Портфельді әртараптандыру
Өмірді сақтандыру полисінің артықшылықтарының бірі портфельді әртараптандыру болып табылады. Өмірді сақтандыру компаниясы табыс табуға және жинақтарды сақтауға мүмкіндік беретін, бірнеше бірегей жоспарларды ұсынады. Осындай өнімдердің бірі - indexed universal life. Өмірді индекстік сақтандыру – бұл қор биржаларының ең ірі және ең тұрақты индекстеріне инвестициялар.
«Бұл өнімнің ерекшеліктерінің бірі индекстер көптеген компаниялардың бағалы қағаздарын біріктіреді. Тіпті ең қиын кезеңдерде индексте әрдайым өсімді көрсететін компаниялар болады», - деп түсіндірді Рейнс сақтандыру тобының ортақ иеленушісі Майк Рейнс.
Қарыз қаражатын пайдалану
Адамдар өмірді сақтандыруды сатып алады, себебі бұл оларға соңында жоғалтуға қауіптенбей, басқа активтерді пайдалануға көмектеседі. Мысалы, қайтыс болған жағдайда дәл сақтандыру компаниясы кредиторлар алдында барлық міндеттемелерді жабады.
«Өмірді сақтандыру егер сіз көп ақша табатын болсаңыз, пайдалы; егер сіздің салықтармен проблемаңыз болса пайдалы; егер сіз жастай қайтыс болсаңыз, ол пайдалы; егер сіз тым ұзақ өмір сүрсеңіз немесе егер сіз қауіпті аурумен ауырсаңыз пайдалы. Егер сіз нашар инвестицияласаңыз, онда сіздің қосымша жоспарыңыз – бұл өмірді сақтандыру», - дейді Amiko Benefits қаржы жоспары жөнінде маман, Наошад Почханавала.
Жинақ
Өмірді үлестік сақтандыру – жинақтар үшін ыңғайлы өнім. Unit-linked-ті пайдалану үшін, клиент сақтандыру компаниясымен шарт жасайды және бастапқы жарнаны төлейді. Полисті сатып алғаннан кейін ақша сақтандыру компаниясына жеке шотқа аударылады. Одан әрі сақтанушы – инвестор қор нарығының активтеріне – акцияларға, облигацияларға, валюталық нарыққа, бағалы металлдарға, өзара қорларға және делдал арқылы басқасына қолжетімділік алады, бұл ретте брокерлік шот ашпайды.
«Инвестор портфелін өзі басқара алады – инвестициялық табысты алу үшін активтерді таңдай алады. Сақтандыру компаниясы, өз кезегінде оның ақшасын инвестициялық қорларға салады. Шарт бойынша келіп түсетін жарналар салымның бірліктеріне айналады – басқаша айтқанда units, немесе таңдалған қорлардың пайлары. Уақыт өте келе сақтандыру компаниясының клиентінің капиталы өседі. Мұндай полистерді ұзақ болашаққа – он жыл және одан көбірек мерзімге алады», - деп нақтылайды Brokers International-дің бас директоры, Марк Уильямс.
Тыныштық
«Егер экономика өсуші инфляциямен және неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлемелермен - қазіргідей тынышсыз болса, әдетте, клиенттер мазасыздана бастайды, және қайтадан өмірді сақтандыру қосылады. Полис клиенттердің активтерін сақтайды және оларға неғұрлым қорғаныш сезімін береді», - дейді MDRT мүшесі, Appel Insurance Advisors-тің басқарушы директоры Дэвид Э. Аппель.
Қорғаныс
Өмірді сақтандыру – сақтандырылған адамның өмірі мен оның қайтыс болуымен байланысты мүліктік мүдделерін қорғауды көздейді. Өмірді сақтандыру әдетте өмір ұзақ жағдай ретінде қарастырылатындықтан және тиісінше қайтыс болу жағдайы болжанбайтын және алыстағы болып көрінетіндіктен, сақтанушының ұзақ мерзімді мүдделерімен байланысты. «Әрбір адам өмірді сақтандыру полисі дұрыс инвестиция болып табыла ма өзі шешуі тиіс. Инфляция табысқа қысым көрсетуі мүмкін, бұл кезде адамдарға осы инвестициялар туралы мәселені қарауға қиындық тудыруы мүмкін, бірақ жаңа цифрлық құралдармен онлайн-өтінімді беру өте оңай және бірнеше минуттың ішінде клиенттердің бірегей қажеттіліктеріне бейімделген нұсқаларды алуға болады», - деп қорытындылады өмірді сақтандырудың нью-йорктік цифрлық дистрибьюторының, Afficiency табыстар бойынша директоры, Джим Ребоин.
Дереккөзі: https://insurancenewsnet.com/innarticle/7-reasons-to-by-life-insurance-during-a-turbulent-economy
Сурет ашық дереккөздерден