bs-preloader__icon
ru kz

Ресей: өмірді сақтандыру полистерін сатудың бірыңғай стандарты

Осындай полисті енгізу мүмкіндігі Ресейдің Банкісімен Санкт-Петербургте ұйымдастырылған Халықаралық қаржы конгресстерінде талқыланды, деп korins.ru хабарлайды.
Ресей: өмірді сақтандыру полистерін сатудың бірыңғай стандарты

«Жақын арада Ресей Банкінің нұсқауларын да, БРСО (ВСС) стандарттарын да қамтитын бірыңғай стандарт пайда болады. Осылайша, клиент өмірді сақтандыру полисін сатып алған кезде реттеушімен және саламен шоғырланған стандарттар ескеріле отырып, ақпараттандырылатын болады», – конгресс барысында Бүкіл Ресейлік сақтандырушылар одағы (ВСС) жазатайым оқиғалардан сақтандыру және өмірді сақтандыруды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Максим Чернин атап өтті.

Оның мәліметтері бойынша өмірді сақтандыру нарығының өсуі 2018 жылда Ресейде 10 жылдың ішінде максимумды көрсетіп, 38% құрады. Сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 330 млрд рубльден 452,4 млрд рубльге дейін өсті. Ресейлік өмірді сақтандыру нарығы әлемдегі өсімнің ең жоғары қарқынын көрсете білді және 36,5% қүрады. Бұл ретте өмірді сақтандырудың классикалық жинақтаушы компаниялары бойынша нарықтың көлемі 2018 жылы бір жарым есеге өсті.

 

Сарапшылар өмірді несиелік сақтандырудың өсуін және ресейліктердің өмірді жинақтаушы сақтандыруға (ӨЖС) үлкен қызығушылығын атап көрсетеді.

«2018 жылы өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдерінің сатылымы тоқсан сайын 12-14%-ға өсті, 5 жылдан бастап 10 жылға дейінгі мерзіммен жарна үлесінің өсуі де байқалды, бұл ретте қысқа мерзімді полистердің үлесі керісінше төмендеді», – деді Максим Чернин. – «Зейнетақы» мақсаттарынан бөлек өмірді жинақтаушы сақтандыруды балаларға білім беру үшін, пәтерді (үйді) сатып алу үшін де пайдаланады.  ӨЖС тәуекелдерді өтеуді, қаржылық қорғауды да қамтиды, бұл ретте салықтық шегеруді алу мүмкіндігі де бар».

Сол арада Ресей Банкі Сақтандыру нарығы департаменті директорының орынбасары Илья Смирнов нарықта кешенді өнімдердің пайда болуын да болжамдайды:

«Белгілі бір уақытта сақтандыру тек инвестицияларды ғана беріп қоймай, жазатайым оқиғалардан да сақтандырып, денсаулықтағы мәселелерді шеше алатын кешенді өнімді ұсына алатын болады... Бұл жағдайда клиенттің әр түрлі менеджермен хабарласуға, толған қағазды толтыруға, смартфонға жеке-жеке қосымшаларды жүктеуге қажеті болмай қалады. Менің ойымша, инвестициялық және сақтандыру бөлігін қамтитын кешенді өнімнің болашағы зор».

Сақтандырудың өспелі әлеуметтік рөлі туралы БРСО өмірді сақтандыру жөніндегі вице-президенті Максим Данилов айтты. Сақтандырушыларға дәл осы қасиеті азаматтарды қамқорға алуда үкіметпен ниеттес болуға мүмкіндік береді, деді ол.

«Өмірді сақтандыру қашан да әлеуметтік мемлекеттің тұрақтылығының негіздерінің бірі болып табылады, кеңес заманында да, қазіргі заманда да. Ұзақ мерзімді сақтандырудың әлемдік және кеңестік тәжірибесі бұған сенімді дәлел бола алады. Бұл ретте ұзақ мерзімді жинақтарының құралы бола тұра, өмірді сақтандыру азаматтар үшін өзінің тартымдылығы бойынша жеңілдікпен салық салу және мемлекет тарапынан жеке инвестицияларының сақталуына кепілдік беру тұрғысынан жеңіліс табады, – деді Максим Данилов. – Осыған байланысты, біздің ойымызша, ұзақ мерзімді жинақтардың қаржылық құралдарының тең құқылы бәсекелестігі үшін тепе-тең жағдайларды қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырғаны жөн. Бұл тек қана сақтандыру компаниялары үшін емес, қаржы қызметтерін тұтынушылары – қарапайым азаматтар үшін, ұзақ мерзімді кезеңде әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін қажет».

Конгресс барысында сарапшылар атап көрсеткендей, көптеген дамыған елдерде өмірді жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру көбейтілген салық жеңілдіктері арқасында дамып келеді. Өмірді сақтандырушылар бүкіл әлемде мемлекеттік қарыздың ұстаушылары болып табылады, деп «Росгосстрах Жизнь» СК ЖШҚ бас директоры Алексей Руденко есептейді. «2018 жылы өмірді сақтандырушылар мемлекеттік қарыздың 25 млрд сатып алды – жиынтықта бұл мемлекеттік қарыздың шамамен 10% құрайды, – деді Алексей Руденко. – Бұл тұрғыдан сақтандыру медициналық шығындардан немесе білімге жұмсалатын шығындардан ерекшелінеді, өйткені бұл шығындар – мемлекеттің қол жеткізе алмай қалған салықтары. Ал өмірді сақтандыру – бұл бір жағынан мемлекеттің ала алмай салықтары болса, екінші жағынан – сатып алған борышкерлік қаржыландыру болып табылады. Және осы жағдайда халықтың қолдағы табысы төмендеп жатқанда, өмірді сақтандыруды ынталандыру – бұл шығындарды салық жүктемесінен борышкерлік жүктемеге қайта бөлуге мүмкіндік беретін ерекше құрал болып табылады».

Дереккөзі: http://www.korins.ru/posts/5357-v-rf-poyavitsya-edinyy-standart-prodazhi-polisov-strahovaniya-zhizni

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды. 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қырғызстанның сақтандыру секторы
Қырғызстанның сақтандыру секторы

Қырғызстандағы сақтандыру нарықтары нашар да...

Вирустардың таралуына қандай әдеттер көмектеседі
Вирустардың таралуына қандай әдеттер көмектеседі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маман...

Кәсіпкерге өмірді сақтандыру полисі не үшін қажет
Кәсіпкерге өмірді сақтандыру полисі не үшін қажет

Өмірді сақтандыру шағын бизнесті жоспарлау ме...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру