bs-preloader__icon
ru kz en

ҚР-да теріс табыстылығы бар депозиттер болуы мүмкін бе?

Біраз уақыттан бері ресейлік банктерге ЕО-да кері мөлшерлемелер кесірінен тартылған қаржыны евромен орналастыру тиімсіз болды. Бір ай бұрын нарық қатысушылары Орталық банктен валюталық депозиттер бойынша кері мөлшерлемені енгізуді сұраған болатын. Реттеушінің жауабын күтпей-ақ көрші елдің бірнеше ірі банктері евродағы депозиттерден бас тартты. Оыған ұқсас жағдай Қазақстанда қайталануы мүмкін бе, бұл мәселені Lifeinsurance.kz зерттеді.
ҚР-да теріс табыстылығы бар депозиттер болуы мүмкін бе?

Ұлттық Банктің мәліметтеріне сәйкес 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында ақшаның таза жылыстауы (жылыстауы минус түсімі), оның ішінде бейрезиденттерге төлемдер немесе сыртқы активтерге салымдар түрінде $3,7 млрд құрады. «Барлық сыртқы аударымдардың шамамен 70%-ы резиденттердің жоғары өтімді шетелдік бағалы қағаздарға немесе шетелдік банктердегі депозиттерге инвестициялауына байланысты болды. Қалған бөлігі немесе 30% квазимемлекеттік сектор компанияларына тиесілі және олардың сыртқы қарыздар мен еурооблигацияларды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі валюталық міндеттемелерін орындауымен байланысты», – деп Lifeinsurance.kz сауалына берген Ұлттық Банктің баспасөз-қызметінің ресми жауабында айтылған.

Бірнеше ай бұрын Қазақстанның ең үлкен банкінің басқарма төрағасы – Үміт Шаяхметова қаржы ұйымдарының тиімсіз ставкаларымен елден депозиттерді шығаруды түсіндірді. «Корпоративтік депозиттер бойынша – олардың бір бөлігі ҚР банк жүйесінен алынды. Әсіресе ұлттық компаниялар активтерді шетелге шығарып, шетелдік банктерге орналастырды, өйткені долларлық активтер бойынша табыстылық қазақстандық банктерге қарағанда жоғары. Отандық ЕДБ шектелгенін атап өткім келеді: біз бұл ақшаны ел ішінде инвестициялауға тиіспіз. Бұл мәселені бірнеше рет көтерген болатынбыз, бірақ жағдай әлі өзгермеген», – деп Алматыда өткен баспасөз-мәжілісінде Қазақстан Халық банкі Басқармасының төрайымы атап өтті. 

Қазақстандағы валюта депозиттерінің едәуір бөлігі АҚШ долларымен дәстүрлі түрде деноминацияланған. ФРЖ ставкаларының төмендеуіне қарай салым ставкалары да төмендейді. «Қазіргі уақытта ҚР долларлық мөлшерлемелер 1,75%-2% деңгейінде тұр. Сонымен қатар, Ресейде долларлық депозиттер бойынша мөлшерлемелер 1%-дан төмен деңгейде (ірі банктердің көпшілігінде). Осылайша, жеке тұлғалар үшін қазақстандық банктердегі депозиттер бойынша мөлшерлемелерді олардың кепілді сақталуын ескере отырып (ҚДКҚ талаптарына сәйкес) бәсекелі деп санаймыз», – деп мәлімдеді Қаржыгерлер қауымдастығының баспасөз-қызметінде. Қазақстанның негізгі сауда серіктестері – Ресей және ЕО, ал Қазақстанның негізгі экспорттық өнімі –негізінен АҚШ долларына саудаланатын мұнай. «Осылайша, банктерге қаржы делдалдығы бойынша экономикада өзінің негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін рубль, еуро және доллар қажет. Сонымен қатар, экспортқа бағдарланған компанияларға валюта тәуекелдерін төмендету үшін валютадағы кредиттің бір бөлігін алу тиімді болуы мүмкін. Демек, банктерге аталған субъектілерді кредиттеу үшін де валюта қажет. Сондай-ақ тартылған валюта шетелде де, ел ішінде де неғұрлым тартымды жағдайларда қайта инвестициялануы мүмкін», – деп түсіндіреді Қаржыгерлер қауымдастығының баспасөз-қызметінде.      

ҚР заңңнамасы 
Отандық заңнамада салымдар бойынша сыйақының теріс ставкасын белгілеу мүмкіндігі көзделмеген және қазіргі уақытта Ұлттық банк валюталық салымдар бойынша теріс ставкаларды енгізу мәселесін қарастырмайды. 

«Ресейде бұл мәселе тек зерттеу сатысында және теріс ставкаларды енгізу үшін Орталық банк өкілдерінің деректері бойынша заңнамаға елеулі өзгерістер қажет, - деп түсіндіреді реттеушінің баспасөз-қызметінде. - Ресей мен Қазақстаннан айырмашылығы, халықаралық практикада депозиттер бойынша шарттар заңнамалық тыйым салумен емес, шарттық қатынастармен реттеледі». 

Осыған ұқсас жағдай ҚР-да қайтлануы мүмкін бе?
Қазақстанда және РФ-да жағдай өзгешелеу болады. Инфляция салыстырмалы түрде жоғары деңгейде (4-5%), ал тәуекел үшін сыйлықақы дамыған елдермен салыстырғанда жоғары. «Өз кезегінде қазақстандық банктер үшін ЕО-дағы теріс пайыздық мөлшерлемелер оң фактор болып табылады және еуроға ақша қаражатын іс жүзінде тегін тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, депозиттер бойынша теріс пайыздық мөлшерлемелер кезінде банк жүйесіндегі валюталық салымдар көлемінің төмендеуі болуы мүмкін», - дейді ҚҚҚ-да.

ЕДБ-де депозиттер тиімді ме?
Бұған дейін Ranking.kz сайтына сілтеме жасай отырып, Lifeinsurance.kz біздің еліміздегі банктік депозиттер өмірді сақтандыру компанияларындағы салымдарға ұтылатынын айтқан еді. Мысалы, ҚДКҚ ұсынған АҚШ долларындағы ставка 2%-дан аспауы тиіс ЕДБ-мен салыстырғанда, сақтандыру компанияларындағы тиімді мөлшерлемелер 2,3%-дан 3,41%-ға дейін өзгеріп отырады.

Ең ірі сақтандыру компанияларынан АҚШ долларында өмірді сақтандыру тек Nomad Life ұсынады. Жалпы сақтандыру нарығы бойынша ұқсас өнімдерді Standart Life және Freedom Finance Life ұсынады.

АҚШ долларында өмірді жинақтаушы сақтандыруды ұсынатын үш компанияның ішінде ең жоғары ГЭСВ Nomad Life – 3,41%-ға дейін ұсынады. Екінші орын Freedom Finance Life ӨСК-да (3,28% дейін), үшінші орын – Standart Life (3,25% дейін).

Nomad Life компаниясында сақтандыру мерзімі – 2 жылдан 15 жылға дейін, Freedom Finance Life-та – 3 жылдан 10 жылға дейін. Standart Life 2 өнімді ұсынады: 3 жылдан 10 жылға дейін, сондай-ақ 15 жылдан астам.

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресейде өмірді сақтандыру рәсімін жеңілдетуді ұсынды
Ресейде өмірді сақтандыру рәсімін жеңілдетуді ұсынды

Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Нико...

Балаларыңыздың болашағын қамтамасыз ету үшін Топ-5 инвестиция
Балаларыңыздың болашағын қамтамасыз ету үшін Топ-5 инвестиция

Үндістанда көбіне-көп орта топтағы отбасылар ...

Артық салмақ қоспау үшін жұмыста қалай тамақтану керек
Артық салмақ қоспау үшін жұмыста қалай тамақтану керек

Ресейлік диетолог Наталья Круглова дұрыс тама...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру