bs-preloader__icon
ru kz en

«Росгосстрах» жаңа өмір сақтандырушысын қалыптастырғысы келеді

Онымен топқа енетін «РГС өмір» компаниясы мемлекет бақылауына өтпеді
«Росгосстрах» жаңа өмір сақтандырушысын қалыптастырғысы келеді

«Росгосстрах» өмір сақтандырушысын қалыптастыра алады деп «Ведомостьқа» компания өкілі баяндады. Бүгінде «Росгосстрах» тұтынушыларға «РГС өмір» полистерін ұсынады, алайда өткен жылдан бері компония акционерлері әртүрлі: «РГС өмір» «Ашылу ФК» банкімен келісімге түсе алмады және «Росгосстрах»-пен салыстырғанда ОБ-нің банкілік секторының консолидация Қорына түспеді. Сақтандырушылардың екеуінде бақылауда ұстаушы Данил Хачатуров өзінің бұрынғы серіктесі және досы Алхас Сангулидің «Рэдванс» компаниясының «РГС өмір»-ін сатып жіберді.

 «Росгосстрах» өмірді сақтандыруға қызығушылық танытады: бұл нарық жедел өсуде деп компания өкілі түсіндіреді. Өткен жылдың тоғыз айының аралығында (бір жылдағы статистика әлі де жоқ) өмірді сақтандыру бойынша жинақтар 56,8%-ға 229,4 млрд руб.дейін өсті (өмірді сақтандырушылар Ассоциациясының мәліметтері). 2017 жылдың қорытындылары бойынша олар 300 млрд руб.асады деп ОБ-нің сақтандыру нарығының департаментінің директоры Игорь Жуков болжаған. Реттеуші өмірді сақтандыруды қазір «сақтандыру нарығының жалғыз маңызы бар драйвері» деп санайды, ол шолуда атап өтті.

«Росгосстрах» өкілі жаңа сақтандырушының күтілетін жинақтарының көлемін және оған құйылатын мүмкін инвестицияларды атамады. Кем дегенде 240 млн руб. салуға тура келеді – бұл қазіргі уақыттағы өмірді сақтандырушыларға арналған заң бойынша ең аз шамадағы жарғылық капитал.  2016-2017 жж. «Росгосстрах» «Ашылу ФК»-дан 85 млрд руб. қаржылық көмек алды. Өткен жылдың тоғыз айының аралығында сақтандырушының шығыны 60%-ға 35,3 млрд руб.дейін өсті.

«Росгосстрах»-тың «РГС өмір» және «еншілесінің»-нің біруақыттық жұмыстары тұтынушылар арасында жаңылысқа алып келуі мүмкін деп «Андрей Городисский және серіктестері» адвокаттық бюросының серіктесі Алексей Городисский қауіптенеді. Оның пайымдауынша, бренд бойынша сұрақтар компания бөлімшелері шегінде шешілген және «РГС өмір» «Росгосстрахтың» тауарлық белгісін лицензияланған келісімшарт шарттарында пайдалануда және болашақта оны қолдануды доғаруы да мүмкін. Өкілдің айтуынша РГС тауарлық белгісі «Росгосстрах»-қа тиесілі. Егер де «Росгосстрах» өзінің өмір сақтандырушысын құрастыратын болса, «РГС өмір» оның желісі арқылы полистерді сата алмайды. «РГС өмір» өкілі компания сатуларының қанша үлесі «Росгосстрах» және «Ашылу ФК» кеңселеріне тиесілі екендігін айтпады.

«Росгосстрах»-тың өмір сақтандырушысын қалыптастыруға қызығушылығы ойға қонымды деп ТНРА рейтингтері топтарының директорының орынбасары Евгений Шарапов есептейді. Өмір сақтандырушысы үшін аса сәтті стратегия – өзінің өнімдерін ірі көтерме баға банкілерінде сату. «1 қаңтарға  Бинбанк, «Ашылу ФК» және «Росгосстрах банк»-нің жиынтық депозиттік базасы (барлығы «Ведомость»-ОБ-нің банкілік секторының консолидация Қорының шегіне кіреді) шамамен 850 млрд руб.құрайды, –деп Шарапов көрсетеді. – Тек Сбербанк және ВТБ-те ғана артық».

Сала жаңа ойыншыларды қызықтыратыны таң қалдырмайды – соңғы бірнеше айларда екі жаңа ойыншылардың пайда болулары жайлы белгілі болды деп «Өмірді сақтандыру Сбербанкі» гендиректоры Алексей Руденко талқылайды. Қаңтарда ОБ Россельхозбанкі «еншілес» - «РСХБ – өмірді сақтандыру»-ға өмірді ерікті сақтандыруға лицензия берді (бұл түрмен айналыспаған мембанкілердің соңғысы). Өткен аптада БКС ҚТ «еншілес» тіркеді және өмірді сақтандыруға лицензия алу үшін құжаттар дайындауда.

Руденконың ойынша, «Росгосстрах» өмір сақтандырушысының бірінші жұмыс жылының қорытынылары бойынша он көшбасшылар қатарына ену мүмкіндіктері бар деп санайды. Осыған желі, өмір сақтандыруларын сату тәжірибесі және дамыған банкі арнасы ықпалдасады. Сбербанк өмір сақтандырғышын 2012 ж.құрды, ол жұмыстың бірінші жылында 9,1 млрд руб.жинады, ал соңғы жылдарда – сөзсіз көшбасшы.

Центрбанк және «Ашылу ФК» сұрақтарға жауап бермеді.

Дерек көзі: https://www.vedomosti.ru/finance/articles/2018/02/13/750807-rosgosstrah-novogo-strahovschika

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ҚР-дағы ер адамдарға әйелдерге қарағанда 27% жоғары жалақы төленеді
ҚР-дағы ер адамдарға әйелдерге қарағанда 27% жоғары жалақы төленеді

2023 жылы ел бойынша қызметкерлердің орташа айл...

Қартаюды алыстатудың қарапайым жолдары
Қартаюды алыстатудың қарапайым жолдары

Өмір ұзақтығы біркелкі болмаса да, бірақ бүткі...

Зейнетақылық жоспарлаудың маңыздылығы
Зейнетақылық жоспарлаудың маңыздылығы

Адамдардың көпшілігі зейнетке шығу жайында әр...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру