bs-preloader__icon
ru kz

Жоғарғы Рада қазыналық зейнетақы жоспары туралы заң жобасын тіркеді

Жоғарғы Рада қазынашылық зейнетақы жоспары туралы заң жобасын тіркеді. Сонымен, ерікті жинақтаушы жүйе азаматтарға қазына арқылы қосымша жеке зейнетақы жинақтарын жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Новое Издание».
Жоғарғы Рада қазыналық зейнетақы жоспары туралы заң жобасын тіркеді

Украинада ортақ зейнетақы жүйесі әрекет етеді: кәсіпорындар мен жұмыс істейтін азаматтар қаражатты қазіргі зейнеткерлерге төлейтін, Зейнетақы қорына міндетті аударымдарды (Бірыңғай әлеуметтік жарна) төлейді. Халық санының азаюына байланысты жыл сайын мұны жасау қиынға түсуде: 2021 жылғы жағдай бойынша Украинада 11 миллион зейнеткерлер тұрады, ал БӘЖ-ді төлейтін азаматтар 10 миллионнан аз. Тиісінше, әр жылы үкімет мемлекеттік бюджеттен Зейнетақы қорына демеуқаржы салуға мәжбүр. 2022 жылы мұндай демеуқаржы мөлшері 200 млрд гривенді құрайды.

«Барлығы демографиялық тренд үшін. Туылу қарқыны төмендеуде, ал қарт адамдар ұзағырақ өмір сүріп жатыр.  Зейнеткерлер БӘЖ-ді төлеушілерге қарағанда көбірек. Бұл нашар тренд, және ол сиқыр түрде жақсармайды», - дейді Қаржы министрі Сергей Марченко.

2004 жылдан бастап Украинада сақтандыру зейнетақы жүйесі енгізілген болатын: зейнетақы сақтандыру өтілінің мөлшерінен есептеледі. Әлеуметтік саясаттың бұрынғы министрі Марина Лазебнаяның сөзінше, алғашқы бес жылда бұл нәтиже көрсеткен.

2022 жылдың аяғына дейін Украинада ең төменгі зейнетақы екі мың гривеннен астамды құрайтын болады. Жинақтаушы жүйенің енгізілуімен бұл сома жоғары болуы мүмкін.

Не ұсынады?

Заң жобасына түсінік хатта оның қабылдануы Украина азаматтарына 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап-ақ солардың есебінен олар келешекте ортақ жүйеден зейнетақыға төлемдердің қосымша көзін алатын, ерікті жеке зейнетақы жинақтарын қалыптастыру мүмкіндігін беру мақсаты бар екені жазылған және бұл белгілі бір деңгейде олардың қартайған шақта қамтамасыз етілуін жақсартады.

Қазынашылық зейнетақы жоспары қатысушыларының есебін Цифрминистрлігі жүзеге асыратыны жоспарлануда. Активтерді басқаруды Қаржы мекемесі жүзеге асыратын болады.

Шартты жасасу күніне 65 жасқа толмаған жеке тұлға ғана қатыса алады. Жинақтаушы жарнаның мөлшері оны төлеушімен анықталады және шектелмеген болып табылады. Жинақтаушы жарна жеке қазынашылық зейнетақы шотына енгізіледі.

«Қазынашылық зейнетақы жоспарының енгізілуі зейнет жасындағы адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейінің жоғарылауына, мықты ішкі ұзақ мерзімді инвестициялық ресурсты тартуға біртіндеп әкелетін болады, ол ұлттық экономикаға инвестициялардың ұлғаюына ықпал ететін болады», - делінген заң жобасына түсінік хатта.

Жеке зейнетақы қорлар

Егер жеке зейнетақы қорлар бар болса, мемлекет неліктен жинақтаушы шоттарды іске қосып жатыр? Украинада жинақтаушы зейнетақы қорлар 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Олар барлығы 63, ал үлкен ойыншылар 15. ЖЗҚ қызметтеріне украиналықтардың 7%-ы жүгінген – 888 мың адам, бұл өз кезегінде аз емес.

Мұндай қорлар ірі қалаларда ғана жұмыс істейді, ал олардың 74%-ы Киевте орналасқан, сондықтан украиналықтардың көпшілігі ЖЗҚ-ның қатысушысы болу мүмкіндігі жоқ немесе тіпті олар туралы ешқашан естімеген.

ЖЗҚ өз қаражатын негізінен мемлекеттік облигацияларға салады.

«Инвестициялардың 70%-дан астамы – бұл ішкі мемлекеттік қарыз облигациялары. Бұл бір жағынан жақсы, себебі экономикаға ресурс береді, ал екінші жағынан – осы салымдардың нұсқалылығын мүмкін емес етеді. Сондықтан, бұл қорлардың басшыларына қазір белгілі бір нәтиже көрсету қиын, себебі құралдар жоқ. Біз қазір елге шетелдік бағалы қағаздарды іске қосып жатырмыз, бірақ бұл мәселенің шешімі емес», - дейді Бағалы қағаздар және қор нарығы бойынша Ұлттық комиссия басшысы Руслан Магомедов.

2021 жылдың екінші тоқсанының аяғына 88 мың украиндық қана мемлекеттік емес зейнетақы қорларынан зейнетақы алады. Орташа есеппен бұл ортақ зейнетақыға қосымша, айына 250 долларға балама.

Адамдар қаражатын мұндай қорларға нар тәуекел деп салатыны белгілі.

Дереккөзі: https://novoeizdanie.com/kopi-sam-no-cherez-gosudarstvo-kak-vyglyadit-novyj-kaznachejskij-plan/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру саласында сыйлықақылар өсімі 2,4%-ды құрады
Өмірді сақтандыру саласында сыйлықақылар өсімі 2,4%-ды құрады

Неміс сақтандырушысы Allianz жүргізген шолуға сә...

Теңге-доллар валюталық жұбымен не болады
Теңге-доллар валюталық жұбымен не болады

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) т...

Қазақстандағы инвестициялық сақтандыру
Қазақстандағы инвестициялық сақтандыру

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру