bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру полистері немесе депозиттер: нені таңдаймыз

Өмірді жинақтаушы сақтандыру клиент сақтандырудың бүткіл мерзіміне қорғалатын, сақтандыру сомасын құруда банктік депозиттер алдында үлкен артықшылыққа ие. Сақтандыру бағдарламалары депозиттерге қарағанда анағұрлым ұзақ мерзімді және 5-10 және одан аса жылдарға жасалады.
Өмірді сақтандыру полистері немесе депозиттер: нені таңдаймыз

«Мысал келтірсек, адам жылына 200 мың теңгеге 15 жылға шарт жасады. Бұл сома қайдан? Егер адам жылына 2,5 миллион теңге шегінде табатын болса, онда 200 мың теңге – бұл табыстың 10%-дан кемі, тиісінше, бұл соманы оңай жинауға болады. Егер оны бөлетін болсақ, айына 16 600 теңге немесе күніне 550 теңге шығады. Күніне 550 теңге әрбір адамда, студентте, кейде тіпті мектеп оқушысында барына келісесіз ғой, ол бұл ақшаны кейде пайдасыз, қажет емес заттарға жұмсайды. Егер біздің адамдар қаржылай сауатты түрде 15 жылға шарт жасап, жылына 200 мың теңге жинап отырса, олардың үш миллион теңгенің айналасында сақтандыру қорғанысы қалыптасатын еді. Шарттың мерзімі аяқталған кезде осы соманың үстінен клиентке компанияның инвестициялық табысынан кепілдендірілген пайыз төленеді», - дейді сақтандыру нарығының өкілі Светлана Баева.

Ол осы меншікті жинақтар түрінде сақтандыру қорғанысын депозиттің алдындағы басты артықшылық дейді. Мұндай полистерді өз отбасының болашағы туралы алаңдайтын және түрлі күтпеген өмірлік жағдайлар жайлы ойланатын адамдар жасайды. Сонымен, егер сақтандырылған адам бір немесе бірнеше төлемдерді ғана енгізіп үлгерсе, артынша онымен қайғылы жағдай орын алса, компания оның жақындарына ол салған ақшаны ғана емес, сонымен қатар полис есептелген барлық соманы төлейді.

Депозиттерде жинап және пайыздарды алу үшін, клиентке талап қойылады – ол тірі, аман-сау және жұмысқа қабілетті болуы тиіс. Ал сақтандыру компаниясында адам онымен бірдеңе болса да, оған еш тәуелсіз, ол ақша отбасына бәрібір келетінін біледі: егер онымен барлығы жақсы болса, ол жинайды және кейін соманы алады, алайда егер болмай-ақ қойсын, бірдеңе болып қалса оның отбасы бәрібір ол жинағысы келген соманы алады. Орташа пайыз банктікіне плюс минус 1% құбылады. Өмірді сақтандыру – бұл үлкен пайданы күтуге болатын, инвестициялық жоба еместігін түсіну маңызды. Бұл жерде негізгісі – денсаулықпен қандай-да бір физикалық проблемалар болған жағдайда оның отбасын қаржылай қорғау үшін, клиентке жинақтар кезеңіне сақтандыру қорғауын құру, - деп түсіндіреді маман. 

Компаниялар бонус ретінде өз клиенттері үшін түрлі жарақат алған жағдайда төлемдерді төлейді. Мысалы, бәйге кезінде адам сынған үш қабырға үшін сақтандырудан 600 мың теңге алды, тобықтың шығуын 50 мың теңгеге, қолдың сынуын – 100 мың теңгеден артыққа бағалауы мүмкін. Бұған қоса бұл сомалар салымшының жинақтарынан және компанияның табыстарынан оларға есептелетін пайыздардан шегерілмейді.

Клиенттерде өзінің қаражатына қолжетімділік әрдайым болады, қажет болған жағдайда жыл сайынғы жарнаны ұлғайтуға, сонымен қатар азайтуға болады, немесе төлемді кейінге қалдыруға болады. Алайда, егер полис 15 жылға есептелген болса, мысалы, бірінші 3-4 жыл ақшаны тиіспеген жөн, себебі алғашқы бірнеше жылда шартты бұзу барлық салынған ақшаны сізге қайтармайтынымен қауіпті, бұл компанияның кірістіліктің жоғарылауына жинақталатын бір сомаға есептегенімен, ал басқа шыққанымен түсіндіріледі, оған қоса ұйымның тәуекелдері ескеріледі. Бұл жерде сақтандыру депозитке ұтылады, депозитте мерзімге шектелмей өз қаражатыңызды шешуге болады.    

Сонымен бірге, қазақстандықтар өз қаражатын долларда, сонымен қатар теңгеде сақтай алады. Бұл жағдайда, сақтандыру компаниялары банктер алдында артықшылыққа ие. Себебі компанияларда сыйақы мөлшерлемесі үш пайызға дейін жетуі мүмкін, ал депозиттерде ол 1%-ға әрең жетеді. Бұдан бөлек, теңгенің әлемдегі нарықта болып жатқан кез-келген тербелісінен құбылуын ескерсек, көпшілік үшін валютада жинау неғұрлым дұрыс және қауіпсіз болып көрінеді. Жалғыз мәселе, қазақстандық нарықта барлық тоғыз компаниялардың бәрі мұндай қызметтерді көрсетпейді.

Қазір сақтандырушылардың негізгі клиенттері – әсіресе 35-40 жастағы және одан үлкен әйелдер, олар болашақты жоспарлауға және отбасын қаржылай қауіпсіздендіру үшін неғұрлым саналы және жауапты түрде қарайды.

Дереккөзі: https://liter.kz/dolgoigraiushchie-strakhovki-ili-bystrye-depozity-kakie-vklady-bolshe-popolniat-koshelki-kazakhstantsev-1651549964/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру туралы ең танымал сұрақтарға жауаптар
Өмірді сақтандыру туралы ең танымал сұрақтарға жауаптар

Қалыптасқан жағдайда өзіңе және жақындарыңны...

S & P "Еуразия" ӨСК рейтингін "ВВВ-"деңгейінде растады
S & P "Еуразия" ӨСК рейтингін "ВВВ-"деңгейінде растады

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "В...

S&P Халық-Life қаржылық тұрақтылық рейтингін растады
S&P Халық-Life қаржылық тұрақтылық рейтингін растады

S&P Global Ratings "тұрақты" болжамымен "ВВВ-" деңгейінд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру