Бұрын forbes.kz хабарлағандай, 2018 жылы «НОМАД LIFE» өмірді сақтандыру компаниясы Сбербанкпен бірге қазақстандық нарық үшін «Золото Номадов» – жинақтаушы сақтандырудың бірегей өнімін шығарды. Ол қазақстандықтарға өз жақындарының және өзінің өмірі мен денсаулығын сақтандырып қана қоймай, өз доллардағы жиналған қаржысын үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге инвестициялау кезінде жылдық 3,26%-ға дейінгі тиімді мөлшерлемесі бойынша сақтауға және көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл мөлшерлеме кепілдендірілген болып табылатыны да маңызы аз емес, және валютаның, мұнайдың және т.б. бағаларының ауытқуына тәуелді болмайды. Осылайша, нарыққа өзіне өмірді сақтандыру полисінің және инвестициялық құралдың артықшылықтарын қамтыған бірегей өнім ұсынылды.
Мысалы, 3 жылдан бастап 10 жылға дейінгі мерзімге сақтандыру кезінде қорытынды сақтандыру сомасы (сақтандыру төлемі) $10 705 бастап $13 761 дейін соманы құрайды. Бұл ретте сақтандыру төлемі сақтандыру мерзімі аяқталған жағдайда, сондай-ақ сақтандыру жағдайы басталғанда, мерзімінен бұрын да жүзеге асырылады.
Бұл өнім бойынша «НОМАД LIFE» компаниясының серіктесі Қазақстанда Сбербанк болды. «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Алексей Акимов еліміздің қаржы нарығының екі ірі ойыншының серіктестігі және бірлескен өнімнің артықшылығы туралы баяндап берді.
- Алексей Владимирович, Қазақстандағы Сбербанкті «Золото Номадов» өнімі бойынша «НОМАД LIFE» компаниясымен серіктестікке не түрткі болды?
- Мұнда екі негізгі себеп бар. Біріншіден, менің ойымша, Қазақстанда валютаны орналастыру бойынша лайықты ұсыныстар жоқтың қасы. Доллардағы депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер тым төмен – өйткені банктерге долларлық пассивтерде пайда табудың өзі қиынға соғады. Ал «Золото Номадов» клиентке салған ақшаға жақсы тіркелген пайыздық мөлшерлемені ұсынуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қазір нарықта қызық өнімдердің тапшылығы орын алуда, негізінен салымдар қалды. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы жеткіліксіз дамыған. Сондай-ақ Ресейде, Еуропада және бүкіл әлемде сақтандыру өнімдері – инвестициялау саласында айтарлықтай үлкен тауаша болып табылады, және ол белсенді түрде дамып келеді. Сондықтан «Золото Номадов» өнімі Қазақстанның қаржы нарығында бірнеше ашық қажеттілікті өтейді. Бұл өнім біз үшін де қызық, өйткені біздің клиенттерімізге ұсынылатын өнімдер қатарында қосымша ұсыныс жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл өнімнің болашағы зор екеніне сенімдімін.
- Неліктен жинақтаушы сақтандырудың осындай қызықты өнімі нарықта енді ғана пайда болды?
- Бұрын қаржы ұйымдарына осы бағытта әрекеттенуге заңнамада тыйым салынған еді, бірақ биылғы жылы тиісті түзетулер енгізіліп, шектеулер шешілді. Сондықтан, менің ойымша, сақтандыру нарығы енді жинақтаушы сақтандыруға қарай белсенді түрде әрекет жасайтын болады. Қазіргі таңда сақтандыру компаниялары көбіне жағдаяттар бойынша жұмыс істейді: міндетті автосақтандыру, шетелге шығу үшін сақтандыру, медициналық сақтандыру. Ал жинақтаушы сақтандыру бойынша ұсыныстар болмады.
- Сіз үшін серіктестің абыройымен есептесу қаншалықты маңызды болды?
- Өте маңызды. Қазақстанда Сбербанкте менің жұмыс істегеніме 2,5 жыл болды. Оған дейін мен Ресейде сақтандыру компанияларымен жұмыс істедім, ол жақта сақтандыру компаниялары бүкіл әлемнен ұсынылған болатын. Екі елдің нарығын салыстыра отырып, Қазақстанда тым тапшы сақтандыру нарығы бар екеніне көзім жетті. Жақсы компаниялар мұнда бар, бірақ олар өте аз – олар негізінен тауашалы, немесе ірі банктің жанында жұмыс істейді. Ал «НОМАД LIFE» компаниясымен біз бұрыннан бірге жұмыс жасаймыз. Компания біздің кредиттік үрдісімізге қатысады, сондықтан «НОМАД LIFE» қалай жұмыс жасайтындығын, төлемдерді қалай жүзеге асыратындығын, өз қызметтерін қаншалықты сапалы түрде көрсететіндігін бағалау қиынға соқпады. Сондықтан сенімді серіктеспен бірлескен өнімді іске қосу өте орынды.
Сонымен қатар бұл компанияның рейтингісі де жақсы (A.M.Best халықаралық рейтингтік агенттігінің шәкілі бойынша В- деңгейінде қаржылық тұрақтылықтың рейтингі), және ол «Самұрық-Қазына» қорының адал жеткізушілері тізіміне кіреді, бұл да маңызды көрсеткіш деп білеміз.
Біздің клиенттеріміз «Золото Номадов» өнімін бірінші кезекте Сбербанкпен ассоциациялайтынын түсіну маңызды, яғни біздің клиенттеріміз алдында жауап беретін біз боламыз. Сондықтан серіктесіміздің абыройы біз үшін өте маңызды.
- Ресейдегі Сбербанкте жинақтаушы сақтандыру өнімдерін іске қосу бойынша тәжірибе болды. Ол оң нәтижелерін берді ме?
- Әрине. Мұндай өнімдер бес жыл бұрын екі бағыт бойынша іске қосылған еді. Бірінші бағыт – өмірді жинақтаушы сақтандыру, бұл ретте сақтанушы өз отбасын және өзін сақтандырып, ақшаны жинақтайды және табысқа кенеледі. Екінші бағыт – инвестициялық, мұнда сақтандыру мен нарықтық табыстылыққа қол жеткізумен араласып кетеді. Бұл өнімдер рубльмен де, валютамен де есептелінеді. Олар нарықта әлі де бар және сұранысқа ие болып отыр. Менің тәжірибем бойынша, доллармен жинақтаушы сақтандыру едәуір тұрақты болып табылады.
- Қазақстанда долларлық депозиттер бойынша төменгі мөлшерлемелерге және жинақ ақшаларын доллардан арылту ұмтылысына қарамастан, салымдардың 44% долларлық болып қалуда. Қазақстандықтардың бір бөлігі, ештеңеге қарамастан, доллардың жақтаушысы болып қалады ма екен, Сіз қалай ойлайсыз?
- Әрине. Мемлекетте де елді жүз пайыздық доллардан арылу мақсаты жоқ, деп ойлаймын. Бірақ портфельдегі жинақ ақшаларының басым бөлігі ұлттық валютада болуы тиіс – бұл түсінікті және қисынды, деп ойлаймын.
- Сондықтан «Золото Номадов» қазір теңге әлсіреп жатқанда, өз қорланымын доллармен сақтауды таңдайтындар үшін тиімді болар.
- Мен жинақтаушы сақтандыру өз портфельін әртараптандырғысы келетінде үшін қолайлы болар деп айтар едім. Сондықтан әзірше, мен бұл өнімді көпшілікке емес, орташа ауқатты адамдарға және VIP-клиенттерге арналған өнімдер қатарына жатқызар едім. Өз өмірі мен жақындарының өмірін сақтандыруды бастау үшін дамудың белгілі бір деңгейіне жетіп, ішкі тұрғыдан да, қаржы тұрғысынан да өсу керек, деп ойлаймын. Сондықтан «Золото Номадов» өз қаржысын доллармен сақтауды қалайтын адамдар үшін қолайлы, әсіресе қазір теңге әлсіреп бара жатқан кезде бұл өзекті.
Алайда бұл өнім көпшілікке арналу үшін алғышарттар да бар. Біріншіден, жинақтаушы сақтандыру полисін ашу үшін минималды жарна – $1 мың. Екіншіден, осы жылдың аяғынан және келесі жылдың басынан бастап жылдық 3% мөлшерлемесі бойынша ашылған соңғы үш жылдық долларлық салымдар жабыла бастайды. Қазір банктерде долларлық депозиттер бойынша мөлшерлемелер 1%-дан аспайды, адамдар оларға баламаларын іздей бастайды. Сондықтан клиенттік база «Золото Номадов» өніміне ауыса бастайтындығына сенімдімін.
- «НОМАД LIFE» компаниясымен сату жүйесін қалай құрдыңыз?
- Өнім клиенттерге аралас нұсқада ұсынылатын болады. Бір жағынан ол серіктестің тарапынан таза түрінде сатылуы мүмкін. Екінші жағынан – біздің тарапымыздан.
Жалпы, «НОМАД LIFE» компаниясы бізсіз-ақ өз клиенттеріне бұл өнімді сатуда. Ал біздің қатысуымыздың қисыны біз өз клиенттік базамен жұмыс істеуді бастаймыз. Сонымен қатар біздің тарапымыздан біз клиенттер сақтандыру полисін қашықтан сатып алу үшін өнімді смартфондарда «Сбербанк Онлайн» қосымшасы арқылы алға шығарып отырамыз.
- Сіз қазіргі және болашақ клиенттерге қандай кеңес берер едіңіз?
- Өз портфельін әртараптандырып, әр түрлі қаржы құралдарына қарау керек. Олар нарықта соншалықты көп емес екеніне қарамастан, көптеген санын пайдалану қажет. Түрлі құралдарды, түрлі валютаны және түрлі мерзімді пайдалану – бұл тұрақтылықтың кепілі.
«Золото Номадов» бағдарламасы туралы білуге және өтінішті білдіруге www.sberzoloto.kz сайтында болады.
Дереккөзі: https://forbes.kz/finances/insurance/sovet_bankira_v_chem_hranit_sberejeniya/