Мемлекеттік статистиканың Федералдық қызметінің мәліметтері бойынша, Ресейдегі орташа айлық жалақы 2017 жылдың үшінші тоқсанында 37 723 рубльді құрады, ол 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,5% жоғары. Осымен қатар М.В. Ломоносов атындағы ММУ білім алу ақысы 2017 жылы жылына 310 000 рубльді құрады; ХҚММУ-ның «Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша бакалавриаты ағымдағы оқу жылында — 530 000 рубль, Н.Э. Бауман ат. ММТУ-да «Қолданбалы математика және информатика» бағыты бойынша — 206 380 рубль.
Осыдан шығатыны, елдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында баланың білім алуын орта ресейлік төлей алмайды. Беделді білім алу, тіптен несиеге болса да, отбасы бюджетіне айтарлықтай жүктеме түсіреді. Осы мәселеге келсек ресейлік ата-аналардың көпшіліктерінде өз балаларының болашақтарына жиынтықтар ашудан басқа жолдары жоқ екендігі анық.
Болашақты сақтандыру
Соңғы жылдарда нарықта өзінің баласы үшін капитал құруды қалайтын ата-аналарға арналған құралдар ретіндегі ұсыныстар алдыңғы қатарда. Әңгіме ең алдымен өмірді жиынтықтық сақтандыру жайлы. «Іс жүзінде кез келген компанияның өнімді клинент қалауына сай икемді баптау мүмкіндікті өнімдер желісі бар: қажетті уақытты, салымдардың кезеңділігін, көрсетілген жасқа толғаннан кейін жинақты төлеу сызбасын (мысалы, баланың ЖОО-да білім алуы кезеңінде сомманың жартысыл жыл сайынғы өтеуді қарастыратын бағдарламалар бар) және басқаларын таңдауға болады», - деп бағдарлама көрсеткіштерін Катерина Милеева сипаттайды.
Өмірді жиынтықтық сақтандыру (ӨЖС) келесі сызба бойынша жұмыс атқарады. Ата-аналардың біреуі баланы сақтандыру нысаны ретінде көрсете отырып, сақтандыру компаниясымен келісімшартқа отырады. Мерзімін және отбасы бюджетіне қолайлы тұрақты аударым (сақтандыру жарнасы) көлемін таңдауға болады. Компания келісімшартта көрсетілген сақтандыру соммасымен бірге бағдарламаның мерзімі аяқталғаннан кейін төленетін қосымша табыс қалыптастыра отырып алынған аударымдарды инвестициялайды.
ӨЖС артықшылықтары – отбасы қаржысын ойламаған жағдайлардан бағдарламаға енгізілген қауіптердің әрқайсысы бойынша сақтандыру соммаларымен қорғау. «Егер де бала мектепте жарақат алып, оған күтім қажет болатын болса, онда сақтандырушы ата-аналардың жалақысындағы шығындардың орнын толтырады», - деп «РГС Өмір» бас директоры Евгений Гуревич түсіндіреді.
Төлем жасау кепілдігі ата-аналар қандай да бір ойламаған жағдайға ұшырап, жарналар аудару тоқтатылса да сақталынады. Сарапшының толықтыруынша, соңғы уақыттарда өмірді сақтандырудың жинақтамалық бағдарламаларының функционалдылығы жаңа опцияларды іске қосу көмегімен белсенді кеңейтілуде. Мысалы, бұл тек балаға ғана қорғанысты қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ өлім қауіпі бар сырқаттардан қорғанысты қамтығандағы қауіптердің кең айналымы бойынша сақтандыру.
Жинақтамалардың басқа тәсілдерімен, мысалы, депозиттермен, салыстырғанда, ӨЖС бағдарламаларының салықтық жеңілдіктер (салықтық шегеру 13%) және инвестицияның заңды қорғалуының жоғары дәрежесі (сақтандыру полисын сатып алуға бағытталған қаржылар, өндіріліп алынбайды және тыйым салынбайды, бөлініске салынатын мүлік қатарына кірмейді) тәрізді артықшылықтары бар. Полисте тіркелген пайда алушылар келіспеуге ұшырамайды. Полис бойынша мұра нұсқалған пайда алушыға 6 ай күту және тағы басқа мәселелерсіз өтеледі.
Осымен қатар ӨЖС өнімдерінің өзінің кемшіліктері де бар. «Бұл өмір және денсаулықты сақтандыру полисы және бұл бірінші орында тұрғандығын түсінуіміз қажет, ал жинақтамалар – тек қосымша опция, - деп Владимир Савенок түсіндіреді. — Сонымен қатар мұнда жинақтау шарттары аса тартымды емес: табыстылық өте төмен және бағдарлама мерзімі өткеннен кейін клиент өзі аударған қаржыдан төмен сомманы алу мүмкіндігі де бар». Сақтандыру және жинақтауды екі бағдарламалармен үйлестіруге болады: өмір және денсаулықты тәуекелдік сақтандыру (бұл арзаныраққа түседі) және басқа, табыстырақ стратегиямен инвестирлеу, деп Савенок түйіндейді.
«Финам» АҚ бас директорының орынбасары Ярослав Кабаков осындай бағдарламалардың кемшіліктері қатарында қаржыларды басқару икемділігінің болмауын және активтерді басқару бойынша шешімге ықпал етудің мүмкінсіздігін жатқызады. «Осымен қатар, келісімшартты уақытынан бұрын тоқтатуда біршама қаржыдан айырылуға тура келеді. Еске сала кетейін, инвестициялық полистер салымдар тәрізді мемлекеттік бағдарламамен сақтандырылмайды, және де осы сәтті де ескеру қажет», - деп сарапшы толықтырды.
Алайда жинақтамалық сақтандыруды инвестициялық қоржынның құраушысы ретінде қолдануға болады деп сарапшылар ойлары бір арнада тоғысты. Наталья Смирнова ата-анасын сақтандырушы да, сақтандырылушы да етуді ұсынады, себебі жинақтау үрдісі дәл ересек адамның еңбекке қабілеттілігіне тәуелді. «Егер де ата-анасы баласының Ресейде білім алатынына 100% сенімді болса, онда жарналарды рубльде салуға болады. Егер сенімді болмаса – ең дұрысы валютада. Сақтандыру соммасы білім алуға қажетті сомма көлемінде болуы тиіс. Мерзім – баланың ЖОО-на түсуіне дейін», - деп нақтылады.
Келісімшартты дайындауда міндетті түрде тәуекелдерді ескеру қажет: кез келген себепке байланысты жарымжандық, қауіпті сырқаттар, жарналар өтеуден босатылу. Онда сақтандыру жағдайының жетуінде бағдарлама сақтандыру компаниясының жарналары есебінен қызметін жалғастыра береді.
Сарапшылар кеңестері
- Инвестициялау жайлы шешім қабылдар алдында өзің үшін негізгі тапсырмаларды қалыптастырып алу қажет: қаржыны салу мерзімі, капиталды қорғаудың қалаулы деңгейі, қолайлы тәуекелдер, күтілетін табыстылық, сондай-ақ құралдың өтімділігіне талаптар – мысалы, тұрақты төлемдер алу қажеттілігі немесе құралды уақытынан бұрын сату мүмкіндігі бар ма.
- Өнімді сатып алардан бұрын барлық мәселелерін түбегейлі талқылап алу қажет. Тек бір ғана дерек көзінен, мысалы, банк өкілінен, алынған ақпараттарға ғана сүйенуге болмайды. Саналы таңдау жасау үшін бірнеше банклер ұсыныстарын салыстыру қажет.
- Нақты құралмен байланысты салықтық салдарларды ойластыру қажет.
- Келісім шарттарын егжей-тегжейлі зерттеу қажет. Терминдер және қыр-сырларын түсінуге көмектесетін қаржы кеңесшілеріне жүгінуге болады. Ерекшеліктерінің өте көп болуы мүмкіндіктеріне байланысты, ең маңыздысы және қажеттілерін ерекшелеу қиын. Мысалы, сақтандыру келісімшартын бекітуде төлемдерден шегерулерді және сақтандыру тәртіптерін қарау қажет. Брокерлік қызмет көрсету келісімшарттарын бекітуде – лицензиясы бар екендігіне көз жеткізу және қызмет көрсету бойынша тарифтерді нақтылау қажет.
- Жетістік кепілі – қоржынды толтыру тұрақтылығы. Сіздің ай сайынғы жарналарыңыз аз болса да, тұрақты болсын.
- Тәуекелі жоғары құралдар қолдану қажет емес (мысалы, криптовалюталар).
- Баланы қаржыны сауатты қолдануға үйрету қажет, олай болмаса барлық инвестициялар бекер болмақ.
Дерек көзі: http://www.forbes.ru/finansy-i-investicii/357521-portfel-na-vyrost-kak-nakopit-rebenku-na-obrazovanie-ili-zhile