bs-preloader__icon
ru kz en

Проблемалы эмитенттер БЖЗҚ 80,7 млрд теңгеден астам соманы қарыздар

LS ресми сұратуына қатысты жауапта зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 20 қазанында қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіретін және дефолтқа жол берген 19 эмитентке қатысты қарызды өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде деп хабарлады.
Проблемалы эмитенттер БЖЗҚ 80,7 млрд теңгеден астам соманы қарыздар

«Олардың бағалы қағаздардың номиналды құны бойынша міндеттемелерінің сомасы 77,3 млрд теңгені, ал банктердегі салымдарға қатысты негізгі қарыз бойынша – 3,3 млрд теңгені құрайды. Жалпы берешек сомасы 80,7 млрд теңгеден асады», – деп нақтылады БЖЗҚ.

Қор борышкерлерді шартты түрде үш топқа бөлді:

1. Оларға қатысты оңалту процедурасы қолданылған эмитенттер: («Роса» – 250 млн теңге, «Қазақстан қағазы» – 12,1 млрд теңге және «Имсталькон» – 3,3 млрд теңге). Берешек – 15,7 млрд теңге.

2. Оларға қатысты кінәрат-қуыным жұмысы/атқару өндірісі жүзеге асырылатын эмитенттер: «Альтернативные Финансы» – 130 млн теңге, «РЭМИКС-Р» – 103,15 млн теңге, «Казнефтехим» – 2,4 млрд теңге, «Астана-Недвижимость» – 970,8 млн теңге, «Комбинат стройматериалов и конструкций-2» – 46,11 млн теңге, «Өрнек XXI» – 45,9 млн теңге, Mineral Resourses of Central Asia – 1,2 млрд теңге, «ТЕМА Ко» – 211,05 млн теңге, HOMEBROKER – 2,4 млрд теңге, ГОК «Төрт-Құдық» – 489 млн теңге, «АПК-Инвест» корпорациясы» –5 млрд теңге дерлік, «ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ» холдингі – 31,1 млрд теңге. Берешек – 44,1 млрд теңге.

3. Оларға қатысты банкроттық / мәжбүрлеп тарату процедурасы жүзеге асырылатын эмитенттер, соның ішінде:

- номиналдық құны бойынша берешектің сомасы 17,5 млрд теңгені құрайды. Олардың ішінен: Валют-Транзит-Банк – 2,8 млрд теңге, GLOTUR – 1,7 млрд теңге, Эксимбанк Қазақстан –13 млрд теңге дерлік;

- банктердегі салымдар бойынша қарыздар сомасы 3,3 млрд теңгеден асады, олардың ішінен: Валют-Транзит-Банк – 2,3 млрд теңге, Qazaq Banki – 1,05 млрд теңге. Жалпы алғанда 20,8 млрд теңге.

Сонымен бірге, көрсетілген проблемалық эмитенттердің басым көпшілігі бойынша міндеттемелер 2006 бастап 2013 жылға дейін, ал жеке зейнетақы қорлары сатып алған активтер бойынша міндеттемелер, – 2005 бастап 2010 жылға дейін қалыптасты.

БЖЗҚ алдында өтелген берешектің жалпы сомасы 23,9 млрд теңгені құрады. Соның ішінде: 2014-2016 жылдары – 1,4 млрд теңге, 2017 жылы – 1,2 млрд теңге, 2018 жылы – 14,8 млрд теңге, 2019 жылы – 4,5 млрд теңге, 2020 жылдың 10 айы ішінде– 1,8 млрд теңге.

Қорда БЖЗҚ бұрынғы төрағасы Ерденаев Русланның және «Бузгул Аурум» ісі бойынша 5 млрд теңгені қайтару туралы мәселеге қатысты да түсініктеме берді. Алынған ақпаратқа сәйкес 20 қазанындағы жағдай бойында БЖЗҚ 889,3 млн астам теңге аударылды.

«Қалған қарыз 4,1 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, 30 шілде 2020 жылы Медеу аудандық соты сотталған тұлғалардан және «Бузгул Аурум» ортақтас күйде 1,7 млрд теңге мөлшеріндегі келтірілген шығын сомасын қосымша түрде өндіріп алу туралы шешім шығарды. Бүгінгі күнде соттың осы шешімі оған апелляциялық шағым түсіру мерзімі бар екендігін ескере отырып, заңды күшіне енген жоқ», – деп БЖЗҚ нақтылады.

Ақпарат көзі: https://lsm.kz/problemnye-enpf
Ашық ақпарат көздерінен алынған фотосуреттер

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Балмұздақты қалай жеуге болады
Балмұздақты қалай жеуге болады

Гастроэнтеролог Наталья Шульга асқазан-ішек ж...

Неліктен өмірді долларлық сақтандыру – дағдарыс кезінде тиімді салым
Неліктен өмірді долларлық сақтандыру – дағдарыс кезінде тиімді салым

Сарапшылардың бағалауы бойынша, жыл басынан т...

Өмірді сақтандыру полисін сатып алу: сегіз қадам
Өмірді сақтандыру полисін сатып алу: сегіз қадам

Егер сіз бұрын ешқашан жасамаған болсаңыз, өмі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру