bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисі – толыққанды өмір сүру үшін

Біздің азаматтарымыздың санасында, өкінішке орай, өмірді сақтандыру ұғымы өліммен ғана байланыстырылады. Бұл кезінде ағылшын тіліндегі life insurance сөз тіркесін сәтсіз аударылуымен және кейіннен адам санасында «өмірді сақтандыру» ұғымы ретінде қалыптасуымен байланысты болуы мүмкін. Алайда insurance сөзін «өмірді қорғау, кепілдендіру» деп те аударуға болады. Осындай аудармадан шыға отырып, өмірді сақтандыру ұғымы жағымды ұғымға айналады, яғни өмірді сақтандыру өмір үшін қолданылады.
Өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисі – толыққанды өмір сүру үшін

Алды-артын ойлайтын адам өз өмірін жоспарлаумен айналыса отырып, түрлі өмірлік сценарийлерді, оның ішінде жағымсыз сценарийді де қарастырады. Михаил Булгаковтың «Мастер және Маргарита» романының әйгілі кейіпкері Михаил Александрович Берлиоз суға барып демалуды жоспарлап, трамвайдың дөңгелегі астына түсті. Сондықтан, өкінішке орай, біз бақылай алмайтын оқиғалар орын алуы мүмкін. Алайда олардың пайда болу мүмкіндігін алдын алып, қорғану шараларын қолдана аламыз, яғни сақтана аламыз. Осылайша, қауіпсіздік белдігін түймелеп, біз ЖКА-ға (ДТП) түсуді жоспарлап отырған жоқпыз, біз тек өзімізді және өз отбасымызды туындауы мүмкін қиындықтардан сақтандырамыз. Дәл осы қызметті отбасымыздың өмірін жоспарлау кезінде өмірді сақтандыру полисі атқарады.

Өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисі – адам тұрақты түрде жарналарды салып отыратын жинақ сандықша. Егер полистің иесі жазатайым оқиғаға тап болса, оның жақындары сақтандыру полисі бойынша қомақты соманы бірден ала алады. Осылайша сақтандыру полисі отбасыға асыраушысымен бірге айырылып қалған табысты қайтарады. Бұл сақтандырылған тұлға тірі болып қалғанда, ондаған жылдар ішінде жұмыс істеп, үйіне табыс әкелетін ақша. Сонда егер де сақтандырылған тұлға өмірден озған жағдайда – оның отбасының күнкөріс қаржысы болады. Өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің қорғану қызметі осында.

Екінші жағынан жас, дені сау адамның қайтыс болу ықтималдығы өте аз. Сонда сақтандыру полисі отбасының асыраушысы үшін өзінің екінші қызметін атқара алады – ол сақтандыру полисінің талаптарына сәйкес жасаған жарналарды жинақтап,көбейтетін сақтанымпаз жинақтаушы жоспар ретінде пайдаланылады. Білгілі уақытта полистің иесі өзінің сақтандыру полисін аяқтап, сақтандыру бағдарламасының талаптары бойынша жинақталған қаражат оның жинақталған зейнетақы капиталын құрайды.

Статистика бойынша өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисі бар адамдар ұзағырақ өмір сүреді екен. Өйткені олар ақша мен отбасының қаржылық жағдайы туралы ойламайды екен.

Өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисі қаржылық тұрғыдан қаншалықты тиімді?  

Адамдар өмірді сақтандыруды басқа қаржылық құралдарымен салыстыруға бейім. Оларды бір қатар көрсеткіштері бойынша, мысалы, табыстылығы бойынша салыстырады. Және олар барлық қаржы құралдары арасында тек өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисі ғана адамның өлімінен кейін қомақты төлемді жасау қасиетіне ие екенін саналы түрде, немесе санасыз түрде «ұмытып», соны жасайды. дәл осы отбасының  қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда осы қаржылық құралдың қалған қасиеттері, мысалы, оның табыстылығы, екінші кезекте тұрады.

