ҚР Ұлттық статистика Бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың ақпан айында Қазақстандағы инфляция үдеп, жылдық көрсеткіші 9,4% құраған. Бұл бағалардың өсуіне маңызы әсер еткен, әсіресе импорт тауарларына, атап айтқанда, парфюмерия, зергерлік бұйымдар және гаджеттер.
Ақылы қызмет көрсету бағалары бір жылда 14,1% көтерілді, азық-түлік емес тауарларына – 8,7%, азық-түлік тауарларына – 6,5% дейін өсті. Аумақтық тұрғыда, 2025 жылдың ақпан айында, орташа республикалық деңгейінен асатын Астана қаласы (12,7%), Ақмола (10,7%) және Батыс-Қазақстан облыстарында (10,5%).
8 наурыз қарсаңындағы сыйлықтар бағасы
Қазақстандық онлайн-дүкендеріндегі ең кең тараған тауарлар мен қызмет көрсету бағалары және турфирмаларының «ыстық» ұсыныстары бойынша Freedom Life ӨСК мамандары зерттеу жүргізді. Мерекелік науқандарын ескергеннің өзінде, 8 наурыз қарсаңындағы сыйлықтар бағасы интернетте бір жыл ішінде 17,4% қымбаттаған.Зерттеу мәліметтері бойынша, косметика және парфюмерия интернет дүкендерінің бағалары елеулі өскен – 20,1%, спа қызметі - 21,2% және шетелде демалу бағасы – 20,2% дейін.
Алайда, ӨСК компаниясы мамандарының мәлімдеуі бойынша, бағалардың жылсайын өсуі туристік белсенділікке әсер етпеген. ҚР Ұлттық статистика Бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2024 жыл ішінде, міндетті туристік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықасының жалпы көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 13,4% өскен және 7,7 млрд теңге құраған. Шетелге шығатын азаматтардың ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықасының көлемі ұқсас кезеңде 1,3% өскен және 4,4 млрд теңге құраған. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап, сыйлықақылардың өсу үрдісі байқалуда. 2025 жылдың 1 ақпанына қарасты мәліметтер бойынша, міндетті туристік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының көлемі 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 51% өскен және 764,8 млн теңге, құраған; туристерді ерікті сақтандыру бойынша – 4,4% өскен және 300,4 млн теңге құраған.
Туристерді міндетті яки ерікті сақтандыру құны жеке есептеледі және бірнеше факторларға тәуелді: мекендеу елі, күндері, бағыты және т.б. Мысалы, Freedom Travel бағдарламасы бойынша сақтандыру полисінің орташа құны 14,8 евро құрайды (ағымдағы бағам бойынша 7 845 теңге). Егер, сақтандыру жағдайы кезінде қамту туралы айтатын болсақ, аталған бағдарлама бойынша төлем 10 мың евродан бастап, 100 мың евроға дейін құрауы мүмкін (5,3 - 53 млн теңге), таңдаған ережелерге және мекендеу еліне байланысты.
«8 наурызда сыйлық ұсыну – бұл тек махаббат пен қамқорлықтың белгісі емес, бұл болашаққа салым жасау мүмкіншілігі, мәртебе немесе еңбекақыға тәуелсіз. Дәстүрлі сыйлықтардан басқа, жақындарыңызға қаржылық қамқор көрсету туралы ойлану керек –мысалы, өмірді сақтандыру арқылы. Бұл сыйлықтың келешегі ұзақмерзімді, ол қаржылық қауіпсіздікті және болашаққа сеніммен қарауды қамтамасыз етеді. Бағалар шексіз өсу және экономикалық тұрақсыздық жағдайларында, аталған шешімдер кез келген уақытта жақындарыңызды қорғауға көмектеседі» -деп, Freedom Life ӨСК басып айтты.
Назарларыңызға, зерттеу барысында алынған цифрлары жалпы бағытты, және әрбір ересек адамның меншік шығындары болуы мүмкін. Ол жасына, әлеуметтік мәртебесіне, отбасы мүшелері санына, тұрғылықты орналасқан жеріне, әл-аухаты деңгейіне және табысына байланысты.