bs-preloader__icon
ru kz

5 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының көлемі екі есеге артты

2019 жылдың шілде айының соңына қарай қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 10 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды Finprom.kz аналитикалық сайты.
5 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының көлемі екі есеге артты

Жинақтардың өсімі жарналардың барлық түрлері бойынша байқалады. Мәселен, міндетті зейнетақы жарналары бойынша сома бір жылда 18,4%-ға, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша –30,5%-ға өсті, ал ерікті зейнетақы жарналары 5%-ға өсті.

«Соңғы 5 жылда БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының көлемі екі есеге артты – 4,3 трлн теңгеден 10,2 трлн теңгеге дейін. Активтердің осындай елеулі көлемі тиісті әртараптандыруды жүргізуді талап ететіні анық. Зейнетақы портфелінің ағымдағы құрылымы қаржы құралдарының әртүрлі түрлерін қамтиды. Портфельдің негізгі бөлігін 39,3% үлесімен ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары алады», - деген статистиканы Finprom.kz аналитиктері келтірді.

Бұл ретте ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында инвестициялық кіріс 396,3 млрд теңгені құрады. Жылдық мәнде табыстылық 9,7%-ға, инфляция кезінде 5,4%-ға жетті. Демек, соңғы 12 айдың ішінде зейнетақы активтерінің нақты оң кірістілігі алынды – 4%-дан астам. Өз кезегінде, ағымдағы жылдың шілде айының соңында жинақталған кірістілік 65,4%, ал сол кезеңде жинақталған инфляция – 53,5% құрады. Осылайша, 2014 жылдың басынан бастап 2019 жылдың шілдесіне дейін нақты жинақталған кірістілік 12%-ға жетті.

«Кірістердегі негізгі бөлігін бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер алады: 385 млрд. теңге (бір жыл бұрын – 312,9 млрд. теңге), жыл ішінде өсім 23% құрады. Қорытынды жасай отырып, ҚР Ұлттық Банкі БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары бойынша сақталуын ғана емес, нақты табыстылығын қамтамасыз ететін теңдестірілген инвестициялық саясатты жүргізетіні туралы қорытынды жасауға болады», – Finprom.kz сарапшылары қорытынды жасады.

Дереккөзі: http://finprom.kz/ru/article/pensionnye-nakopleniya-kazahstancev-prevysili-10-trillionov-tenge-godovoj-rost-sostavil-19

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру нарығын 2022 жылы не күтіп тұр
Өмірді сақтандыру нарығын 2022 жылы не күтіп тұр

Сақтандыру секторында екінші жыл қатарынан өм...

35 жастағы адамдардың негізсіз жастық оптимисттілігі
35 жастағы адамдардың негізсіз жастық оптимисттілігі

35 жастағы адамдардың қазіргі буыны алдыңғы бу...

Қарақұмықты немен мүлде жеуге болмайды
Қарақұмықты немен мүлде жеуге болмайды

Дәрігер -токсиколог, профессор Михаил Кутушов ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру