Қазіргі таңда қазақстандық нарықта соның ішінде ауыр ауруларды және осы аурулардың нәтижесінде сауықтыруды өтейтін, ЕМС-нің бірқатар бағдарламалары бар. «Өмірді медициналық сақтандыру медициналық қызметтердің кең спектрін Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде қолдануға мүмкін береді. Біздің ойымызша, өмірді медициналық сақтандыру әрбір адамға қажет, себебі ол кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемі аясында өтелмейтін жағдайларды өтейді», - деді Евразия өмірді сақтандыру компаниясының Басқарма төрайымы Гульмира Убегалиева.
Медициналық сақтандыру бағдарламаларының икемділігі сақтандырылған қызметкерлерге үйге немесе жұмысқа жақындығына қарай, қажетті мамандардың және өзге факторлардың болуына қарап, өздігінен емхананы таңдауға мүмкіндік береді. «Сақтандырылған клиенттердің қызметтеріне қызмет көрсетудің келесі үлгісі ұсынылды: қаланың әр түрлі аудандарында қолайлы орналасқан, қажет болған жағдайда пациентті одан әрі зертханалық-құралдық тексеріске немесе тар шеңберлі маманның кеңес алуына жіберетін, бастапқы қабылдауды отбасылық дәрігер жүзеге асыратын, тікелей қолжетімділіктегі медициналық мекеме», - деп түсіндіреді «Сентрас Коммеск Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Басқармасының төрайымы Гульжан Джаксымбетова.
Сұхбаттасушы ЕМС полисі өз денсаулығына алаңдаушылықты сезінетін немесе қандай-да бір ауруларға бейімділігі бар, сондай-ақ өзі күтетін тиісті медициналық көмекті алғысы келетін кез-келген адамға қажет дейді: «Сақтандырушы емделудің сапасына және көрсетілген қызметтердің көлеміне бақылауды жүзеге асыратынын айта кеткен жөн».
Мәселе бағасы
Медициналық сақтандыру пакетінің құнына үш фактор негізгі әсер етеді:
пакет қандай жолмен алынады – топтық немесе жеке сақтандыру аясында (топтық сақтандыру аясында пакетті алу әдетте арзанырақ);
пакетті толтыру (өтелетін қызметтердің тізбесі үлкен және таңдалған қызметтер бойынша лимиттер жоғары болған сайын ол қымбатырақ болады);
сақтандырылған адамның жасы және оның денсаулығының ағымдағы жағдайы.
«Медициналық сақтандырудың корпоративтік пакеттері бойынша орташа құн бір сақтандырылған адамға 90-100 мың теңгеге жуықты құрайды», - деп нақтылайды «Евразия» ӨСК-нің басшысы.
Негізінен ЕМС өнімдері корпоративтік секторда сұранысқа ие. Бұл ауру жағдайына өз қызметкерлерін сақтандыру әлеуметтік саясаттың ажырамас бөлігі болған ірі шетелдік және отандық компанияларға қатысты. «Өз қызметкерлеріне қамқорлық осы компаниялардағы корпоративтік мәдениеттің жоғары деңгейін білдіреді, бұдан басқа, медициналық сақтандыру дәрігерлерге баруға уақытты азайтуға мүмкіндік береді, қызметкерлердің еңбекке қабілетсіздігімен және еңбекке жарамсыздық парағына ақы төлеумен байланысты шығындарды төмендетеді, сондай-ақ қызметкерлерге өте жақсы ынталандыру ретінде қызмет етеді», - дейді «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің басшысы.
ЕМС полисін қалай таңдаймыз
Медициналық сақтандыру жеке қажеттіліктерге және бюджеттің көлеміне сүйене отырып таңдалады. Әдетте, сақтандыру қымбат болған сайын соғұрлым ол көп алуан түрлі опцияларды құрайды. «Өз қажеттілігіңізге қарай таңдау керек. Егер денсаулықпен проблемалар болмаса, онда неғұрлым бюджеттік түрін таңдауға болады. Ал егер ұдайы қандай-да бір тексерулер мен талдаулар қажет болса, онда неғұрлым кең өтемі бар полис қажет, яғни өзіңіз үшін қызметтер тізімін анықтап алу керек», - дейді Гульжан Джаксымбетова.
Шартты жасасу алдында сақтандырушы денсаулық жағдайы туралы сауалнама толтыруды сұрайды. Жалған ақпарат сақтандыру жағдайы басталған кезде ЕМС шартын жарамсыз деп тануға себеп болуы мүмкін. «Әдетте, ЕМС бойынша стандартты пакетке тәуліктік үйлестіру қызметі, жедел медициналық көмек, амбулаториялық-емханалық көмек, үй жағдайында қызмет көрсету, яғни отбасылық дәрігердің кеңес беруі және медициналық көрсеткіштер бойынша медбикенің үйде қабылдауы, стоматологиялық қызметтер, дәрі-дермектер, профилактикалық тексерулер кіреді», - деп түсіндіреді сұхбаттасушы.
Қосымша қызметтер тізбесіне келесілер кіреді: 1 жасқа дейін балаларды үй жағдайында қабылдау, жүктілікті және босандыруды жүргізу, сауықтыру іс-шаралары және басқасы.
Таңдау
Қазақстанда адамдар жақсы емханаларға, сенімді дәрігерлерге және қызметтің жоғары сапасына қолжетімділікті алу үшін ЕМС полисін сатып алады. Сұхбаттасушылардың сөзінше, әдетте медициналық орталықтардың, емханалардың және сақтандыру компанияларының қарым-қатынастары жақсы ретке келтірілген – ешқандай жанжалдар байқалмайды. «Полисті сатып алған кезде, бірінші кезекте сақтандыру компаниясы қаншалықты сенімді екеніне (жарғылық капиталдың мөлшері, халықаралық рейтинг, пруденциялық нормативтерді сақтау) және ол өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындай ала ма соған назар аудару қажет, сондай-ақ кім медициналық ассистанс болып табылатынына назар аудару керек, себебі медициналық қызмет қаншалықты жылдам және сапалы көрсетілетіні оған байланысты», - деп кеңес береді Гульмира Убегалиева.
«Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің Басқарма төрайымы полисті мұқият оқып шығуды және клиент оның аясында медициналық қызметтерді ала алатын сақтандыру өтеміне назар аударуды ұсынады. «Сонымен қатар, сақтандырумен өтелмейтін, әлеуметтік маңызды аурулармен (туберкулез, АИТВ, созылмалы вирусты гепатит) және қатерлі (онкология) аурулармен байланысты шектеулердің тізімін оқып білу қажет. Онкологиядан сақтандыру – бұл анағұрлым жоғары бағамен жеке бағдарламалар», - деп қорытындылады спикер.
Бұдан басқа, сақтандырудың әрекет етуінің басталуы мысалы АҚЖМС жағдайындағыдай шартты рәсімдегеннен кейін келесі күні емес, 10-14 күннен кейін ғана әрекет ететінін есте сақтаған жөн, осылай сақтандыру алаяқтығы жағдайларына жол берілмейді.
Сурет ашық дереккөздерден