Егер адам қаржылық құралды тек оның табыстылығы тұрғысынан таңдайтын болса, онда оған өмірді сақтандыру полисі сәйкес келмейді. Алайда пайданы қуып, кенеттен қайтыс болған кезде, егер ешбір қосымша қаржы қорлары қалыптаспаған болса, отбасы ұзақ жылдар бойы ақшаға зәру болып қалатындығын ұмытпағаны жөн. Бұл оның жақындарына қатысты дұрыс болады ма? Өзінің отбасына және жақындарына қаржылық қорғауды қамтамасыз ете отырып, пайдалы инвестицияларды іздеуге болады. Бірақ одан бұрын емес.

Ұзақ жылдар бойы отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисі жасалған сақтандыру жарналарын жинақтай келе, зейнетақы капиталын құрайды.

Өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисін пайдалану қажет болатын көптеген жағдайлар бар. Олардың кейбіреулері төменде берілген:

- өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисі – бұл жеке банк. Сақтандыру кезінде жинақталған ақшаны сақтандыру шартын бұзбай-ақ пайдалану мүмкіндігі бар;

- өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисі – балалардың мұрасында теңдестіру тәсілі. Егер ата-аналар балаларына бір ғана пәтерді қалдырса – оны қалай бөлу керек? Бұл қиын мәселе болады ғой, егер ол шешімін таппаса – балалар арасында жанжал тууы мүмкін. Ата-анасының пәтер құнына өмірді сақтандыру полисі мәселені шешеді – бір баласы пәтерге ие болса, екіншісі – пәтердің құныңа тең мөлшерде сақтандыру төлемін алады. Дауласу үшін себеп те жоқ;

- өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисі – кез келген уақытта аннуитетке, өмір бойғы табыс көзіне айналдыруға болады. Сонда адам қанша өмір сүрсе де, ақша ешқашан бітпейтініне сенімді бола алады. Ақша ешқашан бітпейтініне сенімділік қариялар үшін маңызды. Өйткені өз ақшасынан артық өмір сүріп қаламын ба деген үрей – біздің кезімізде зейнеткерлік жастағы ең үлкен үрейлердің бірі болып табылады;

- өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисі – бұл мұраны көбейту тәсілі. Ата-әжелердің өз немерелеріне қалдыру үшін ақшаларын жинайтыны бар. Әдетте бұл қолма-қол ақша немесе банктік шоттардағы ақша. Ал егер олар осы ақшаны сақтандыру полисіне аударса, онда бұл полис олардың немерелеріне қалдыратын мұраны көбейтуге мүмкіндік береді;

- және де адамдар өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисін өз мүддесіне қолданатын көптеген жағдайлар бар.  Өмірді сақтандыру адамдарға бала кезінен қартайғанша қажет.

Өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисінің ең маңызды бағыты – кез келген оқиғалардың дамуы кезінде отбасына өмір сүру үшін қажетті капиталды кепілдендіру болып табылады. Адам өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру полисіне қол қойған сәттен бастап ол өз отбасына бірнеше жылдарға немесе өмір бойы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Әйгілі төңкеріске дейінгі өмірді сақтандырудың насихаттаушысы  В.Н. Подгаецкий өмірді сақтандыру туралы өзінің дәрісінде 1910 жылы былай деп жазған: «Сақтандырылғанның мақсаты – пайда емес, ал ар-намысының борышын өтеу. Өмірді сақтандыру тәуекел мен қауіптерге толы коммерциялық емес кәсіпорын, нақты математикалық есептер мен өлім заңдарына негізделген сақтандырудың алғашқы күнінен бастап өзіңіздің кәрілігіңіз бен сіздің өз жақындарыңыздың тағдырын қамтамасыз ететін өте өнегелі іс».

Дереккөзі: http://kolesovgb.ru/index.php/finansovoe-planirovanie/strakhovanie-zhizni-v-finansovom-planirovanii/626-zachem-nuzhen-strakhovoj-polis-nakopitelnogo-strakhovaniya-zhizni

Фотосурет lifeinsuranceinuk.co.uk, hoytinsuranceagencyct.com сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру