«Денсаулық» Ұлттық жобасының құрамдас бөлімінің бірі «Онкология» Федералдық бағдарламасы (РФ) болып табылғаны кездейсоқ құбылыс емес. Оның мақсаты алғашқы диагноздардың 63% дерттің бастапқы кезеңінде анықталуына қол жеткізу.
Жалпы, онкологиялық көмектің қолжетімділігі көптеген өңірлерде әлі де талай жақсартуды талап етеді, деп жазады басылым. Алғашқы рет «қатерлі ісік» диагнозы қойылған адамдар заманауи аппаратурада инструменталдық зерттеулерді ұзақ күтуге мәжбүр болады. Көптеген жоғары тиімді дәрі-дәрмектер стационарларда болмай қалады, ал бұл дәрілер тым қымбат болғандықтан, науқастар өз қаражатқа оны сатып ала алмайды.
Сол арада, қатерлі ісік орташа есеппен алғанда халық өмірінің ұзақтығы көтерілген сайын, жиі кездесе береді, дейді ғалымдар. Белгілі биохимик академик Евгений Свердловтың сөзінше, зерттеулерді алдын алу мен ертерек айқындауға қайта бағыттау арқылы ең үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Ал мұндай жол көбінесе адамның өзіне байланысты болады. Және де бұл тек қана салауатты өмір салты емес. Денсаулығын жүйелі түрде тексеру check up деп аталатын шаралары да өте маңызды. Бұл Батыста қалыпқа айналған заманауи диагностикалық техниканың мүмкіндіктерін пайдалануды қамтитын тексерулер. Сақтандыру компаниялары қатерлі ісікке шалдығу жағдайына да өз қызметтерін ұсынады. Сақтандыру жағдайы шарттың қолданылу кезеңінде сақтандырылған азаматта дәрігерлер онкологиялық дертті анықтаған кезде басталады. Мұндай жағдайларда кейбір компаниялар бірден сақтандыру сомасын төлеп тастайды, ал басқалар шартта келісілген соманың шегінде медициналық көмектің ұйымдастырылуы мен төлемін өздеріне алады.
Шарттардың кейбірі check up-тан жүйелі түрде өту мүмкіндігін қамтиды, бұл онкологиялық ауруды ерте кезеңде анықтау мүмкіндіктерін арттырады. Нәтижесінде емдеудің тиімділігі де арта түседі. ДДСҰ мәліметтері бойынша қатерлі ісік бірінші кезеңінде айқындалған пациентерде ең қолайлы болжамы болады. Екінші кезеңде табысты емдеудің мүмкіндіктері жоғары болады, сондықтан осындай ерте кезеңдегі диагностикада маңызды болады.
Басқа компаниялар шартқа «екінші пікір» сияқты қызметін де енгізеді –диагнозда қателікке тап болмау үшін емдеудің тактикасын нақтылау үшін тағы бір беделді маманның кеңесі. Пациент өзі тағы бір жерге қаралудың қажеті жоқ, егер ол диагноздың дұрыс қойылуына көз жеткізгісі келсе, сондай-ақ бұл емді күту уақытысын қысқартады.
Онкологиялық ауру айқындалғанда, сақтандырушылар терапия бойынша шығындарды толық немесе жартылай өтейді. Сонымен олар маңызды әлеуметтік қызметті атқарып, мемлекеттік міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көмектеседі. Сонымен қатар олар пайиентке медициналық сүйемелдеу жүргізіп, үздік онкологиялық клиникаларды іздеуге уақытты жоғалтпай-ақ сол жақта көмек алуға жәрдемдеседі.
Онкосақтандыру кезінде күрделі, ұзақ және қымбат тұратын емді талап ететін басқа күрделі аурулардың тәуекелдерін сақтандыруды қосымша ресімдеу ұсынылады. Мұндай ауруларға, мысалы, инсульт, инфаркт, ағзаны ауыстырып орналастыру, сал ауруы және басқа да көптеген ауруларды жатқызады. Осы аурулардан сақтандыру полисін ресімдеп алып, адамдар сенімді қорғауға және күрделі өмірлік жағдайларда көмекке ие болады.
"Альянс Жизнь" СК Бөлшек сақтандыру және цифрлық шешімдер департаментінің директоры Дмитрий Волков:
- 2018 жылы бүкіл әлемде онкологиялық аурулардың 18 миллионнан артық жаңа жағдай анықталды. Оның ішінде Ресейде 543 мың жағдай анықталды, сол кезде, мысалы, Солтүстік Америкада және Батыс Еуропада бұл сандар сәйкесінше 2,3 миллионнан және 1,3 миллионнан асты. Жалпы жағдайда ресейлік статистика аса қорқынышты емес болып көрінеді. Алайда өлім жағдайы бойынша деректер, өкінішке орай, бұл статистиканы дәлелдейді. GLOBOCAN 2018, IARC (Қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігі) мәліметтері бойынша Ресей 2018 жылы онкологиялық аурулардың өлімінің саны бойынша бүкіл әлем бойынша 5-ші орынға шықты. А халықтың стандарттылған жасына түзетілген өлімнің деңгейі бойынша біз Қытайдан ғана кем болып түсті.
«Ресейде жоғары онкологиялық өлім, біріншіден, ерте диагностиканың жоқтығын растайды, өйткені ол үшін аса маңызды Ресейдегі тұрақты профилактикалық медициналық тексерулер әзірше кеңінен таралмаған. Соның салдарынан «Ресейдегі қатерлі ісік өскіндері (ауру-сырқау мен өлім)» жыл сайынғы статистикалық жинақтың мәліметтері бойынша онкология жағдайларының 40 жуық пайызы бізде науқас болған адамға көмектесуге қиын болған жағдайда тек үшінші немесе төртінші кезеңде ғана айқындалады. Өлімнің жоғары көрсеткіштерінің басқа себебі ресейлік денсаулық сақтау жүйесінің ерекшелігінде жасырылған, ММС бағдарламалары емдеудің шығындарының өтелуіне кепілдік бергеніне қарамастан, емделушілер диагностика мен дәрі-дәрмекті ұзақ күтуге мәжбүр, олардың басқа өңірлердегі емханаларға баруға мүмкіндігі жоқ және де ММС бағдарламаларына енгізілмеген дәрі-дәрмектердің қымбаттылығына тап болады.
Осы орайда жедел диагностиканы, сапалы және уақтылы емді және инновациялық дәрі-дәрмектерді қамтамасыз етудің едәуір қолайлы тәсілдердің бірі ЕММС бағдарламалары болады.
Осындай бағдарламалардың бірі 2019 жылғы ақпан айында Allianz компаниясы ұсынды. О»Б жоспары» окологиялық аурулардан сақтандыру шарты РФ аумағында алғаш рет айқындалған онкологиялық аурулардың емдеу ұйымдастырылуын өтейді және жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруден өтуін қарастырады. Полис жедел емдеуді, арнайы терапияны және реконструкциялық оталарды, сонымен қатар ЕМС бағдарламасына енгізілмеген болса да, барлық қажетті медициналық дәрі-дәрмектерді өтейді. Жоспарлы отаны РФ басқа қаласында өткізу қажет болған жағдайда, «Б жоспары» сақтандырылған тұлғаның жолы мен тұру шығындарын да өтейді. Бағдарлама бойынша өтеудің сомасы 15 миллион рубльді құрайды. Күтпеген жағдай әрбір адаммен орын алуы мүмкін екенін түсінеміз, сондықтан мұндай жағдайға жете тексерілген және ойластырылған «Б жоспары» бар.
Дереккөзі: https://rg.ru/2019/03/04/strahovoj-polis-pomozhet-v-rannej-diagnostike-i-effektivnom-lechenii-raka.html
Фото kp.ru, unim.su сайттарынан алынды.