bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру жас ата-аналарға неғұрлым қолжетімді болып келеді

Жастар білім алады, жұмыс істейді, үйленеді, жылжымайтын мүлік сатып алады, бала туады және содан кейін ғана оларға қорғау қажет екенін түсінеді. Ең жақсы қорғауды өмірді сақтандыру компаниялары көрсетеді.
Өмірді сақтандыру жас ата-аналарға неғұрлым қолжетімді болып келеді

Әдетте жас отбасылар қымбатшылығынан өмірді сақтандыру полисін сатып алуға мүмкіншіліктері болмайды. Fabric онлайн-сақтандыру стартапы жас отбасылар үшін өмірді сақтандырудың қолжетімді полистерін ұсынады. Андеррайтингтің патенттелген алгоритмі арқасында компания өтініштердің үлкен көлемін өңдейді және полистер басқа ӨСК қарағанда арзанырақ тұрады.

Fabric-тің өмірді сақтандыру қағидалары:

Сақтандыру мүддесі. Сақтандырудың бұл түрі үшін сақтанушының өз өміріне деген мүддесі болуы қажет. Егер осындай қызмет жұмыс берушіге ұсынылса, онда оның жалдамалы жұмыскерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтау мүддесі, жұбайына/зайыбына – жарының өміріне, ата-анаға – балалардың өміріне, қарыз берушіге – борышкердің өміріне мүддесі болу қажет.

Қаржылық мүдде. Сақтанушының қандай-да бір адамның өмірін сақтандыру үшін сақтандырылған адамның өміріне қаржылық мүддесі болу қажет. Сақтандыру сомасы осы мүдденің сандық бағасынан жоғары болмауы тиіс.

Пайда алушының және сақтандырылған адамның өзара қарым-қатынасы. Сақтандыру шартына сәйкес, сақтанушы пайда алушы ретінде кез-келген сақтандыру тұлғасын тағайындауға құқылы. Бұл ретте оның сондай-ақ осы тұлғаны сақтандыру жағдайы басталғанға дейін басқасына ауыстыру құқығы бар.

Рәсімдеудің бонустық жүйесі. Жылдық өнімділікте сақтандыру компаниясы сақтанушыға төленетін бонусты есептейді. Бонусты шарт бойынша сақтандыру сомасын ұлғайтуға немесе сақтандыруға жарналарды қысқартуға пайдалануға болады.

Дереккөзі: https://boingboing.net/2021/01/06/fabric-is-making-life-insurance-an-easy-win-for-new-parents.html

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді жинақтаушы сақтандырудың дамуындағы жаңа орам
Өмірді жинақтаушы сақтандырудың дамуындағы жаңа орам

Коронавирус пандемиясының әсері бүткіл қаржы ...

Диетолог дұрыс кешкі ас неден тұруы керектігін айтып берді
Диетолог дұрыс кешкі ас неден тұруы керектігін айтып берді

Денсаулықты нығайту және қажет белгіде салмақ...

Қайрат Чегебаев: «Актуарийлерді күні кеше дайындау қажет болатын»
Қайрат Чегебаев: «Актуарийлерді күні кеше дайындау қажет болатын»

Алматыда актуарийлердің екінші курсы аясында ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру