bs-preloader__icon
ru kz

Ресейде өмірді сақтандыруды реттеу өзгеруде

Ресей Банкі өмірді ерікті сақтандыру стандарттарына өзгертулер енгізді. Мысалы, жуық арада сақтандыру шарты бірден ол бойынша бірінші жарнаны төлегеннен кейін әрекет ете бастайды. Сақтандыру полисті сатып алғаннан кейін біраз уақыт өткен соң күшіне енетін кездегі уақытша франшизалар енді болмайды, деп хабарлайды «Банки.ру» сайты.
Ресейде өмірді сақтандыруды реттеу өзгеруде

«Сақтандырудан бас тартуға және салынған ақшаны толық қайтаруға болатын «ұстап тұру кезеңі» тұрақты жарналармен шарттар бойынша 14 күннен 1,5 айға дейін және бір жолғы жарналармен шарттар бойынша 30 күнге дейін ұзартылды.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) қысқа мерзімді болашақта бағалы қағаздар кірістілігінің өзгеруіне байланысты – күткеннен де жоғары болуы мүмкін. Сақтандырушылар ӨЖС бойынша тартылған ақшаны сенімді мемлекеттік облигацияларға салады.

Өмірді инвестициялық сақтандыру полистері (ӨИС) екі құрауыштан тұрады: сақтандыру және инвестициялық. Бірінші бөлігін сақтандырушылар сақтандыру жағдайларын реттей отырып, жұмысқа салады. Ал екінші бөлігімен күрделілік бар. Сақтандыру табыс әкелуі үшін, инвестициялық бөлігін шетелдік бағалы қағаздарға салады. «ӨИС стратегияларының басым бөлігі шетелдік компаниялардың акцияларынан тұрады, сатып алу шетелде жүреді, - деп түсіндірді «АльфаСтрахование-Жизнь» баспасөз қызметінде. – Қазір ол тоқтатылған. Шарттарды бұзу егер шетелдік компаниялар бұрын сатқан активтерді компаниядан қайтарып алған жағдайда ғана мүмкін. Бірақ, қазір ол туралы әңгіме жүріп жатқан жоқ. Ресейлік компаниялар нарықта үлкен түсімді көрсетті, бірақ олардың акцияларымен стратегиялар үлесі небәрі 0,2%-ға жуықты құрайды. Бұдан бөлек, ӨИС бағдарламаларында нарық түсімінің деңгейіне қатысты табысты жоғалту қаупін төмендететін, түрлі қорғаныс құралдар көзделген.

ӨИС-мен ары қарай не болады және ол бола ма, сақтандырушылар әзірге болжам жасап жатқан жоқ.

Дереккөзі: https://www.banki.ru/news/daytheme/?id=10963372

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру полистері АҚШ та қай соманы жиі сатып алады
Өмірді сақтандыру полистері АҚШ та қай соманы жиі сатып алады

Өмірді сақтандырудың қажетті мөлшерін анықта...

«Халык-Life» ӨСК алты айда сыйлықақылардың 59,4 млрд теңгесін жинады
«Халык-Life» ӨСК алты айда сыйлықақылардың 59,4 млрд теңгесін жинады

2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша «Халык-L...

Ресейлік сақтандыру компанияларында қызықты клиенттер туралы айтылды
Ресейлік сақтандыру компанияларында қызықты клиенттер туралы айтылды

Сақтандырушылар кейде клиенттердің аса ерекш...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру