bs-preloader__icon
ru kz en

РФ өмірді сақтандыру саласында қосымша опциялары бар өнімдер дамуда

РФ нарығы қатысушыларының пікірінше, жинақтаушы сақтандыру саланың әрі қарай дамуын анықтайды және жақын жылдарда өмірді несиелік сақтандырумен қатар нарықтың негізгі драйверіне айналады. Бұл туралы «Российская газета» басылымы хабарлайды.
РФ өмірді сақтандыру саласында қосымша опциялары бар өнімдер дамуда

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жинақтаушы сақтандыру өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 55%-ға артты. «Егер жалпы айтатын болсақ, өмірді сақтандырудың болашағы – қазіргі InsurTech-жобаларды (өмірді сақтандыру мен медицинаның түйіскен жерінде) қолдана отырып, салауатты өмір салтының экожүйесін құру, ол клиенттерде денсаулықпен ауыр проблемалардың пайда болуына жол бермейді және ұзақ өмір сүруге және ақша жинақтауға мүмкіндік береді», – деп «Капитал Лайф Страхование Жизни» бас директоры Евгений Гуревич өз ойын білдірді.

Сақтандырушылар жинақтаушы сақтандыру өнімдерінің сервистік құрамдас бөліктерін кеңейтеді. «Согласие-Вита» сақтандыру компаниясының бас директоры Татьяна Ланда айтқандай, мысалы, «екінші медициналық пікір», телемедицина қызметтері болуы мүмкін. Сақтандыруға тұрақты медициналық тексеруден өтуді, Ресей аумағында арнайы медициналық ассистанспен қиын ауруларды емдеуді ұйымдастыруды және сүйемелдеуді, ағзаның бейімділігін анықтауға генетикалық тестілеуді өткізуді жатқызуға болады.

Сарапшылар қазіргі кезде өмірді сақтандыру, жинақтаушы да, инвестициялық та бірте-бірте төменірек сегментке ұмтылады және оның аудиториясы жасарып жатады деген қорытынды жасады. Жастау клиенттердің қомақты жинақтары жоқ, және олар тұрақты жарналарды төлеу мүмкіндігі бар бағдарламаларды, яғни шын мәнінде, бөліп төлеу арқылы сақтандыру немесе инвестицияларды артық көреді.

Дереккөзі: https://rg.ru/2019/10/17/v-strahovanii-zhizni-rastut-produkty-s-rassrochkoj.html
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жаңа зейнеткерлер
Жаңа зейнеткерлер

Елімізде зейнетақы жинақтарының жеткілікті м...

Ресейлік өмірді сақтандырушылар жаппай сегментке шығуда
Ресейлік өмірді сақтандырушылар жаппай сегментке шығуда

Өмірді сақтандыру нарығында өнімдерді қандай ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру