Экспорттаушылардан, тауарларды отандық өндірушілерден бөлек, ақшаны долларда сақтауды қалайтындар да ұтады. Банктік депозиттер өз клиенттеріне жылына бар болғаны 1%-ды әкеледі, сондықтан жылдық 4%-ға дейін кірістілікпен клиенттерге долларлық полистерді ұсынатын, өмірді сақтандыру компанияларының клиенттері неғұрлым табысты жағдайда болады.
«Жинақтардың валюталық әртараптандыруы дағдарыс кезінде ғана маңызды болмайды. Мысалы, теңге секілді дамушы елдердің валюталары сыртқы факторларға (мұнайға бағаның өзгеруі, геосаясаттық тәуекелдер және басқа факторлар) сезімтал. Валюталық нарықтарда құбылмалылық уақытында дамыған экономикалардың тұрақты валюталарына инвесторлардың тәбеті жоғарылайды. Егер адам ұзақ мерзімге инвестициялау шегімен қаражатты жинау мақсатын көздесе, онда жинақтардың валютасы сенімді және өтімді болуы тиіс. Мұндай валюта АҚШ доллары болып табылады – әлемнің негізгі резервтік валюталарының бірі. Ал дағдарыс кезінде мұндай стратегия дұрыстығының нәтижесі айқын көрінеді», - дейді Nomad Life ӨСК-нің басқарма төрағасы, Қайрат Чегебаев.
Бұдан бөлек, сақтандыру өнімдері табысты алу кезінде салықтардың болмауы секілді артықшылықтарға ие. Клиентке инвестициялау үшін қаржы құралдарын, жеке акцияларды немесе облигацияларды іздеу және таңдауға уақыт кетірудің қажеті жоқ, әрдайым оларға бағаның өзгеруін бақылау да қажет емес, себебі өнім теріс құбылмалылыққа ұшырағыш емес, әдетте егер құбылмалылық болса, онда клиенттің пайдасына болады. «Үшінші тұлғалардың талаптануы жағдайында инвестициялық қаражат тыйым салуға жатпайды. Бұл ретте инвестор үшін мұндай өнімнің қосымша құндылығы инвестициялаудың бүткіл мерзімі бойы жалғасатын, оның өмірі мен денсаулығының қатысында сақтандыру қорғауының болуымен де анықталады», - деп нақтылады «Халык-Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы, Жанар Жубаниязова.
ӨСК өнімдік желісі
«Халык-Life» ӨСК Компаниясы сақтандыру мерзіміне байланысты валютада жылдық 3,52%-ға дейін мөлшерде инвестициялық табысқа кепілдік беретін, «Халық-Қазына» өмірді сақтандыру бағдарламасын ұсынады. «Өткен жылы осы бағдарлама бойынша біздің Компания сақтандыру сыйлықақыларының 17 млрд теңгеден астамын тартты. «Халық-Қазына» бағдарламасы бойынша сақтандыру полисі салынған ақшаға табыс алғысы, ұлттық валюта бағамының құбылмалылығынан өзінің жинақтарын қорғағысы келетін, сондай-ақ жинақтау мерзіміне сақтандыру қорғауын алғысы келетіндерді қызықтырады. Басты шарт – бүткіл соманың бір жолғы жарнасы, себебі Компания клиенттің ақшасын валютада индекстейді», - деп бөліседі компания басшысы.
Zoloto Nomadov сақтандыру өнімі банктік салымдарға және валютада облигациялардан тұратын, ҮИҚ-ға балама - кепілдендірілген мөлшерлемемен валютада жинақтарды иеленгісі келетін, консервативтік клиенттерге қолайлы. Бұл өнім бойынша міндеттемелердің қамтамасыз етілуі инвестициялық деңгейдегі облигациялар болып табылады. Zoloto Nomadov-тің кепілдендірілген мөлшерлемесі жылдық 2,6%–3,41%-ды құрайды. «Жинақтаудың басқа баламасы Zoloto Nomadov Invest (Unit linked) өнімі болып табылады. Сақтандыру сыйлықақысы екі бөліктен тұрады, 10% - мерзімге байланысты 2,6%–3,41% кепілдендірілген мөлшерлемемен, ол жерде қамтамасыз ету инвестициялық деңгейдегі еврооблигациялар болып табылады, 90% - ең ірі индекстік қорларға инвестицияланады және пассивтік бағыттар болып табылады», - дейді Қайрат Чегебаев.
Nomad Life-та өз қоржынында клиентте инвестициялаудың 10 бағыты бар. Адам инвестициялық портфельдер арасында өз жинақтарын барынша қысқа мерзімдерде (бірнеше күннің ішінде) ауыстыра алады. Осының арқасында өз жинақтарыңызды пассивтік инвестициялық бағыттарға инвестициялау мүмкіндігі бар, мысалы, «АҚШ 500 ең ірі компаниясы» инвестициялық портфелі, сонымен қатар, өз қалауыңыз бен тәуекелдерге тәбетіңізге қарай бірнеше түрлі бағыттарға инвестициялауға болады. Сонымен, қор нарықтарында құбылмалылық сәтінде клиент қаражатын «Қазынашылық облигациялар» инвестициялық портфеліне ауыстырып, түзетуді күтуіне болады.
«Сентрас Коммеск Life-те» Сәтті өмір атауымен пайдаға қатысумен, индекстеумен өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы әзірленді, ол бір уақытта жазатайым жағдайлар мен аурулардың салдарынан қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге және валюта бағамының өзгеру (құбылуы) жағдайына оларды қорғай отырып, көбейтуге мүмкіндік береді.
«Сақтандыру полисінің валютасы: АҚШ долларына баламада теңге, клиент полистің қолданылу мерзіміне байланысты валюталық депозиттерге қарағанда жоғары табыстылықпен кепілдендірілген жинақтарды алады. Бұл ретте табыстылық сақтандырудың бүткіл мерзіміне белгіленеді. 3 жылдан 15 жылға дейін мерзімге сақтандырылуға болады. Сақтандыру төлемдері мен сатып алу сомаларына салық салынбайды. Сонымен қатар, ӨЖС шарты өндірілетін мүлік тізіміне қосылмайды және мағлұмдауға жатпайды. Клиент үшін сақтандыру қорғауы бүткіл әлем бойынша қолданылады», - деді «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы, Гүлжан Жақсымбетова.
Freedom Finance Life ӨСК доллардың валюталық бағамына индекстеумен өмірді жинақтаушы сақтандырудың үш бағдарламасын әзірледі. Олардың әрқайсысында өз ерекшеліктері мен шарттары бар. Мысалы, Freedom First бағдарламасы бойынша үйден шықпай онлайн, шарт жасауға, оны кез-келген уақытта толтыруға және жинақтаудың мерзімі ішінде ішінара төлем алуға болады. Бұл бағдарлама бойынша сақтандыру мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін ескеріп табыс АҚШ долларында 2,76%-ға дейін. Freedom Capital бойынша шарт 3 жылдан 10 жылға дейін мерзімге. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі АҚШ долларында 4%-ға дейін және еврода 1,5%-ға дейін. Сақтандыру жарнасы бір рет жүргізіледі, - дейді Freedom Finance Life ӨСК-нің басқарма төрағасы, Азамат Ердесов. - Freedom Money бағдарламасында шарт бойынша жинақтар мерзімі 5 жыл және одан артық. Сақтандыру жарналарын белгілі бір кезеңділікпен (айына/тоқсанда/жылына бір рет) немесе бір жолғы төлеммен төлеуге болады. Бұл бағдарламаға еңбекке қабілеттіліктен айырылу, жарақат, ауыр ауру жағдайына сақтандыру қорғауының түрлі қосымша түрлерін қосуға болады. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша жинақтардың төлемі – АҚШ долларына индекстеум жүреді».
Сақтандырушылар ненің есебінен табыс табады
Инвестициялау қағидалары инвестициялық қызметті жүргізетін барлық ұйымдарға бірдей. Сақтандыру компаниялары үшін қаржы құралдарының тізбесі өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативтерін сақтау бойынша реттеуіштің талаптарымен шектелуі мүмкін екенін айта кету керек. Бұдан бөлек, борышқорлық және үлескерлік қаржы құралдарының тізімі халықаралық рейтингілік агенттіктердің инвестициялық тартымдылық рейтингісінің деңгейімен шектеледі.
Әдетте, сақтандыру ұйымдары өмірді сақтандыру өнімдерін қалыптастыру кезінде тиянақталған кірістілікті анықтайды. Тиісінше, сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелінің орташа табыстылығы ӨСК өнімдері бойынша табыстылықтың тиянақталған деңгейінен кем болмауы тиіс. Портфель құрылымына және инвестициялау стратегиясына қатысты болса, әрбір сақтандыру компания қабылданған ішкі инвестициялау саясатына байланысты өзінікін таңдайды. «ӨСК өнімдерінің ерекшеліктеріне байланысты, біздің ойымызша, тиянақталған табыстылықпен мемлекеттік борышқорлық бағалы қағаздар, дефолттың төмен тәуекелімен корпоративтік борышқорлық бағалы қағаздар және ірі компаниялардың үлескерлік бағалы қағаздары кіретін, инвестициялаудың консервативтік стратегиясы анағұрлым қолайлы. Қазақстандық қор нарығы халықаралық қор нарықтарымен салыстырғанда үлкен емес, алайда, нарықта бағалы қағаздары жақсы дивидендттік саясат, тұрақты қаржылық тұрақтылық және корпоративтік саясат аясында тартымды, өте сапалы эмитентттер бар», - деп түсіндіреді «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің басшысы.
Сақтандыру компаниялары сатып алатын бағалы қағаздар рейтингілеріне реттеуіштік талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің атынан уәкілетті орган белгілейді. Пруденциялық нормативтерді есептеген кезде, сақтандыру компанияларының портфеліне кіретін бағалы қағаздар эмитент рейтингісіне байланысты өлшенеді. «Мысалы, S&P бойынша BB+ рейтингісімен шетелдік бағалы қағаздар пруденциялық нормативтерді есептеген кезде олардың нарықтық құнынан 100%-ға, ал S&P бойынша В – рейтингісімен бағалы қағаздар олардың нарықтық құнынан 80% бойынша өлшенеді. Бұл тәсіл сақтандыру компанияларына уәкілетті органның барлық реттеуші талаптарын сақтаумен, тәуекелдің бірқалыпты деңгейі кезінде ең жоғары табыстылықты алу негізінде өз инвестициялық стратегиясын құруға мүмкіндік береді, - деп түсіндіреді Freedom Finance Life ӨСК-нің басқарма төрағасы.
Nomad Life-та валютада компанияның инвестициялық портфелі мемлекеттік және корпоративтік сектордың инвестициялық деңгейдегі бағалы қағаздарынан тұратынын айтады. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы қаржы құралдарының орташа өлшемді кредиттік сапасы «А-» деңгейінде тұр. «Компанияның инвестициялық портфелінде ресейлік эмитенттердің бағалы қағаздарына шетелдік валютада инвестициялар жоқ (және оның ішінде банктердің). Zoloto Nomadov Invest – бұл біз ұсынған инвестициялық бағыттар желісі аясында активтерді басқару. Әрбір бағыттың негізгі мақсаты эталондық индекстің артынан жүру болып табылады. Мысалы, Zoloto Nomadov Invest «АҚШ 500 ең ірі компаниясы» портфелінің құрамына S&P 500 индексінің артынан жүретін активтер қосылған», - деп нақтылайды Nomad Life ӨСК-нің басқарма төрағасы.
Сақтандыру қызметтерін тұтынушыларда өмірді жинақтаушы сақтандырудың барлық өнімдеріне қызығушылық бақылануда. Бұл туралы өмірді сақтандыру сыныбы бойынша шамамен екі есе өскен, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі бойынша 2021 жылғы көрсеткіштер айтып отыр.
Сурет ашық дереккөздерден