bs-preloader__icon
ru kz

Ресей Банкі сақтандырушылардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының лицензияларын біріктіруді ұсынады

Ресейдің Орталық Банкі орташа мерзімді келешекте жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) және сақтандырушылардың лицензияларын біріктіруге ниетті. Бұл РФ ОБ «Қаржы нарығына қолжетімділікті жетілдіру. Қатысушылар үшін жаңа мүмкіндіктер» консультативтік баяндамасынан бастау алып отыр.
Ресей Банкі сақтандырушылардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының лицензияларын біріктіруді ұсынады

Қазіргі таңда, ЖЗҚ мен сақтандыру компанияларының қызметі айрықша қызметке жатады, алайда бұл институттардың мәнісі шамамен бірдей – «белгілі уақыттан кейін осы қаражатты жеке тұлғаларға төлеу мақсатымен жеке және заңды тұлғалардың қаражатын тарту және белгілі мерзім ішінде немесе өмір бойы зейнетақылық қамтамасыз ету және зейнетақылық сақтандыру бойынша қызметтік мәні болып табылады», - делінеді ОБ-тың баяндамасында.

«Осылайша, қарастырылатын қаржы құралдарының үйлесетін тұтынушылық сипаттамаларына қарамастан, ЖЗҚ сақтандыру қызметін қоса атқару құқығынсыз зейнетақы қызметінің бір түрін көрсетуге құқылы, ал сақтандырушылар зейнетақылық қамтамасыз ету және сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыра алмайды. Мұндай реттеу сақтандыру (зейнетақы) міндеттемелерін (төлемге қабілетсіздік тәуекелі) орындау үшін қаражаттың жеткіліксіздігінен және активтерді сәйкессіз бағалау мен өтімсіз активтерге салумен байланысты инвестициялық тәуекел пайда болуы мүмкін, ұқсас баланс тәуекелі кезінде қаржы нарығында ЖЗҚ және сақтандыру ұйымдарының төмен бәсекеге қабілеттілігіне әкеледі», - делінеді баяндамада.

РФ ОБ ЖЗҚ мен сақтандырушыларға рұқсат беру тәртібі мен лицензиялық талаптар тұтас барабар болып табылады және жеке талаптар бөлігінде ғана жалпы тұжырымдамасын түзетуге жатады (мысалы, іскерлік беделге және біліктілікке талаптар қойылатын лауазымдық тұлғалар тізімін қайта қарау, қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін ішкі құжаттар қатарының болуын алып тастау бөлігінде).

Бұл ретте, ЖЗҚ және сақтандырушылар қызметін қосу мүмкіндігі туралы шешім қаржы нарығының қатысушыларын лицензиялауды реформалаудың екінші кезеңінен қабылдануы мүмкін.

Журналисттердің бірден ЖЗҚ мен сақтандырушылар және БК-ның лицензияларын қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма деген сұрағына жауап бере отырып, РФ ОБ-ның төрағасының бірінші орынбасары Сергей Швецов «бұл қисынды қадам» деді.

«Бізде халықаралық тәжірибені зерделеу кезеңі өтті, қазір талқылауға ұсынылған базалық тұжырымдама құрылуда. Бұл өте ұқсас қызметтің фидуциарлық түрлері, онда үшінші тұлғалардың мүдделерінде активтерді басқару жүзеге асырылады. Төлемдер кезеңінде бұл жинақтаушы бөліктен айырмашылығы зейнетақы қорының баланстық міндеттемесі болады. Және БК ешқашан мұндай міндеттемелерді қабылдамайды, БК әрдайым үшінші тұлғалардың мүддесінде, бірақ және үшінші тұлғалардың есебінен қаражатты басқаруды жүзеге асырады. Сәйкесінше, оның жауапкершілігі фидуциарлық, бірақ баланстық емес. Сол себепті, қосудың осы тұстары тәуекел-профилі тұрғысынан біздің талдауымыздың мәні болады», - деп ол түсіндірді.

Дереккөзі:  http://www.asn-news.ru/news/75161#ixzz6hW19Do8t

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Індет ресейліктерді ақшаны жинауға үйретті
Індет ресейліктерді ақшаны жинауға үйретті

Ресейде бір жылда жинақтары бар ресейліктерді...

Реттеуші қаржы ұйымдарын бағалаудың жаңа критерийін енгізіп жатыр
Реттеуші қаржы ұйымдарын бағалаудың жаңа критерийін енгізіп жатыр

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру