«Швейцарияда мемлекет салымдарының 70% пайызы — бұл өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру (он жылға жаәне одан көп). Бұл қомақты ақша, және олар дұрыс инвестицияланады. Бұның келешегі зор», - дейді Бүкіл ресейлік сақтандырушылар одағының президенті, Ресейлік сақтандырушылар одағының президенті Игорь Юргенс.
Сыйақылардың жыл сайынғы мөлшері жан басына шаққанда шамамен 7100 CHF (әлеуметтік қамтамасыз етуге жарналарсыз тек тікелей сақтандыру ескеріледі) құрайтын Швейцарияда сақтандыру қорғаудың деңгейі әлемде ең жоғары болып табылады.
Швейцарияның сақтандыру секторы көп жағдайда бірегей болып табылады. Әлемде ең көне секторларына жатпаса да, оның бұрынғы дәстүрлері бар, және ең сенімді сақтандыру секторының бірі болып аталуға лайық. Бірде бір сақтандыру компаниясы әлі де банкрот болмады және өз міндеттемелерін орындаудан бас тартпады. Ал сақтандыру бизнеске жүргізілетін қатаң қадағалау Швейцарияны сақтандырудың ең ірі орталығының бірі атағын сақтайды.
Сақтандыру индустриясы – швейцарлық экономиканың маңызды бөлігі. Дамыған нормативтік-құқықтық база клиенттер мен бенефициарлардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Швейцарлық сақтандыру компанияларының полистерінің ұстаушыларына сенімді қорғау қамтамасыз етілген; олардың құқықтары басқа елдерге қарағанда, қырағы түрде қорғалады. Сектордың артықшылықтарына белгілі бір салық жеңілдіктерін де жатқызуға болады, бірақ ең басты артықшылық бұл ұзақ жылдар бойы жинақталған кәсіби мол тәжірибесі мен білімдер қоры.
Швейцариядағы өмірді сақтандыру полисі жеке, сондай-ақ ұжымдық бола алады. Жергілікті сақтандыру компаниялары ұсынатын өмірді сақтандыру полистері швейцарлық конституцияда белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас бөлігі бола тұра, өлім мен еңбекке жарамсыз болған жағдайда, қарттық бойынша қорғауды қамтамасыз етеді. Жүйенің негізін зейнеткерлік қамтамасыз ету, асыраушысынан айырылу кезіндегі төлемдер және міндетті, сондай-ақ ерікті зейнеткерлік жоспарлар шеңберінде қарастырылған еңбекке жарамсыз болу бойынша жәрдемақы құрайды.
Швейцарияда өмір сүретін немесе жұмыс істейтін әрбір азамат қарттық бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда сақтандыру, сонымен қатар әлеуметтік қорғаудың швейцарлық жүйенің алғашқы бөлігі болып табылатын еңбекке жарамсыз болған жағдайда сақтандыру бағдарламалары бойынша міндетті сақтандыруға жатады. Сондай-ақ жалдау бойынша жұмыс істейтін барлық адамдар Швейцарияда әлеуметтік сақтандыру бағдарламасына енгізілген. Кәсіби зейнеткерлік сақтандыру, асыраушысынан және еңбекке жарамсыз болған жағдайда сақтандыру туралы федералды заң жәрдемақыларының ең төмен мөлшерін белгілейді. Жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы заңымен бірге ол әлеуметтік қорғау жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Жеке тұлғалар өмірді сақтандырудың байланысқан полисін (банктік салымдар бағдарламасы бойынша) немесе сақтандыру қорғаудың өзге түрлерін (үшінші бөлік) және жинақтаушы бағдарламаларын (өмірді сақтандыру, банктік салымдар және т.б.) таңдап алып, қосымша сақтандыру қорғауға қол жеткізе алады.
«Байланысқан» термині салық жеңілдіктерін қамтамасыз ете отырып, мұндай өнім белгілі бір шектеулерге бағынатындығын білдіреді. Басқаша айтқанда, сақтандырудың бұл түрі тек қана зейнеткерлік төлемдерді көздейді.
Кәсіби зейнеткерлік қамтамасыз ету шеңберінде әрбір жұмыс беруші сақтандырудың және зейнеткерлік қамтамасыз етудің жеке жүйесін ұйымдастыруға міндетті, бұл ретте сақтандырудың ең төменгі сома федералды заңмен қарастырылған. Жеке кәсіпкерлер де кәсіби сақтандыру жоспар аясында сақтандыру шартын жасай алады.
Өмірді жеке сақтандыру жеке қажеттіліктеріне сәйкес экономикалық тәуекелдерден өзін сақтандыруға мүмкіндік береді. Жеке байланысқан немесе ерікті бағдарламалар туралы сөз болса да, сақтандыру орнын толтыру клиенттің жеке қажеттіліктерінің сипатымен анықталады және оның тілегін ескереді.
Өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялар мен ұйымдар жеке тұлғаларға тәуекелдің үш санаты бойынша қорғауды ұсынады:
1) сырқаттың немесе жазатайым оқиға салдарынан орын алған өлім (асыраушысынан айырылған тұлғаларға капиталды төлеу немесе зейнетақыны тағайындау түрінде жәрдемақылар);
2) сырқат немесе жазатайым оқиға салдарынан еңбекке жарамсыз болу (күнделікті жәрдемақы немесе зейнетақы төлемдері түрінде төлем, кейде капиталды төлеу түрінде);
3) полис ұстаушысының қартайған кезі (мұрагерлікпен алу кезіндегі бір жолғы төлемдер немесе уақытша немесе өмір бойы зейнетақы төлемдері).
Аралас сақтандыру
(жарналарды өмір бойы төлеуді сақтандырумен өмірдің шегіне дейін жетуді сақтандыру)
Аралас сақтандыру қарттық пен асыраушысынан айырылып қалу жағдайында біріктірілген сақтандыру (яғни сақтандырылған тұлға қайтыс болған жағдайда жиналған қордың сақталуын және жәрдемақысының төленуін қамтамасыз ететін сақтандыру) қорғауды ұсынатын өмір бойы жинақтау сақтандырудың кең тараған түрлерінің бірі. Сақтандыру шарты белгілі бір жасқа дейін өмір сүруді немесе 80 000 CHF құрайтын полистің номиналды құны бойынша жасалады және 65 жасқа жеткенше жиналған бонустар мен дивиденттермен бірге төленеді. Егер сақтандырылған тұлға осы жасқа жетпей қайтыс болса, оның капиталы, бонустарды қоса алғанда, өсиетнамада көрсетілген бенефициарларға тез арада төленеді.
Салықтар
Өз қаражатын швейцарлық сақтандыруға инвестициялайтын шетел азаматтары үшін салық мөлшері, әдеттегідей төмен немесе тіптен жоқ. Олардың өсуіне немесе Швейцариядан оларды алып кетуге көбінесе салық салынбайды.
Сақтандыру полистері бойынша табыстар мен дивидендтер салықтан босатылады. Өйткені басқа жағдайларда мұндай салық өте жоғары болады (35 %-ға дейін), бұл қаражатты швейцарлық банктік депозиттерге немесе мемлекеттік облигацияларға салғаннан гөрі, швейцарлық сақтандыруға инвестицияларды тартымды етеді.
Швейцарлық сақтандыру компаниялар салықтық билікке полистердің ұстаушылары туралы ақпаратты ұсынуға тыйым салынған. Оның үстіне бұл елде сақтандыру компаниялары мен банктердің клиенттеріне қатысты кез келген ақпараттың жариялануы заңмен қатаң түрде қадағаланады. Ақпарат тек белгілі бір жағдайлар туындағанда, ең алдымен, қылмыстарды ашу, ақшаны жылыстауы, терроризмді қаржыландыру және т.б. жағдайларында беріледі. Егер ақпаратты шетел үкіметі немесе салық органдары сұратса, бұдан да қатаң ережелер қолданылады: шетелдік органдар қатыстырылған тараптардың құқықтарын қорғайтын швейцарлық заңнама шегінде әрекет етуі тиіс.
Швейцарлық қаржы институттарына, оның ішінде сақтандыру компанияларына салынған капитал туралы хабарлау міндеттемесі тек қана инвесторларға жүктеледі.
Жарналарды өмір бойы төлеумен бірге сақтандыру
(сақтандырылған тұлға қайтыс болған жағдайда жәрдемақыны төлеу)
Жарналарды өмір бойы төлеумен сақтандыру кезінде сақтандыру сыйақы бір рет немесе тұрақты төлемдер түрінде табыс ретінде (егер сақтандырылған тұлға сақтандыру шартының мерзімінен бұрын қайтыс болса, бенефициарға төленеді) төленеді. Сақтандыру шешімдерінің бірнеше нұсқалары бар – барлығы да сақтанушы тұлғаның қажеттіліктері мен тілектеріне байланысты болады (мысалы, үдемелі немесе құлдыраушы құнымен өмірді мерзімді сақтандыру). Сақтандыру сыйлықақылар тіркелген немесе ауыспалы болуы мүмкін, яғни қайта-қайта қарастырылуы мүмкін (әдеттегідей, олар сақтандырылған жастың ұлғаюымен байланысты өлім тәуекелінің өсуін ескере отырып, жыл сайын қайта есептелінеді)
Зейнетақы аннуитеттер
Сақтандыру сыйлыақыны бір рет төлегеннен гөрі, сақтанушыға өмірдің аяғына дейін өмір бойы табысты қамтамасыз ете алатын тұрақты зейнетақы төлемдерін қарастыруға болады. Әдетте зейнетақы аннуитеттер асыраушысы қайтыс болған асырауындағы адамдар үшін сақтандыру қорғаумен толықтырылады. Сонымен қатар екі тұлғаға шартты жасасуға болады – мұндай полис бойынша төлемдерді екі сақтанушы (мысалы, жесір әйел күйеуі қайтыс болған соң зейнетақыны толық мөлшерде алуды жалғастырады) – немесе табыс түрінде төленген сақтандыру сыйылықақыдан басқа барлық сыйлықақылар бенефициарларға пайызсыз (ақшаны қайтарып алу кепілдігемн аннуитет) өтеледі (асыраушысынан айырылған асырауындағы тұлғалар).
Аннуитет жайында ойлану ешқашан кеш болмайды. Зейнетақы табысының сомасы, әдетте, жоғары болады, егер сақтанушы төлемдерді кейінірек алатын болса. Бұл ретте қосымша құн салығымен өзін-өзі қаржыландыратын зейнетақы табысының 40 % пайызына ғана салық салынады.
Еңбекке жарамсыз болған жағдайда табыстарды сақтандыру
Егер ауру немесе жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда ақшалай жәрдемақы шектелген мерзім ішінде төленеді (бұл ретте өмірде ақша табуға кедергі болатын және еңбек табысынан айырылуға әкеп соқтыратын еңбекке жарамсыз болу туралы айтылады), мүлдем еңбекке жарамсыз болу жағдайында, әдетте, 65 немесе 63/64 жасқа дейін (яғни федералды зейнетақы қамтамасыз ету – қарттық және асыраушысынан айырылу бойынша сақтандыру бағдарламасы бойынша төлемдерді алғанға дейін) өтемақылы төлемдерді қамтамасыз етеді.
Сақтандырудың өзге түрлері
Негізгі бағдарламалардан басқа сақтандыру компаниялары өмірді сақтандыру бойынша көптеген өнімдерді ұсынады, оның ішінде:
• белгіленген мерзімде бірнеше төлемдерді қамтамасыз ететін сақтандыру полистері (белгілі бір жасқа жеткенге дейін төлемдермен жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары);
• кәмелеттік жасқа жетпеген балаларды сақтандыру (белгілі бір жасқа дейін оқуды қаржыландыру үшін сақтандыру);
• инвестициялық құрамдас бөлігімен немесе индекстерге жалғастырумен сақтандыру полистері (өмірді сақтандыру полистері, олардың табыстары тиісті қордағы пай құнына немесе индекс бағамына байланысты болады);
• полисті ұстаушыға сақтандыру мерзімі бойы полис валютасын өзгертіп отыруға мүмкіндік беретін айырбас сақтандыру полистері).
Мақсатты тобы 50+
Біздің заманда қарт адамдар алдынғы бундарға қарағанда денсаулығы жағынан мықтырақ, байырақ және белсендірек. Бұл сақтандыру компаниялары үшін аса тартымды мақсатты топ болып табылады. Қарттар үшін сақтандыру өнімдердің нарығы 50+ буыны сияқты да, біркелкі емес, көптеген сақтандыру компаниялары осындай клиенттер үшін өнімдерді дайындауда.
50+ клиенттері үшін сақтандыру схемалары болашаққа бағдарлау емес, қазіргі кездегі өмір деңгейін қолдауға және жақсартуға бағытталған. Адамдарға зейнетке шыққаннан кейін көңіл жетпейтіні анық, оның үстіне тәуекелден қорғануға қажеттілік жас келген сайын арта түседі. Қарт адамдар өзің сақтандыру агенттерімен жеке байланысқа шығып, жаңа сақтандыру өнімдер туралы ақпаратқа қызығушылық танытады. Өкінішке орай, сақтандырудың кейбір сегменттерінде жұмыс істеу үшін клиенттік порталдарды және Интернет желісін пайдалану ұмытылысы 50-ден асқан адамдардың қажеттіліктері мүлдем ескерілмеген. Жаңа технологияларды белсенді пайдаланылу жастау клиенттерге бағытталған сияқты.
Шолулардың бірінде сақтандыру компанияларының 36 % 50-ден жоғары клиенттердің қажеттіліктерін ескеретін өнімдерді ұсынатыны көрсетілген. Және әрбір үшінші сақтандыру компаниясы ғана жоғары жастағы клиенттердің қажеттіліктерін ескеретін қаржылық мәселелер бойынша кеңес бере алады екен. Осылайша сақтандыру компаниялардың 78 % пайызы мұрагерлік пен өсиетнама мәселелерінде қарт адамдарды қолдау құралдарының жоқтығын айтты, тек 21 % пайыз ғана – қауіпсіздік және жазатайым оқиғаларды алды алу мәселелері бойынша кеңес беруді ұсынады.
Германияда қарттар үшін сақтандыру өнімдері нарығында Ideal сақтандыру тобы алдынғы қатарда. Әйгілі стандартты өнім ретінде қарттарға ұзақ мерзімді медициналық көмекті қамтамасыз ету ұсынылған, алайда швейцарлық нарықта осыған ұқсас өнімдер әлі жоқ. Сақтандыру бизнеспен шектелмей, Ideal германиялық нарықта өзінің қызметтер спектрін кеңейтті: компания құрамына жерлеу қызметтерін көрсететін ірі компания енген, сонымен қатар компания өзінің жеке қарттар үйінің құрылысын жоспарлап отыр.
Швейцария халқының демографиялық қартаюы қарттар үшін сақтандыру өнімдерін аса перспективалы етіп көрсетеді. Федералды статистикалық басқарманың мәліметінше 2050 жылға дейін 65 жастан жоғары адамдардың саны 2,2 млн адамға жетеді. 80 жастан асқан адамдардың үлесі 4-тен 12 %-ға дейін өседі.
Жоғары жастағы адамдарды сақтандырудың бірқатар артықшылықтары бар:
• үлкен жастағы адамдар тәуекелдер туралы көбірек уайымдайды;
• олар төлемдерді енгізу кезінде ұқыпты болады;
• олар бағаға аса көңіл аудармайды;
• зейнеткерлер күні бойы кездесулер мен кеңес алу үшін бос болады;
• қарт клиенттер арасында жағдайы жақсы адамдар көп, сондықтан шартты бұзу тәуекелі өте аз.
Дереккөзі: http://www.rulit.me/books/zashchita-aktivov-i-strahovanie-chto-predlagaet-shvejcariya-read-433262, http://www.banki.ru/news/interview/?id=10341192,
Фотосурет blogohealth.ru, charter97.org, euromag.ru сайтов сайттарынан алынды