bs-preloader__icon
ru kz
✕

Аннуитеттер: сатып алушылар нені білуі тиіс

Инвесторлар аннуитеттерге миллиардтаған доллар салуда, себебі АҚШ-та тұралау мен рецессия жөнінде қауіптену инвестициялық сақтандыруға соққы болды, деп жазады The Wall Street Journal.
Аннуитеттер: сатып алушылар нені білуі тиіс

Бүгінгі күні аннуитеттер – бұл сақтандыру мен инвестициялардың қосындысын білдіретін, күрделі қаржы құралдар. Себебі АҚШ-та жеке зейнетақы қорлар жойылып кетті, көптеген тұтынушылар егде жаста өздерін қорғау үшін аннуитеттерге жүгінді.

«Аннуитеттер тәуекелге кемірек бейім адамдар үшін бос орынды толтырады», - дейді Миннесоттағы инвестициялар бойынша тіркелген кеңесші және қаржылық жоспарлар бойынша сертификатталған маман, PharmD Financial Planning LLC-дің басқарушысы Дерек Делани.

Бұл өнім өзінің зейнетақы табысын ұлғайтқысы, негізгі соманы сақтағысы және инвестициялық портфельді әртараптандырғысы келетін адамдарға арналған. Аннуитеттер жақсы икемделеді. Мысалы, сақтандыру компаниясының клиенті инфляциядан қорғаумен өмір бойылық кіріске кепілдік беретін тармақты қоса алады.

Сіз аннуитетке инвестициялағаннан кейін, одан алатын кіріс ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын немесе біржолғы болып бөліне алады. Төлемдер мөлшері пайыздық мөлшерлеме, сіздің жасыңыз және күтілетін өмір ұзақтығы, сондай-ақ төлемдер кезеңінің ұзақтығы секілді факторлармен анықталады.

Сіздің қажеттіліктеріңізге байланысты сіз дереу немесе кейінге қалдырылған төлемдер үшін аннуитетті белгілей аласыз.

Дереккөзі: https://www.wsj.com/articles/annuities-what-investors-know-11654262302

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Мереке күндері үнемдеуге арналған кеңестер

Балалық шақта жаңа жыл ең қуанышты мереке болд...

Жасы келген адамдарға арналған өмірді сақтандыру

Өмірді сақтандыру егде жаста пайдалы болуы мү...

Өмірді сақтандыру туралы дақпыртты сейілту

Сақтандыру компанияларының әртүрлілігі мен б...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру