bs-preloader__icon
ru kz en

Беларусьтің зейнетақы жүйесі

Беларусьте 2,5 млн зейнетақы алушылар бар. Зейнетақыны белгілі бір жасқа жеткен кезде ғана емес, сонымен қатар басқа шарттардың бірқатары басталған кезде, мысалы мүгедектік немесе асыраушыдан айырылған кезде алады. Беларусьтің Ұлттық Банкінде елде зейнетақының қандай түрлері бары туралы айтты.
Беларусьтің зейнетақы жүйесі

Барлық зейнетақыларды үлкен екі топқа бөлуге болады – еңбек және әлеуметтік. Еңбек зейнетақысы қажетті сақтандыру және/немесе жалпы өтілі барларға тиесілі. Әлеуметтік – қажетті өтілі жоқтарға арналған. Тиісінше, айырмашылықты түсіну үшін алдымен сақтандыру және жалпы өтілі ұғымдарын түсініп алған маңызды.

Сақтандыру өтілі – адам Беларусьтің Әлеуметтік қорғау қорына міндетті сақтандыру жарналарын жасаған кезең. Мұндай жарналар міндетті түрде барлық жалдамалы қызметкерлермен жасалады: 1% тікелей қызметкердің жалақысынан аударылады және 34% қосымша жұмыс беруші аударады. Барлығы жалданып жұмыс істейтін әрқайсысының атынан ай сайын есептелген жалақыдан ХӘҚҚ-ға 35% енгізіледі. ХӘҚҚ-ға жарналарды жеке кәсіпкерлер де жасайды – оларлың мөлшерін олар өздігінен анықтауға құқылы, бірақ бәрібір бұл Беларусьтің есеп жылына белгілеген, ең төменгі жалақыдан 35%-дан кем болмауы тиіс.

Азаматтардың кейбір санаттары – мысалы, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың – ХӘҚҚ-ға жарналарды жасау міндеттемелері жоқ, бірақ бұл оларға сонымен қатар тыйым салынбаған. Осылайша, олар бүгінгі күні ақшаның кейбір бөлігін үнемдеу ме немесе жарна жасап, сол арқылы өзіне сақтандыру өтілін жинау ма өздері анықтайды. Сақтандырудан бөлек, жалпы (еңбек) өтілі ұғымы бар. Оған сақтандыру өтілі (яғни, адам ХӘҚҚ-ға жарналарды жасаған кезең) плюс адам осындай жарналарды дәлелді себептермен жасай алмаған кездегі кезеңдер кіреді. Мысалы, ЖОО-да оқу, әскерде қызметте болу, декреттік демалыс. Мысалы, әйел адам 15 жыл жалданып жұмыс істеді, 6 жыл декретте болды, ал оған дейін – 5 жыл университетте жоғары білімді алды. Демек, оның сақтандыру өтілі 15 жыл, ал жалпы (немесе, өзге сөзбен еңбек) өтілі – 26 жыл. Адам қанша жыл сақтандыру немесе жалпы өтіл жинағанына байланысты, оған еңбек немесе әлеуметтік зейнетақы тағайындалады. Және шын мәнісінде зейнетақының осы екі түрлері арасында өте үлкен айырмашылық бар – еңбек зейнетақысы сезінерлік жоғары.

Жасы байланысты еңбек зейнетақы

Мұндай зейнетақы 63 жасқа жеткен ерлерге және 58 жасқа жеткен әйелдерге тағайындалады. Бұл ретте жалпы еңбек өтілі (бұл әскер, декрет, мектептен кейінгі білімді алуды ескеріп) ерлер үшін 25 жылдан және әйелдер үшін 20 жылдан кем болмауы керек, ал сақтандыру өтілі (адам ХӘҚҚ-ға жарналарды жасаған кезең) – 2022 жылға жағдай бойынша кемінде 18,5 жылды құрауы тиіс. 2025 жылға қарай қажетті сақтандыру өтілі 20 жылға дейін өседі, қазір бірнеше жыл бұрын өткізілген реформаның аясында оны әрбір жылы 6 айға ұлғайтады. Барлық үш шарттарды (белгілі бір жасқа жету, қажет жалпы өтілдің болуы, қажет сақтандыру өтілінің болуы) сақтаған кезде адам жасына байланысты еңбек зейнетақысын ала алады, оның мөлшері ХӘҚҚ-ға жасалған аударымдар сомасына тәуелді, қарапайым сөзбен айтқанда өткендегі жалақыға байланысты.

Беларусьтегі әлеуметтік зейнетақылар

Қартайған кезге, ауруға немесе басқа жағдайларға байланысты өзін өзі қамтамасыз ете алмайтындар, бірақ бұл ретте қажет еңбек және сақтандыру өтілі жоқтарға әлеуметтік зейнетақы қарастырылған. Еңбек, зейнетақылардан айырмашылығы, мұндай зейнетақылардың мөлшері өткендегі жалақы деңгейіне тәуелді емес, ол ең төмен күнкөріс бюджетінің мөлшеріне сүйене отырып белгіленеді. Зейнетақының түрлері бұл жерде еңбек зейнетақыларының тобындағыдай: жасы бойынша, мүгедектік бойынша, асыраушыдан айырылу бойынша және т.б. Айырмашылық төленген сомаларда ғана болады. Мысалы, егер адам зейнетақы жасына жету сәтіне қажет өтілді жинамаса, оның жасына байланысты зейнетақысы соңғы екі тоқсанға халықтың жас басына шаққанда орташа ең төмен күнкөріс бюджетінің ең жоғары деңгейінен 50%-ды құрайды.

Дереккөзі: http://fingramota.by/ru/guide/practical/vidy-pensii

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Адамның мүмкін болатын ең үлкен жасы - тіпті 100 жас емес
Адамның мүмкін болатын ең үлкен жасы - тіпті 100 жас емес

Өмір 40-тан кейін ғана басталады деген белгілі ...

Ғалымдар өмірді ұзарту жолдарын іздестіруде не істеді
Ғалымдар өмірді ұзарту жолдарын іздестіруде не істеді

ХІХ ғасырдың басынан бастап орташа өмір сүру ұ...

Қазақстандықтардың жалақысы төмендеген – ұлттық статистика бюросы
Қазақстандықтардың жалақысы төмендеген – ұлттық статистика бюросы

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынш...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру