bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстанда сақтандырудың жаңа түрі – Unit-Linked енгізілді.

Бұл не және сақтандырудың жаңа түрімен қалай жұмыс істеу керек екенін Kursiv.kz анықтады.
Қазақстанда сақтандырудың жаңа түрі –  Unit-Linked енгізілді.

Сақтандыру туралы заңдарға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес life-компаниялар клиенттерге инвестициялық сақтандыруды – бұл ұзақ мерзімді полистерді және инвестицияларды ұсына алады.  

«Бұл идея оңай, егер сақтандыру шарттарында капиталдың өсіміне салық салынбайтын болса, онда заң жүзінде өмірді сақтандыру полисі нысанында жасалатын инвестициялық құралды ойлап табайық. Бірақ ол қорғау құралы ретінде емес, инвестициялау құралы ретінде жұмыс істейтін болады. Шетелде сақтандырудың бұл түрін Unit-Linked деп атайды», – деп «Халык-Life» ӨСК-ның басқарушы директоры Виталий Любимов түсіндіріп берді.

АҚШ-та өмірді сақтандыру шарттарының 60% Unit-Linked технологиясы бойынша жасалады. Еуропада бұл сегментке бүкіл ақшаның 30%-дан 70%-ға дейін сәйкес келеді. Ресейде былтырғы жылғы 9 айында бұл нарықтың өсуі 40,7%-ды құрады.  

«Бірінші артықшылық – стандартты сақтандыру арқылы қорғау. Инвестициялаудың алғашқы күнінен бастап Unit-Linked бағдарламасы бойынша клиент өтеудің бүкіл сомасына толық сақтандыруға ие болады. Бұл орайда, сақтандыру мерзімі аяқталған кезде клиент барлық жинақталған соманы, сонымен қатар ол бойынша есептелген пайыздарды да кері қайтарып ала алады», –  деп «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Шәкенов баяндап берді.

Классикалық сақтандыру жинақтаушы бағдарламалардың табыстылығы клиенттерге жылдық 5-6%-ға ғана көздеуге мүмкіндік береді, бұл банктік депозиттер бойынша инфляция мен табыстылықтың деңгейінен төмен, алайда облигациялардың кертартпа қорларымен салыстырмалы дәрежеде болады. «Біз жылдық 13%-ға тең табысты ұсына аламыз деп ойлаймыз. Жинақталатын соманың бөлігі оның иесіне сақтандыру бағдарламалары мен банктік депозиттердің мүмкіндіктерінен артық болатын табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін инвестициялық құралдарға салынады. Негізінен бұл үлеспұлдық инвестициялық қорлар болып табылады», – деп «Nomad Life» ӨСК басқарма төрағасының орынбасары түсіндіріп берді.   

Unit-Linked жинақтаушы сақтандырудан инвестициялық тәуекел клиентке ауыстыралытындығымен ерекшелінеді. «Қазақстанда абырой өте жоғары бағаланады, сақтандыру компаниялары қандай да портфель бойынша дефолтқа жол беруге мүмкіндік бермейді. Бұл бірінші. Екіншісі өмірді сақтандыру компаниялары бірнеше шарттарды жасайды: банк-костодианмен, басқарушы компаниямен шарт жасайды, инвестициялық декларацияны келістіреді. Шешімдер әр түрлі деңгейлерде қабылданады және қателіктің ықтималдылығы өте төмен деңгейде», – дейді «Халык-Life» АҚ-ның басқарушы директоры.

Қаржыгерлер Unit-Linked-те кертартпа және агрессиялық құралдардың үлестерін бөлу саңғылардың пайдасына қарай шешіледі, өйткені сақтандырушыға шарт аяқталған бойда инвестициялардың 100% қайтарылуын кепілдендіруге қажеті болмайды. «Инвестициялық құрамдас бөлігі бар жинақтаушы сақтандырудың шарттары шамемн былай бөлінетін болады: 10 мың теңгеден – 1 мың теңге классикалық сақтандыруға, ал 9 мың теңгесі инвестицияланатын болады. Инвестициялар үлеспұлдық қорлар арқылы жүзеге асыратын боламыз. Құралдардың көптеген түрлерін сатып алуға болады, өйткені сақтандыру компанияларының өзі инвестициялауда шектелген екен», – деп Любимов есептейді.

Сонымен қатар сақтандырушылар инвесторға портфельді қалыптастыруға белсенді түрде қатысуға мүмкіндік беріледі. Адамдар инвестициялаудың кертартпа және агрессиялық стратегиясы арасында таңдау жасай алады.


Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/strakhovanie/2019-01/v-kazakhstane-vveden-novyy-vid-strakhovaniya-unit-linked

Фотосурет: DollarsAndSense.sg,smallbusiness.co.uk сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ғалымдар пісірілген нанда ұйқысыздық себебін анықтады
Ғалымдар пісірілген нанда ұйқысыздық себебін анықтады

Ұйқысыздықтың көп себебі бар – күйзеліс, арты...

Қазақстанда қаржыгерлер Конгресі өтті
Қазақстанда қаржыгерлер Конгресі өтті

15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – тең...

AXA болашақ зейнеткерлерге арналған жаңа жоспарды іске қосады
AXA болашақ зейнеткерлерге арналған жаңа жоспарды іске қосады

AXA Гонконг пен Макао кейінге қалдырылған аннуи...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру