bs-preloader__icon
ru kz

БЖЗҚ-дан ай сайынғы ең жоғары зейнетақы төлемінің мөлшері 707 мың теңгеден асты

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 947,5 млрд теңге төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады – 840,6 млрд теңге, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
БЖЗҚ-дан ай сайынғы ең жоғары зейнетақы төлемінің мөлшері 707 мың теңгеден асты

Жасына байланысты төлемдер – 42,4 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,6 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 20,9 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 11,7 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 2,3 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 1,0 млрд теңге.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 360 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жаһандық сақтандыру нарығының өсімі күрт баяулайды
Жаһандық сақтандыру нарығының өсімі күрт баяулайды

Келесі жылы әлемдік сақтандыру нарығы АҚШ енг...

Ресейде unit-linked мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етіледі
Ресейде unit-linked мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етіледі

2025 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Ресей инв...

Өмірді сақтандыру қай уақытта қажет
Өмірді сақтандыру қай уақытта қажет

Қаржы кеңесшілер жиі өмірді сақтандыру қызмет...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру