bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді жедел сақтандырудың стандартты полисі дегеніміз не

Әдетте жастар өмірді сақтандыру туралы сирек ойлайды, ал ол болса әр-түрлі мақсаттарға ақша жинауға және жарақат алған жағдайда мүддені қорғауға көмектеседі. Өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасасқан кезде сіз неғұрлым жас болсаңыз, соғұрлым жарналар аз болады және мерзімнің аяқталуы бойынша сіз көп сома аласыз, деп жазады New Indian Express.
Өмірді жедел сақтандырудың стандартты полисі дегеніміз не

Өмірді жедел сақтандыру сақтандырушы өзіне сақтандырылушының пайда алушысына сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру сомасын төлеу міндеттемесін қабылдайтынын, ал сақтанушы өзіне тұрақты түрде компанияға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу міндеттемесін қабылдайтынын болжайды.

Егер сақтандырылушы қайтыс болса, оның мұрагерлері ол қанша жарна төлеп үлгергеніне тәуелсіз, 30 күннің ішінде бүткіл сақтандыру сомасын алады. Егер адам жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алса, сақтандыру төлемі ақырғы сомадан пайыздармен қайта есептелетін болады.

Яғни, қолыңызды сындырсаңыз, сіз өмірді сақтандыру шарты бойынша ақша аласыз, бірақ бұл сома шарттың қолданылу мерзімі аяқталатын кезде алатын сомадан аз болады.

Сыйлықақының мөлшері мен кезеңділігі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді – мысалы, жыл бойы ай сайын тең сомалармен. Төлеу тәсілін таңдау сақтандыру шартын жасаған кезде анықталуы тиіс.

Әдетте сақтандыру шарты бір жыл мерзімге жасалады және оның қолданылуын ұзартуға болатын шартты құрайды. Себебі сақтандырылушы бір жылға қартайды және оның денсаулығының жағдайы жаманырақ жаққа өзгеруі мүмкін, сақтандырушы сақтандыру шартының жеке ережелерін қайта қарау және егер сақтанушы мен сақтандырылушы осыған келіссе, келесі жылға басқа талаптармен оны қайта жасау құқығын өзіне қалдырады.

Дереккөзі: https://www.newindianexpress.com/business/marketing/2021/jan/25/what-is-a-standard-individual-term-life-insurance-policy-2254955.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді инвестициялық сақтандыру – тиімді қаржы құралы
Өмірді инвестициялық сақтандыру – тиімді қаржы құралы

Өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) – бұл 3-ж...

Бұл жыл қазақстандық ӨСК үшін көптеген қызықтарды дайындауда
Бұл жыл қазақстандық ӨСК үшін көптеген қызықтарды дайындауда

Жаңа 2019 жыл қарсаңында Lifeinsurance.kz редакциясы өм...

Қандай азық-түліктерді күніге жеу керек
Қандай азық-түліктерді күніге жеу керек

Денсаулықты сақтау үшін дұрыс және үйлесімді ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру