Жинақтаушы өмірді сақтандыру — «екі өнім бірінде» форматы. Бір жағынан, клиент тұрақты жарналар арқылы қаражат жинайды, екінші жағынан, шарт мерзімі бойы күтпеген жағдайлардан сақтандыру қорғанысына ие болады.
Дәстүрлі өмірді сақтандыру бұлай жұмыс істемейді: ол нақты тәуекелдерді (жазатайым оқиға, мүгедектік, ауыр сырқаттар) жабады, бірақ сақтандыру жағдайы болмаса, қаражат қайтарылмайды. Ал ЖӨС аясында төленген жарналар «жойылмайды» — олар капиталға айналады. Сақтанушы шарт мерзімінің соңына дейін өмір сүрсе, жинақталған сома табыстылығымен бірге қайтарылады; ал күтпеген жағдай орын алса, бұл соманы табыстылығымен бірге жақындары алады.
Қарапайым тілмен айтқанда, ЖӨС — бұл белгіленген табыстылықпен ақша жинап, сонымен қатар сақтандыру қорғанысын қатар алу мүмкіндігі. Логикасы бойынша бұл құрал классикалық сақтандырудан гөрі ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлауға жақынырақ.
Жинақтаушы сақтандыру қандай мерзімге рәсімделеді?
ЖӨС көбіне ұзақ мерзімге — 5 жылдан 20 жылға дейін рәсімделеді. Бұл өнімнің мақсатына байланысты: ұзақ уақыт бойы жинақ қалыптастыру және сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету.
Маңыздысы: ең жоғары табыстылық ең ұзақ мерзімде ұсынылады — 20 жылға жасалған шарт бойынша жылдық 6,5%. Бұл нарықтағы ең жоғары кепілдендірілген табыстылықтардың бірі және салынған соманы екі еселеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар шартты 1 жылдан бастап қысқа мерзімге де жасауға болады. Мерзім мен жарна көлемі әр клиенттің мақсатына байланысты жеке анықталады: балалардың білімі, тұрғын үй немесе көлік сатып алу, қосымша табыс көзі қалыптастыру және т.б.
Клиенттердің бір бөлігі ай сайын табысының шамамен 5–10%-ын аударуды таңдайды — мұны қаржылық жоспарлау сарапшылары ұсынады. Басқалары тоқсан сайын, жарты жылда бір немесе жылына бір рет төлеуді жөн көреді. Сондай-ақ бүкіл соманы біржолғы жарна ретінде енгізіп, күрделі пайыздың әсерін бақылауға болады.
Ескеретін жайт: жарналарды мерзімінен бұрын тоқтату сақтандыру сомасының азаюына әкеледі (нақты төленген жарналарға қарай есептеледі). Ал шартты бірінші жылдан кейін мерзімінен бұрын бұзуға болады, бірақ бұл жағдайда компания сақтандыру құнын ұстап қалады. Мұндай талаптарды шартқа қол қоймас бұрын білу маңызды.
Қазақстанда жинақтаушы өмірді сақтандыру қызметін тиісті лицензиясы бар өмірді сақтандыру компаниялары ұсынады. Нарықта мұндай он компания бар. Кейбірі инвестициялық құрамдасы бар гибридті өнімдер ұсынады, алайда олар қосымша нарықтық тәуекелдерге ие болуы мүмкін.
Клиенттер үшін компанияның сенімділігі де маңызды. «КСЖ «ГАК» АҚ — 100% мемлекеттік компания. Ол 20 жыл бұрын алғашқы зейнетақы аннуитеттерін және өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін іске қосу үшін құрылған.
Demeu ерікті жинақтаушы өмірді сақтандыру өнімі қолжетімділік пен икемділік қағидаттарына негізделген. Шарт 1 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге жасалады, ал ең төменгі жарна — 50 АҚШ долларынан басталады. Төлем жиілігін клиент өзі таңдайды.
Бұл тәсіл ЖӨС-ті қысқа да, ұзақ мерзімді жоспарлау құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді — «қор жинаудан» бастап болашақ капитал қалыптастыруға дейін.
Жас шектеулері
ЖӨС шартын 18 жастан бастап жасасуға болады. Сақтандырылушылар қатарына 14 жастан бастап балалар да енгізіледі. Шарт аяқталған сәтте сақтандырылушының жасы 63 жастан аспауы тиіс.
Мұндай сақтандыру өзіңіз үшін де, балалар үшін де ыңғайлы: білімге қаражат жинау, қаржылық «қауіпсіздік жастығын» қалыптастыру немесе отбасының болашағын қамтамасыз етуге көмектеседі. ЖӨС жинақ пен қорғанысты біріктіріп, күтпеген жағдайларда қаржылық тәуекелдерді азайтады. Сондықтан ол бүкіл отбасы үшін сенімді жоспарлау құралы саналады.
Тәжірибеде жиі былай болады: алдымен шарт отбасының бір мүшесіне жасалады, кейін жұбайына және балаларға рәсімделеді. Бұл қоғамда қаржылық сауаттылықтың және өмірді сақтандыру мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді — дамыған елдердегідей.
Табыстылық қалай қалыптасады?
Бағдарлама бойынша табыстылық — белгіленген және компанияның инвестициялық саясатына негізделеді.
Агенттік желінің болмауы Қазақстан нарығында АҚШ долларымен жылына 6,5%-ға дейінгі ең жоғары және бекітілген табыстылықты ұсынуға мүмкіндік береді. Қорытынды мөлшерлеме шарт мерзіміне байланысты:
-
1 жылға дейін — 1,5%;
-
10 жыл — 5%;
-
15 жыл — 5,75%;
-
20 жыл — 6,5%.
Яғни мерзім ұзарған сайын қаржылық нәтиже де жоғары болады.
Мерзімінен бұрын бұзу: нені білу керек?
Шартты жасалған күннен бастап 12 ай өткен соң бұзуға болады — бұл да икемділіктің бір көрінісі.
Алайда экономикалық тұрғыдан бұл тиімсіз. Клиент нақты жинақ мерзімі мен төленген жарналарға сәйкес азайтылған соманы алады. Сонымен қатар сақтандыру тәуекелі үшін есептелген сақтандыру құны ұсталады.
Қалған барлық жағдайларда сақтандыру қорғанысы өнімге кіріктірілген және тегін ұсынылады. Сондықтан ЖӨС-ті 5–20 жылға арналған ұзақ мерзімді қаржылық құрал ретінде қарастырған жөн.
Фото: ашық дереккөздерден


