Кемеровода өртенген «Зимняя вишня» СО сақтандырылмаған болуы мүмкін, ал қолдарында бар сақтандыру полистерінде адамдардың өміріне келтірілген нұқсан үшін жауапкершілік туралы тармақтың болмауы ықтимал, -деп хабарлады Бүкілресейлік сақтандырушылар одағының президенті Игорь Юргенс «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.
Жексенбі күні сауда орталығындағы өрт кезінде Кемеровада 64 адам қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, өрт кезінде дабылдатқыштар іске қосылмаған, ал өрт жағдайында шығуға арналған жолдар жабық болған.
«Оның адамдардыңөміріне қатысты жауапкершілігіне келер болсақ, біз мұның бірде-бір келісім-шартта қарастырылмағандығын көріп отырмыз. Қазіргі уақытта Кемеровода бар анықталған жағдай, жалға алушылардың кейбіреулері бірқатар компанияларда сақтандырылған екен. Ал сауда орталығының өзіне қатысты мәліметтерді іздестірудеміз, әлі бір де бір компания сақтандыру шартының бар екендігін растаған жоқ. Ірі сақтандырушылардың бірі бұл орталықты сақтандырған екен, бірақ шарт мерзімі қайта ұзартылмаған. Сақтандыру мүмкіндігінің болмауына өртке қарсы жүйенің тиісті талаптарға сай болмауының да себеп болуы ықтимал», - деді ол.
«Зимняя вишня» СО сақтандыру туралы келіссөздерді оның иесімен БСК жүргізген болатын, бірақ шарт жасалған жоқ, - деп хабарлады ТАСС сақтандырушының өкілі.
Сақтандырушыларға өртеніп кеткен СО жалға алушылар хабарласуда деп хабарлаған болатын ТАСС: «РЕСО-гарантия» «Балалар әлемінің» мүлкін 41 млн. руб. сақтандырған, «Ингосстрахтың»жауапкершілік лимиті жалға алушылармен жасалған келісім-шарт бойынша 10 млн. руб. аспайды, «Ренессанс сақтандыру» 4,5 млн. руб. төлеу туралы өтініш алды, «Росгосстрах» - 2,2 млн. руб.
Бүкілресейлік сақтандырушылар одағы бұрын өрттен келген материалдық шығынды 4 млрд. руб. деп бағалады, оның ішінде 3 млрд. руб. - ғимараттың өзіне келген залал, 1 млрд руб. - жалдаушылардың мүліктеріне келтірілген залал.
Өрт орын алғаннан кейін РФ ҚК үш бабы бойынша іс қозғалды: 109-бап («Абайсызда кісі өлтіру»), 219-бап («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан екі және одан да көп адам өлімінің орын алуы) және 238-бап («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтерді көрсету»). Төрт адам ұсталып, олардан жауап алынды, соның ішінде болжам бойынша өрттің пайда болу ошағы орналасқан жерді жалға алушы, сауда орталығына қызмет көрсететін басқарушы компания басшысы да бар.
Ақпарат көзі: tass.ru/proisshestviya/5067655