bs-preloader__icon
ru kz en

Қаржылық тәуелсіздікке бес қадам

Өз бюджетіңізді қалай дұрыс бақылау қажет? Жинақтарды қайда сақтаған жақсы – банкте немесе өмірді сақтандыру компаниясында? Инвестициялық сақтандыру қандай табыс әкеледі? Бұл туралы біз қаржы нарығының кәсіпқойларынан айтып беруді сұрадық.
Қаржылық тәуелсіздікке бес қадам

Бостандық сезімін сезініп, жалақыға дейін қанша ақша қалғанын ойламауды барлығы қалайды. Бірақ барлығы үлкен болмаса да капитал құра алмайды, оның орнына қиын өмірге немесе жұмыс берушіге шағымдануды қалайды.

Қанша жинау қажет

Жақындарыңызға немесе ай бойы жұмысқа тәуелді болмас үшін қанша ақша керектігін есептеңіз. Алынған соманы алтыға көбейтіңіз: бұл ақша егер ауырып қалсаңыз немесе қызметкерлерлі қысқартуға тап болсаңыз, жарты жылға қаржылық қауіпсіздік болады. Артық ақша азырақ болуы мүмкін: өзіңізді сенімді және жайлы сезіну үшін қанша ақша қажет екенін ойланыңыз. Сіздің ақырғы сомаңыз болған кезде – бұл сіздің бірінші қадамыңыз, сіздің мақсатыңыз.

Бақылаудағы бюджет

Тіпті жоғары табысты да бір кеште немесе бірнеше күн демалыста жұмсап тастауға болады. Ақшаны бақылауда ұстау үшін, үнемдей бастауды қажет және оларды ойланбастан құртуды тоқтату керек, кредиттерді оңтайландыру қажет, ал оларды алмаған тіпті жақсы, дүкендердің сайттарында отырмас үшін және сілтемелерден өтпес үшін барлық жарнама жіберілімдерін өшірген дұрыс.

Бюджетті енгізу де қиын емес: блокнот немесе қосымша арнау қажет, және қаржылық көрініс болу үшін барлық табыстар мен шығыстарды жазып отыру керек. Әдетте, олардан оңай бас тартуға болатын шығындар табыстың бүткіл көлемінен 10—15%-ды құрайды. Бұл таксиде артық жол жүру (уақыт пен ауа-райы жаяу жүруге қолайлы болғанда), күнделікті кофе сатып алу және т.б. болуы мүмкін.

Қосымша жұмыс

Сіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратын табыссыз жинауды бастау қиын болады, ал инвестициялау одан да қиын. Біз инвестицияларға тез баю тәсілі ретінде емес, капиталды сақтау және көбейту тәсілі ретінде қараймыз.

Өзіңіздің жұмыс міндеттеріңізді талдаңыз – қай бағытта жақсырақ бола аласыз, қандай қосымша білімді ала аласыз? Кейбіреулер демалыс күндері торт жасай алады немесе кесте тіге алады. Бірінші өнімді таныстар, достар, туыстар арқылы оңай іске асыруға болады, ал әлеуметтік желілер шағын бизнеске импульс береді.

Алғашқы жинақтар

Табыстың бөлігін қалдыру – сәтті қаржылық стратегияда ең бастысы. Жинауды бастамасаңыз – ешқашан пассивті капитал сізге жұмыс істейтініне қол жеткізбейсіз және әрдайым жұмыс істеуге және сыртқы жағдайларға тәуелді болуға мәжбүр боласыз.

Жинақтарды пайдалану қызығушылығы аз болған сайын, соғұрлым жақсы. Жинақтарды кемірек қолжетімді жасаған маңызды: оларды валютада немесе жеке картада не банк депозитінде сақтаған дұрыс. «Көп адамдардың тәжірибесі көрсеткендей, ай сайынғы табыстан шамамен 10%-ды қалдырып отырған жақсы. Бұл сондай ауыр емес, және бірнеше айдан кейін біршама соманы жинауға болады. Тіпті сіздің айлығыңыз миллион теңге болмаса да. Егер мүмкіншілік болса, кейбір айларда көбірек қаражат қалдыруға болады. Мысалы, үш айда бір рет – табыстан 15–20%. Айдың аяғында сізде бірдеңе «қалуын» күтпеу қажет, жинақтарға арналған соманы бірден қалдыру қажет. Бұл тәсілдің артықшылығы, сіз осы 10%-дың жеткіліксіздігін байқамай да қаласыз, ал ақша сақталады», - деп кеңес береді қаржы талдаушысы Руслан Сундетов.

Жинақтар үшін өнімді таңдау

Ұлттық Банк жылдың аяғына қарай инфляция 15%-ға жетуі мүмкін екенін жариялады. Банктер дәл сондай пайызға немесе одан аз ұзақ мерзімді депозиттер (бірнеше жылға) ұсынады. Бұл жинақтардың ұлғаймайтынын білдіреді. Айтпақшы, шетелдегі банктер де жоғары пайыздарды ұсынбайды. Дамыған елдердің тұрғындарының басым бөлігі жинақтаушы немесе инвестициялық сақтандыруды алады. Сонымен, Батыста көп жылдар бойы Unit-linked (инвестициялық сақтандыру) жұмыс істейді, және бұл өнімнің үлесі әрдайым өсуде. «Инвестициялық сақтандырудың өнімдері қор нарықтарының нәтижелеріне тәуелді, және неғұрлым табысты, себебі олардың табыстылығы нарықтық жағдайларға байланысты. Алайда, олар бойынша тәуекелдерді клиент сонымен қатар өзіне алады. Олар былай жұмыс істейді: клиент төлейтін сақтандыру сыйлықақысының бөлігі өмірді сақтандыруға жұмсалады, ал қалған бөлігі клиенттің таңдауы бойынша, оның тәуекелге тәбетіне байланысты нарықта инвестициялық портфельдерге инвестицияланады», - дейді «Nomad Life» ӨСК»-нің басқарма төрайымы Аида Камысова.

Zoloto Nomadov Invest (Unit linked) – бұл өнімде сақтандыру сыйлықақысы екі бөліктен тұрады: 10% - сақтандыру мерзіміне байланысты 2,6%–3,41% кірістіліктің кепілдендірілген мөлшерімен, мұнда инвестициялық деңгейдегі еврооблигациялар қамтамасыз ету болып табылады, 90% - ірі индекстік қорларға инвестицияланады және пассивтік инвестициялық бағыттар болып табылады. «Айта кетейін, клиент өз арсеналында инвестициялаудың 10 бағытына ие. Инвестициялық портфельдер арасында ол өз жинақтарын өте қысқа мерзімде (бірнеше күндер ішінде) ауыстыра алады, сонымен қатар өз тілектеріне сәйкес бірнеше түрлі бағыттарға инвестициялай алады», - деп нақтылайды Аида Камысова.

Тұрақты кірістілікті жинақтаушы сақтандыру өнімдері арқылы алуға болады. Өмірді сақтандырудан бөлек, клиент шартты жасаған кезде тіркелген, кепілдендірілген табысты алады. Өнім клиентке тәуекелді жүктемейді, себебі барлық инвестициялық тәуекелдерді сақтандыру компаниясы өзіне алады. Клиент сақтандыру сыйлықақысын теңгеде төлейді, ол ағымдағы бағам бойынша шетелдік валютада есепке алынады. «Ақшаны валютаның құнсыздануынан қорықпай, 3 жыл және одан артық мерзім жинауға болады. Шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін төлемдер валюталық бағамға индекстеумен жүргізіледі. Валюталық салымдар бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі 1%-дан аспайтын банктік депозиттерден айырмашылығы, сақтандырудың жинақтаушы өнімдерінде олар әлдеқайда жоғары. Zoloto Nomadov және Capital сақтандыру өнімдері банктік салымдарға және ҮИҚ-ға балама ретінде кепілдендірілген мөлшерлемемен валютада жинақтарды иеленгісі келетін, консервативті клиенттерге жарамды. Өнімдер бойынша міндеттемелердің қамтамасыз етілуі инвестициялық деңгейдегі облигациялар болып табылады. Zoloto Nomadov-тің кепілдендірілген мөлшерлемесі жылдық 2,6%–3,41%-ды құрайды және жинақтау мерзіміне байланысты. Егер «алтын» өнім неғұрлым жоғары табысы бар клиенттерге бағытталса, Capital әрбір жұмыс істейтін адамға қолжетімді. Жылдық жарна 100 ш.б. бастап, жыл сайынғы кепілдендірілген мөлшерлеме 2%-дан бастап. Сонымен қатар, клиент сақтандыру жарналарының кезеңділігін өздігінен анықтайды: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жылына бір рет», - деп қорытындылайды «Nomad Life» ӨСК» басшысы.

Nomad Life-тан Zoloto Nomadov Invest және Capital бағдарламалары бойынша жинақтаушы сақтандыру полистерін онлайн сатып алуға болады. Жеке кабинетте клиент өз жинақтарының жағдайын бақылай алады, өз шартының талаптарын өзгертуге бастамашылық жасай алады, ақшалай қаражатын шеше алады және басқа операциялар жасай алады.

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру