Біздің порталымыз жақын арада бұл тақырыпты қозғаған еді, өйткені ол әлемнің көптеген елдері үшін өзекті мәселеге айналып отыр, бүкіл ғаламшарда өмірдің ұзақтығы өсіп келеді. Сондай-ақ Ресейде де. 2024 жылға қарай «орташа» Ресей азаматы 78 жасқа дейін өмір сүретін болады. Бірақ қарттықтан еш құтылмаймыз, сондықтан қарт адамдар үшін қолдау көрсету жүйесі өте қажет. Бүгінгі таңда мемлекеттік тұлғалар бірде-бір қария шетте қалып қалмас үшін, осындай жүйені және оның қаржыландырылуы қалай ұйымдастыруға болатындығын талқылауда.
Осыған ұқсас жүйелер түрлі елдерде де бар. Осылайша, Жапонияда қызметкер тарифтің оннан бір бөлігін төлесе, қалғанын мемлекет енгізеді. Қарт адам көмекке зәру болған жағдайда, сақтандыру полисі күтушінің қызметін немесе қарттар үйінде тұруын өтейтін болады. Ауырып қалу немесе қарттықтың әлсіздігі салдарынан автономиядан айырылып қалу жағдайында міндетті сақтандыру Германияда да бар – Pflegeversicherung. Францияда мемлекеттік көмекті қарттар үйінен алуға болады – бүгінгі таңда ол үйлерде шамамен 640 мың француз тұрады. Ал Израильде мемлекет еріктілерді тартып, үлкендерге қамқор болуға дайын отбасыларға көмектеседі.
Ресейде әлеуметтік сақтандыруға – қартайғанда ұзақ мерзімді күтіміне – тарифтің құрамында жалақыдан 1,5% мөлшерінде жарналарды енгізу мүмкіндіктері туралы ойлайды. Бұл күтімге не жатады? Біріншіден, стационарлық мекемелер (пансионаттар, қарттар үйлер), екіншіден, жартылай стационарлар – күндізгі стационарлар. Үшінші бағыт – үйде патронажды көмек.
ENPI.kz зейнетақы тақырыптық платформасының негізін қалаушысы, қаржылық сарапшы Бота Жұманова бұрын lifeinsurance.kz сайтына берген сұхбатында қарттарға қолдау қажеттілігі туралы өз ойын білдірген болатын.
- Қазақстанда орташа тапқа жатқызуға болатын, жасы мен денсаулығына байланысты өзіне көп назарды талап ететін қарт ата-аналармен мәселелер енді туындай бастаған 35+ жастағы шамамен 300 мың адам бар, – деді ол. – Алдағы 10 жылда бұл мәселе шиеленісе түседі, өйткені қарт адамдар (ата-аналар) өзіне көптеу назарды және арнайы күтімді талап ететін болады. Бұл шығындар өз маңсабының және табыстарының шыңына жеткен 35-45 жастағы төлемге қабілетті балаларына жүктелетіні айдан анық. Демек оларға нарықтағы «дед.сад» қызметін (яғни аталар мен әжелер үшін бақша) сатып алу тиімдірек болады.
Сондықтан біздің сарапшымыз әлеуметтік кәсіпкерліктің бұл бағытын қызықты деп есептейді. Оның сөзінше, менталитет те, мәдениет те ешбір кедергі бола алмайды, өйткені қызметтер әлемі ірілене түсуде. Оның үстіне көптеген мекемелер тек қана күндіз келуін ұсынады, ал қарт ата-аналар өз туыстарымен түнеу және өмір сүру қажет.
Сонымен қатар Бота Жұманова бизнеске немесе кәсіпкерлерге, немесе әлеуметтік белсенді топтарға осы бағытта жұмыс жасауды бастауға мүмкіндік беретін дамыған елдердің үздік тәжірибесін және халықаралық стандарттарды енгізуді ұсынады. Мұндағы бірінші құрал – бұл балабақшаларда жасалғандай әрбір адамға субсидия бөлу.
Сол арада Ресейде қарияларға арналған әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру әзірше РФ өңірлік бюджеттерден келіп түседі, бұл қаражат өте аз, деп «Российская газета» хабарлайды. Оның мәліметтері бойынша, үлкен буын үшін 100 миллиард рубльдей қаржыны бөледі.
Сондықтан «қарттыққа» сақтандырудың түрі пайдаланатын шет елдердің тәжірибесін қабылдау мүмкіндігі қарастырады, әдетте бұл қарияның өзінің қатысуымен орын алуда. Бұл туралы РФ вице-премьері Татьяна Голикова Үкімет жанында әлеуметтік салада қамқоршылық мәселелері жөніндегі кеңесінің мәжілісінде мәлімдеді. Мұнда қосымша тариф туралы сөз қозғалмады. Ресейдің Үкіметінде әлеуметтік сақтандыру жүйесінде ішкі қорларды іздеп табуға әрекет жасалуда. Әзірше үш нұсқа ұсынылып отыр.
Біріншіден, әлеуметтік сақтандыруға жалпы тарифте нақты ұзақ мерзімдік күтім жасау жүйесіне нақты 1-1,5% «мақсатты» қаржыны бөлуге болады. Ресейдің Әлеуметтік сақтандыру қорында (ӘСҚ) профицит бар, сондықтан мұндай бөлу тиімді болады, дейді rg.ru. Екіншіден, РФ Зейнетақы қорында (РЗҚ) қалыптасатын міндетті зейнетақы сақтандыру бойынша қорды егер азамат бір ЖЗҚ басқаға мерзімінен бұрын ауыстыратын болса (бес жылдан кем аралықпен) заң бойынша ұстап қалатын инвестициялық табыстың қаражатын оған аудару арқылы пайдалануға болады. қазір Зейнетақы қорында бұл қор елеулі мөлшерге жетті – 140 млрд рубль, деп жазады «Российская газета».
Үшінші жолы – табыстың шекті «шаманы» алып тастау керек, бұл шамадан кейін РЗҚ және ӘСҚ өндірілмейді. Қазір бұл жылына 865 мыңды (ӘСҚ жарналары бойынша) және 1,15 млн руб (зейнетақы жарналары бойынша) құрайды.
Дереккөзі: https://rg.ru/2019/05/29/kak-organizovat-edinuiu-sistemu-dolgovremennogo-uhoda-za-starikami.html
Фотосурет ашық дереккөздерден алынды.