bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтардың БЖЗҚ жинақтаған қаражаттары бір жыл ішінде 19%-ға өсті

2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 12,1 трлн теңге сомаға зейнетақы жинақтары қалыптасқан. Бір жыл ішінде бұл сома, шамамен, 1,9 трлн теңгеге немесе 19%-ға өсті, деп қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлайды «Курсив».
Қазақстандықтардың БЖЗҚ жинақтаған қаражаттары бір жыл ішінде 19%-ға өсті

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) есебінен қалыптасты және 11,8 трлн теңгені құрады (жыл басынан бері өсім 12% құрады). Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы (МКЗЖ) 287,8 млрд теңгені құрады (өсім 17% құрады), ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы (ЕЗЖ) 2,1 млрд теңгеге жетті (өсім 9%).

2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 1,2 млн астам бірлікке артты. 01.08.2019 жылғы жағдай бойынша ЖЗШ саны 10,5 млн (10 517 212) бірлікті құрады, ал 01.08.2020 жылға қарай 11,7 млн (11 706 287) асып түсті. Осылайша, бір жыл ішінде өсім 11% құрады.

Ең көп шот міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған - олардың саны 11 млн астам, дәлірек айтсақ 11 132 300 (өсім жыл басынан бері 10%). Келесі міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан шоттар жүреді - 518 294 (2% өсім), ерікті зейнетақы жарналарының саны (ЕЗЖ) біртіндеп өсуде, БЖЗҚ мұндай шоттар саны қазір 55 693 (2% өсім) құрайды.

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы 604,3 млрд теңге көлеміндегі зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың алғашқы 7 айындағы көрсеткіштерден 55,1 млрд теңгеге немесе 10% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,4% МЗЖ бойынша БЖЗҚ түскен түсімдер құрайды - 576 млрд теңге, МКЗЖ бойынша 27,5 млрд теңге түсті, ЕЗЖ бойынша 256 млн теңге аударылды.

Төлемдер 98,2 млрд теңгені құрады, оның көп бөлігі (36%) жас бойынша төлемдерге (34,9 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдарға (24,3 млрд теңге), ҚР тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу бойынша (19, 9 млрд теңге), мұрагерлерге (16,4 млрд теңге), жерлеуге (1,8 млрд теңге), мүгедектік төлемдеріне (0,9 млрд теңге) келді.

2020 жылдың басынан бастап, 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 752,98 млрд теңгеден астам таза инвестициялық кіріс түсті, бұл өткен 2019 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 389,77 млрд теңгеге артық.

Дереккөз: https://kursiv.kz/news/pensionnaya-sistema/2020-08/v-enpf-podschitali-pensionnye-nakopleniya-kazakhstancev

Сурет ашық дереккөздерден алынған

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
АҚШ мемлекеттік қызметкерлерінің сақтандыру жеңілдіктері
АҚШ мемлекеттік қызметкерлерінің сақтандыру жеңілдіктері

Мемлекеттік қызметкерлерде өмірді сақтандыру...

Ресейде өмірді сақтандыру рәсімін жеңілдетуді ұсынды
Ресейде өмірді сақтандыру рәсімін жеңілдетуді ұсынды

Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Нико...

Өмірді сақтандыруды мұраға қалай айналдыру керек
Өмірді сақтандыруды мұраға қалай айналдыру керек

Бүкіл әлемдегі ауқатты отбасылар үшін болашақ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру