bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірдің құны: Ресейде төтенше оқиғалардың құрбандарына қанша төлейді

Ресейде адам өмірінің құны өсуде, бұл жай сөз емес. Қаржы министрлігі ААЖМС бойынша жәбір көргендерге максималды төлемдерді көтеруді жоспарлап отыр. «Вечерняя Москва» төтенше жағдайға тап болғандарға қандай мөлшердегі өтемақылар төленетіндігі туралы анық-қанығын білгісі келді.
Өмірдің құны: Ресейде төтенше оқиғалардың құрбандарына қанша төлейді

Қайтыс болған және жәбір көргендерге тиісті сомалар төтенше жағдайдың саралауына, яғни оның көлеміне байланысты болады. Осылайша, жәбірленушілерге төлем үшін қай бюджеттен қаражатты алу керектігі анықталады. Бұл төлемдердің мөлшері бірнеше заңнамалық актілермен реттеледі, мысалы, РФ «Халықты және аумақты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау туралы» заңы; «РФ Ұлттық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы туралы» заңы және «Төтенше жағдайларды алдын алудың және жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесі туралы», ал зиянның өтелуі РФ басқа заңдары және заңға қосымша актілері, Конституциясы, «Төтенше жағдай туралы» ережесі және субъекттерінің жарғысы арқылы жүзеге асырылады.

ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ

Ақпараттық себеп:

Мәскеу метрополитенінің Сокольническая желісінің «Лубянка» және «Мәдениет саябағы» стансаларында 2010 жылғы 29 наурызда екі терроршымен жасалған қасақана жарылыстар нәтижесінде 41 адам қаза тапты және 88 адам жарақаттанды.

Төлемдер:

Ресей Федерациясының Үкіметі қайтыс болғандардың отбасылары өтемақысы ретінде 1 миллион рубльден алатынын айтты. Ауыр жарақат алғандар – 400 мың рубльден, ал жеңіл жарақаттанған адамдар – 200 мың рубльден алады. Владимир Путин 2010 жылғы 30 наурызда қаулыға қол қойды, оған сәйкес қайтыс болғандардың отбасыларына жерлеуге қосымша 318 мың рубльден бөлігуі керек еді. Мәскеу Үкіметі өз кезегінде салттық қызметтердің төлемін өзіне қабылдап алып, қосымша өтемақысын алғашқында 150 мың рубль мөлшерінде, содан кейін 300 мың рубль мөлшерінде төлеуге міндеттелді.

ГАЗДЫҢ ЖАРЫЛУЫ

Ақпараттық себеп:

Магнитогорск қаласындағы көп пәтерлі үйде тұрмыстық газдың жарылуымен болған трагедия 2018 жылғы 31 желтоқсанда орын алды. Бұл оқиғаның нәтижесінде 39 адам қаза боды.

Төлемдер:

Қайтыс болғандардың отбасы мүшелеріне бір миллион рубль мөлшерінде өтемақы төленді, сонымен қатар төлемдер жарақаты бар адамдарға да, қиралған пәтерлерде мүліктен айырылған адамдарға да өтемақы төленуі тиіс. Магнитогорск қаласының губернаторы Борис Дубровский миллион рубльге 31,5 мың рубль қосылып, ауыр жарақат алғандарға 400 мың рубль, ал жеңіл жарақатталғандарға – 200 мың рубль төленетіндігін хабарлады. Үш бөлмелі пәтерден айырылған отбасыларға 500 мың рубль төленсе, екі бөлмелі пәтерден айырылғандарға – 400 мың рубль, ал бір бөлмелі пәтерсіз қалғандарға – 300 мың рубльден төленеді.

ТАБИҒИ АУЫТҚУ

Ақпараттық себеп:

2012 жылы Краснодар өлкесінде ірі дүлей апат болды. 6-7 шілде аралығында жауын-шашынның бес айлық нормадан асатын жауды. Нәтижесінде 34 мың адам шамасында зардап шекті, ресми мәліметтер бойынша 171 адам қайтыс болды.

ТӨЛЕМДЕР:

Сол кезде 13 шілдеде үкімет әрбір зардап шеккен адамға мүлкінен жартылай айырылған жағдайда 75 мың рубльден, ал мүлкінен толық айырылғандарға 150 мың рубльден төлейді деп сөз берген. Қайтыс болғандардың отбасыларына 2 миллион рубль мөлшерінде өтемақы төлеуді жоспарлады.

ӘУЕ АПАТЫ

ЗАҢНАМА:

Әуе апаты болған жағдайда авиациялық көліктің жолаушыларының өмірін міндетті сақтандыру қызмет етеді. Ресейде бұл 1992 жылы 7 шілдеде РФ Президенті Борис Ельциннің Жарлығымен енгізілген болатын. Сақтандыру жарнасы жол жүру құжатының құнына қосылады, ал сома еңбек ақысының 120 минималды мөлшеріне дейін құрайды. Бұл ереже ішкі рейстерге қатысты.

Төлемдер:

Ресейлік авиакомпаниялардың әуе апаттарының құрбандарына авиакомпаниялар жауапкершілігінің 2 миллион рубльден, 715 мың 800 рубльден кем емес, яғни 120 ЕАММ (МРОТ) (2015 жылғы мәліметтері бойынша), сонымен қатар жоғалтып алған багаж және қол жүгі үшін өтемақы, атқарушы биліктің федералдық және жергілікті органдарынан қосымша төлемдер және егер қайтыс болған адамдар сақтандыру шарттарын жасаса, сақтандыру компанияларының ерікті сақтандыру үшін төлемдер жасалуы тиіс болады. Егер әуе апаты шетелде орын алған болса, төлемдердің сомасы жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өтемақының мөлшері халықаралық шарттар мен шетелдік заңнамамен, мысаоы апат орын алған мемлекеттің аумағында әрекет ететін заңнамамен реттеледі.

Дереккөзі: https://vm.ru/news/585528.html

Фотосурет: http://forbes.net.ua, lifeglobe.net сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру