tr-kazakhstan.kz сайтынан алынды.