bs-preloader__icon
ru kz

Коронавирус Ресейдегі өмірді сақтандыруға деген сұранысты қалай өзгертті

Сақтандырушылар соңғы үш айдағы жұмыстың алдын ала қорытындысын шығарды. Сақтандыру нарығы ресейліктердің өз өмірлері үшін қауіптенуі, сондай-ақ табыстардан айырылу немесе олардың төмендеуі – екі күшті фактордың қысымына ұшырап, айтарлықтай өзгеріске ұшырады, деп жазады «Газет.Ru».
Коронавирус Ресейдегі өмірді сақтандыруға деген сұранысты қалай өзгертті

«СтопКоронавирус», «Антивирус» сияқты полистер сұранысқа ие, деп «Келісім» сақтандыру компаниясы бас директорының орынбасары Дмитрий Кузнецов растайды. «25 жастан кіші клиенттер сақтандырудың осындай түріне өте сирек қызығушылық танытады. Ал коронавируспен ауырған жағдайда полисті сатып алған клиенттердің жартысына жуығы (44%) 35-45 жастағы адамдар», ­­- дейді Кузнецов.

Бұл ретте ерлер мұндай полистерді жиі сатып алады – әйелдердің 38%-на қарсы ерлердің 62%-ы. Мамыр айында ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға, ал өмірді сақтандыру 4 есеге өсті, деп хабарлады «Келісім».

Жазғы айлар кезеңінде өткен жылдың жазымен салыстырғанда ЕМС нарығының біршама өсуі мүмкін. Көптеген адамдардың қашықтан жұмысқа ауысуына байланысты олардың үйге жақын емханаға жетіп, полис сатып алу мүмкіндігі пайда болады, деп есептейді Бүкілресейлік сақтандырушылар одағы.

Екінші фактор - жұмысынан немесе табысының бір бөлігінен айрылу қаупі сақтандыру нарығын одан әрі түбегейлі өзгертеді. Әрбір үшінші (31%) ресейлік жұмыссыз қалудан қорқады, деп атап өтті ҚПЗБРО (ВЦИОМ). Бірақ сауалнамасыз да соңғы айларда табыстар минусқа кететіні түсінікті, мысалы, ЖЭМ ҒЗУ бағалауы бойынша, II тоқсанда халықтың табысы өткен жылдың II тоқсанындағы олардың деңгейінен 78,2% -ға дейін құлдырауы мүмкін.

Дағдарыстық экономикалық жағдайда аман қалу үшін және алдағы шығындарды өтеу үшін сақтандырушыларға жаңа бірегей сақтандыру өнімдерін құруға тура келеді. «Өсімнің негізгі нүктелері енді сақтандыруды цифрландыруда, нейрондық желілер негізінде сату жүйесін құруда жатыр», — деп Mustins.ru  сақтандыру платформасының негізін қалаушысы Антон Редько есептейді.

Дереккөзі: https://www.gazeta.ru/business/2020/06/13/13116157.shtml

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Диетолог тәттінің асыруға болмайтын нормасын айтты
Диетолог тәттінің асыруға болмайтын нормасын айтты

Тәттіні аптасына 1-2 рет қана жеген дұрыс және о...

Кепілдендірілген өмір бойылық кіріспен зейнетке қалай шығуға болады
Кепілдендірілген өмір бойылық кіріспен зейнетке қалай шығуға болады

Аннуитет – бұл зейнетақы табысының басқа ныса...

106 жастағы ер адам ұзақ өмірдің басты қағидаларын атады
106 жастағы ер адам ұзақ өмірдің басты қағидаларын атады

АҚШ тұрғыны қыркүйектің басында өзінің 106-шы т...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру