bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) – нарықтағы өсудің негізгі драйвері

2019 жылғы бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша бұл сегмент бір жарым есеге дейін өсті, деп kommersant.ru. жазады. ӨЖС шеңберінде компанияялар жаздың өзекті тақырыптардың бірі – түлектердің білімі – ақша жинауға мүмкіндік беретін өнімдерді ұсынады.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) – нарықтағы өсудің негізгі драйвері

Бағамның ауысуы

РФ Орталық банкінің болжамдарына сәйкес өмірді инвестициялық сақтандырудағы серпілістің аяқталуынан кейін перспективалы нарық болып ӨЖС классикасы табылады. Бүкіл ресейлік сақтандырушылар одағының мәліметтері бойынша 2019 жылғы бірінші тоқсанында бұл сегмент 49,6%-ға (18,2 млрд рубль) өсті. ӨЖС танымалдылығының өсуін сарапшылар оның әлеуметтік бағытталуынан көріп отыр. Мұндай полистер инвестициялық табыс үшін емес, өзін және өз жақындарын жағымсыз оқиғалардан қорғау және қажетті соманы белгілі бір мерзімге кепілдендірілген түрде иелену мақсатында сатып алынады.

ӨЖС дәстүрлі түрде ұзақ мерзімге – шамамен он жылға ресімделеді. Төлемді өткізіп алу немесе оның мөлшерін өзгерту сақтандырушымен келісімі бойынша белгілі бір жағдайларда ғана жүзеге асыруға болады. Клиент қайтыс болған немесе оған мүгедектік белгіленген жағдайда компания шарттың талаптарына байланысты сақтандыру сомасын төлейді, немесе клиент үшін капиталды ары қарай қалыптастыру үшін клиентке төлемдерді салады. Егер ешқандай жаман жағдай орын алмаса, онда клиент шарт аяқталғаннан кейін кепілдендірілген сақтандыру сомасын алады. Жарналардың бір бөлігі сақтандыру өтемақысы үшін төлем болып табылады.

Шартты мерзімінен бұрын бұзуға болады, бірақ оның пайдасы жоқ. Осыдан ӨЖС-ның тәртіпке келтіретін қызметі айқындалады. Жарналардың бүкіл сомасы қайтарылмайды, өйткені салынған қаржының бір бөлігі тәуекелді өтемақысын (мүгедектік белгіленген немесе өмірден қайтқан жағдайда сақтандыру) төлеміне және басқа шығындарға (әкімшілендіру, агенттің сыйақысы) бөлінеді. Бұл өмірді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі және оның ерекшелігі (банктік депозиттермен салыстырғанда, салымшының өмірін сақтандыру қарастырылмаған) болып табылады. Сатып алу сомалардың кестесі (клиентке шартты бұзған кезде қайтарылатын сома) жеке болып есептелінеді және көптеген факторларға, мысалы, төлем түріне (бір жолғы немесе бөліп төлеу), сақтандыру мерзіміне байланысты болады. сатып алу сомасы сақтандыру мерзімі аяқталуы сәтіне қарай 99% пайыз да, егер клиент тек қана өзінің үлкен емес ай сайынғы төлемін жасап қана үлгерсе, 0% пайыз да бола алады. Осы өнімдер бойынша шарттарды бұзудың пайыздық көрсеткіші өте төмен – 2-5%. «Мұздату кезеңінде» (ОБ талаптарына сәйкес полисті сатып алғаннан кейін кемінде 14 күн) клиент шартты жойып, жарналарын толықтай қайтара алады.

Сарапшылардың пікірінше, ӨЖС-ның артықшылығы сақтандыру жарналары өндіріп алуға немесе тәркілеуге болмайды және ажырасқан кезде мүлікті бөлуге жатпайды. ӨЖС арқылы әжесі немересін пайда алушы ретінде көрсете отырып, оның біліміне ақшаны жинақтай алады. Әжесі қайтыс болған жағдайда, барлық сома басқа мұрагерлерден асып оның немересіне ғана тиесілі болады.

ӨЖС тағы бір артық жағы – жинақтар сомасынан табыс алу мүмкіндігі. Шарт бойынша оның талаптарына байланысты кепілдендірілген табыстылық қарастырылуы мүмкін. Әдеттегідей, оның мөлшерлемесі мерзім мен бағдарламасына байланысты рубльде жылдық 2–6% және шетелдік валютада жылдық 1–3% құрайды. ӨЖС бойынша шамамен жоғары болып, бірақ кепілдендірілмеген қосымша инвестициялық табыс қарастырылған және ол инвестициялаудың нәтижелеріне байланысты болады. мысалы, түрлі жылдарда «Сбербанк страхование жизни» компаниясында мұндай табыс рубльде 5–10% және валютада 2–5% құраған еді. ӨЖС артықшылығы салықтық шегеруді (мерзімі 5 жылдан астам полистер үшін) алу мүмкіндігі болып табылады. Жыл сайын төленген жарналардан 13%-ды қайтарып алуға болады. Алайда, шегеруді алуға болатын жарналардың максималды сомасы 120 мың рубльмен шектелген, сәйкесінше, шегерімнің мөлшері де 15,6 мың рубльмен шектелген. Бұл үстемақыны қосымша табыс ретінде қарастыруға болады.

Кандидаттық минимум

Ресейліктерде ӨЖС бойынша жинақтардың едәуір талап етілген мақсаттарының бірі баланың білімі болып табылады. ЖОО-ның бюджеттік орнына шығынсыз оқуға түсу мүмкін емес. «Елдің халқы, әсіресе ірі қалаларда, білім ақылы болуы мүмкін деген ойға бірте-бірте үйреніп келеді, сол уақытта балалардың болашағы үшін білімнің мәнісін түсініп келеді», – дейді АКРА қаржы институттарының рейтингісі тобының басшысы Алексей Бредихин.

Оқытудың ақылы қызметтерін еліміздің барлық беделді жоғары оқу орындары ұсынады. Мысалы, Жоғары экономика мектебінде күндізгі оқу түріне бағалар факультетке байланысты жылына 350 мың мен 750 мың рубль аралығында, МГИМО-да – жылына  520–648 мың рубль, МФТИ-да – 270–435 мың рубль. Сондай-ақ шетелде білім алу кең таралуда. Кейбір елдерде шетелдік студенттерге тегін білім бар, бірақ шетелде оқу қашанда көшу және тұрумен байланысты шығындармен ұштасады.

HSBC The Value of Education халықаралық қаржы тобының 2017 жылғы зерттеулеріне сәйкес (бұл іріктеуге ресей кірмеді) ата-аналардың 41% баласы шетелде білім алатынын жоққа шығармайды. Алайда ата-аналардың 34% мұндай шетелдік білім қанша тұратының білмейді. HSBC есебіне сәйкес ең сүйікті ел болып АҚШ таңдалған.

Беделді шетелдік жоғары оқу орындарында оқу ресейлік оқу орындарына қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, АҚШ Кремний аңғарының кадрларды даярлаудың бас одағы Стэнфорд университетінде Бизнес жоғары мектебіндегі бір триместрінің бағасы жылына £9 – £25 мыңды (0,75-2 млн.рубль) құрайды. HSBC есебіне сәйкес ата-аналардың төрттен үш бөлігі (74%) балаларының білімін өздерінің ағымдық табыстарынан қаржыландырса, 36% — жалпы жинақтарынан, инвестициялар мен сақтандырудан, 21% — арнайы білім беру жинақтау және инвестициялар бағдарламаларынан, 6% — несиелендіру есебінен, 4% — мұрагерлік есебінен төлейді. Өткенге көз тастап, көптеген ата-аналар (39%) білімге ертерек ақшаны жинамағанына, ал үштен бір бөлігі (34%) қомақты соманы жинақтамағанына өкінеді.

Сәуір айындағы «Левада-центра» жүргізген сауалнамаға сәйкес ресейліктердің 65%-да мүлдем жинақтары жоқ. Дегенмен бұл сауалнама ресейліктердің жинақтарға деген қызығушылығын күшейткенін көрсетті, бұл ертеңгі күнге сенімсіздікпен, инвестициялық құралдар туралы ақпараттандырудың өсуімен түсіндіріледі. «Бұл контексте білімге арналған жинақтаушы полистер өз тауашасын иелене алады. Соңғы кездері ӨЖС өсе бастады, ал халықтың жинақтарының құрылымы бірте-бірте ұзақ мерзімді өнімдерге қарай жақындасып келеді», – дейді Алексей Бредихин.

Дереккөзі: https://www.kommersant.ru/doc/3990803

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандық банктер кибер шабуылдардың саны өскенін айтады
Қазақстандық банктер кибер шабуылдардың саны өскенін айтады

Ағымдағы жылдың тоғыз айында интернет-алаяқты...

Локдаун мерзімінде британдықтар үнемдеді: Aviva
Локдаун мерзімінде британдықтар үнемдеді: Aviva

Індет басталғаннан екінші локдаунды британды...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру