Шетелде зейнетақы аннуитетті жиі «зейнетақы жоспары» деп атайды. Мұндай сақтандыру шарттарының басты артықшылығы – зейнеткерлік жасына жеткенге дейін ай сайынғы аннуитеттік төлемдерді алу мүмкіндігі. «Артықшылығы – зейнетақыны заңнамамен белгіленген мерзімнен бұрын алу мүмкіншілігінде. Адам БЖЗҚ-ға зейнетақыны жинауды жалғастырып, жұмыс істеп жүре алады және сақтандыру компаниясынан төлемді ала алады», - дейді Сентрас Коммеск Life-тың басқарма төрайымы Гульжан Джаксымбетова.
Зейнетақы аннуитеттерінің тағы бір шүбәсіз артықшылығы – бұл инфляциялық
тәуекелдердің төмендеуі. Мысалы, БЖЗҚ зейнетақылардың индекстеуін келтірмейді, ал
сақтандыру компаниялары жыл сайын аннуитеттік төлемдерді индекстейді. «Бұдан басқа,
зейнетақы аннуитеті бірден үш көзден зейнетақы төлемдерін алу мүмкіншілігін береді:
зейнеткерлік жасына жету бойынша (егер 1998 ж. дейін өтілім болса); сақтандыру
компаниясымен шарт бойынша аннуитеттік төлемдер және зейнеткерлік демалысқа шығу
сәтіне дейін зейнетақы аннуитет шартын жасасқаннан кейін қалыптастырылған, БЖЗҚ-
дан төлемдер», - деп түсіндіреді Халык-Life –тың басқарма төрағасының орынбасары
Андрей Джексембаев.
Мұндай зейнетақыны адамдар өмір бойы алады. Сонымен қатар, шарттар мұрагерлерді шығармайды. «Айта кететінім, БЖЗҚ-дан айырмашылығы өмірді сақтандыру бойынша компания егер адам өз жинақтарының барлық сомасын бітірген болса, ол жағдайда да өмір бойлық төлемдерге кепілдік береді, - дейді «Евразия» ӨСК-ның басқарма төрағасының орынбасары Ольга Маслова. Шартқа төлемдердің кепілдендірілген мерзімі опцияларын қосу сақтанушының мұрагерлеріне немесе шартта көрсетілген тұлғаға оның аяқталуына дейін сақтандыру төлемдерін алуға рұқсат береді».
Кепілдендірілген мерзім – адам тірі болу немесе қайтыс болуына тәуелсіз, аннуитеттік төлемдер жүзеге асырылуы тиіс мерзім ішінде, шарт күшіне енген күннен бастап есептелетін мерзім. «Мысалы, егер шартта кепілдендірілген мерзім 15 жыл деп көрсетілсе, бірақ зейнетақы аннуитет шартын жасағаннан кейін үш жылдан кейін клиент қайтыс болса, онда тағы 12 жыл төлемдерді құжатта көрсетілген мұрагерлер алады», - деп нақтылайды Андрей Джексембаев.
Зейнетақы аннуитетін қалай және қашан сатып алуға болады
Зейнетақы аннуитетін рәсімдеу БЖЗҚ-да жинақтардың жеткіліктігі кезінде 2020 жылы әйелдерге 51,5 жастап бастап (2021-де 52 жастап бастап), ерлерге 55 жастан бастап қолжетімді. Мысалы, бірінші қаңтардан бастап БЖЗҚ-да жинақтардың минималды сомасы әйелдер үшін - 52 жаста 16 060 836 теңгені, ерлер үшін - 55 жаста 11 984 613 теңгені құрайды. «Зейнетақы аннуитетін сатып алу өмірді сақтандыру компаниясының штаттағы қызметкерлерінен ғана жүзеге асырылуы тиіс, зейнетақы аннуитеттерін агенттер немесе делдалдар арқылы сату заңнамамен тыйым салынған. Зейнетақы аннуитеттерін сатушылардан олардың өмірді сақтандыру компаниясының қызметкерлері болып табылатыны туралы растама талап етіңіз», - деп кеңес береді Ольга Маслова.
Сондай-ақ, осы сақтандыру өнімін сатушыдан болашақ клиентке өмірді сақтандыру компаниясы туралы толық ақпарат алу қажет, себебі оның қаржылық тұрақтылығынан сіздің он жылдықтар алдыға аман-есендігіңіз байланысты. «Салымшыға, сонымен қатар, шартты бұзу оның ғана бастамасы бойынша және оны жасасқан күннен бастап екі жылдан бұрын болмайтынын білуі қажет. Сақтандыру сыйлықақысының қалдығы (ауыстырылған жинақтар) бұзған кезде БЖЗҚ-ға немесе клиентке қайтарылмайды, жаңа сақтандыру шарты болған кезде басқа ӨСК-ға ғана аударылады», - дейді Гульжан Джаксымбетова.
Адам қаражатты өмірді сақтандырушыларға сеніп тапсыру арқылы, әдетте тәуекелге бармайды, бірақ сарапшылар ӨСК-мен қосымша зейнетақы туралы шартты жасасу алдында, сіз оған сеніп тапсыратын ақшаны компания қайда салуға жоспарлайтынын түсіну үшін, оның инвестициялық мағлұмдамасын зерделеуге кеңес береді.
Сақтандырушылар мұндай ақпаратты ашуға міндетті емес, бірақ оны істей алады.
Сурет ашық дереккөздерден