«Росгосстрах» бұрынғыша РФ Үкіметінің 1992 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттар бойынша «кеңестік» сақтандыру полистері бойынша мемлекеттің қарыздарын төлеу жөніндегі уәкілетті агенті болып қалуда. Статистика бойынша Қаржы министрлігінің құрылымына енетін Мемлекеттік сақтандыруда жасалған осы күніне қолданыстағы балалардың кәмелеттік жасқа жеткенше, неке қию, қосымша зейнетақы ұзақ мерзімді сақтандыру шарттары 52,5 млн адамда болған екен. Сол шарттар бойынша салымдардың жалпы сомасы ол кезде миллиард рубльмен есептелген еді. Алайда нарықтық реформалар және 90-шы жылдар басындағы экономикалық дағдарыстың нәтижесінде бұл салымдар құнсызданып кетті: ескі үлгідегі 1000 рубль 1 рубльге айналды.
1995 жылы мемлекет заң жүзінде сақтандыру жарналарын банктік салымдарды сияқты халыққа қайтаруды міндетіне алып, өзінің ішкі қарызы деп мойындаған. Мемлекеттің агенті «Росгосстрах» болып тағайындалды. "Кеңестік» сақтандыру полистері бойынша өтемақыларын төлеу бойынша жоба он жылға есептелген еді. Сонымен қатар «Росгосстрах» СК ЖАҚ Өтемақы төлемдерін ұйымдастыру орталығының басшысы Татьяна Бабурина атап көрсеткендей, бүгінгі таңда өтемақы алуға негізі бар үштен бір бөлігінен кем азаматтар осы құқықты пайдаланған.
«1992 жылғы 1 қаңтар күніне қолданылған «рефлрмаға дейінгі» жинақтаушы жеке сақтандыру шарттары бойынша өтемақы ала алатындығын білмейтін де шығар. Кейбіреулерде салымдарды растайтын сақтандыру куәліктері қалмаған, сондықтан олар өтемақыны талап етпей отыр. құжаттар жоғалған жағдайда, – дейді Татьяна Бабурина, – біз ақпаратты шарттар бойынша тексеруге көмектесетінімізді атап көрсетемін. Өтемақылы төлемдердің есептеу орталығына келген кезде, өтініште барынша көп мәліметтерді: сақтанушының/сақтандырылған тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын, сақтандыру түрін, шарттың шамалап қолданылу мерзімін көрсету керек».
Татьяна Бабурина атап көрсетеді: «Бұл жағдайда асығу керек, өйткені төлемдер бойынша бағдарлама 10 жылдан астам уақыт қолданылады, жабылуы мүмкін. Өтемақының мөлшері жарналардың сомасына және алушының туған жылына байланысты. Егер сақтанушы немесе сақтандырылған тұлға қайтыс болған жағдайда, онда мұрагерлерге салттық қызметтерді төлеуге өтемақы қажет».
1991 жылды қоса алғанға дейін туылған, 1992 жылғы 1 қаңтар күніне қолданыстағы жинақтаушы жеке сақтандыру шарты бар РФ азаматтары «Рогосстрах» СК-ға өтемақысы үшін жүгіне алады.
Дереккөзі: https://forinsurer.com/news/18/08/22/36157
Фотосурет rgsmuseum.ru сайтынан алынды.