Өмірді сақтандыру сақтандырудың басқа түрлерінен немен ерекшелінеді?
- Аталған жүйе бойынша сақтандыру ақшаларын сақтандыру компаниясы әрқашан да төлейді: шарт мерзімі аяқталған жағдайда да, сақтандырылған тұлғаның қайтыс болған жағдайда да төленеді. Яғни салынған сақтандыру төлемдері жұмыс істейді және ешқайда кетпейді. Ал сақтандырудың басқа түрлерінде сақтандыру төлемдері тек сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда ғана төленеді.
- Жинақтаушы сақтандыру кезінде сақтандыруға салынған қаражатты инвестициялайды, және қол жеткізген табысы есебінен жинақтаушы капиталының мөлшері ұлғая береді. Сақтандырудың басқа түрлері кезінде сомалардың жинақталуы да, инвестициялаудан табыстың есебінен олардың өсуі де жүзеге асырылмайды.
Оқуды бітіргеннен кейін адам ақша табуды бастайды. Әдетте, табыс бірте-бірте өседі, сосын маңсаптың аяғында ол максималды белгіге жетеді. Содан кейін молшылық өмірден минималды мемлекеттік зейнетақыға ауысуымен белгіленетін кезең басталады. Осы кезеңде ыңғайлы өмір сүру үшін өзінің жеке инвестициялары мен қорланымы есебінен ғана пайда болуы мүмкін қор (капитал) қажет. Сонымен адам жұмыс істеп жүргенде, ол өзінің болашағын қамтамасыз ету үшін кішігірім пайызды жинау қажет.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру полисі де дәл осылай жұмыс істейді.
Адамдар шарттың қолданылу мерзімі бойы салым салып, соның нәтижесінде оның капиталы құрылады. Сақтандыру бойынша жиналған ақша шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сол адамға қайтады.
Сонымен қатар маңызды болып саналатын шарттың сақтандыру бөлігі де бар.
Кез келген адам денсаулықты құртатын және жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін күтпеген жағдайларға тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар табыс көзінен айырып, жұмыс істеуге кедергі болуы мүмкін. Жазатайым оқиға қарақшы болып табылады: табыс деңгейі төмендеп, сол уақытта емдеуге шығындар өседі. Өмірді сақтандыру полисі сақтандыру төлемін ұсынады. Бұл ақша денсаулықты қалпына келтіруге көмектесіп, айырылып қалған табысты өтейді.
Өлім – бұл қашан да трагедия. Өз отбасын қамтамасыз етіп жүрген адамның кенеттен қаза болғанын елестетсек, онда жақын адамнан айырылып қалумен қатар, оның отбасы табыссыз қалады.
Ата-ананың балаларына деген махаббаты ата-аналар бір жаманшылыққа ұрынып немесе қайтыс болып қалса, балалар оларсыз қалай өмір сүреді, ақшаны қайдан алады деген уайыммен байқалады. Өлім болған жағдайда сақтандыру сома – бұл ересектердің өз балаларына деген қамқорлықтың белгісі. Отағасының өз отбасына қаржылық қорғауды қамтамасыз етпей, үйден шығуға моральдық құқығы жоқ. Әдетте, өмірді сақтандыру шарттың бір бөлігі болып, жұмыстан бос уақытында өмір сүру үшін ақшаны жинақтауды қарастырады. Бірақ шарттың қолданылу мерзіміне дейін адам қайтыс болған жағдайда, оның туыстары ол жинауды жоспарлаған сомасынан кем емес соманы алады.
Сондықтан жинақтаушы сақтандырудың мәні қарапайым:
полис — бұл қорғану + капитал.
Дереккөзі: http://www.solodevgeniya.com/life-insurance01/
Фотосурет kzt.io, asn-news.ru сайттарынан алынды.