bs-preloader__icon
ru kz

БЖЗҚ-да зейнетақы активтерінің кірістілігі тұрақты түсіп жатыр

Қазіргі инфляция қарқынынан зейнетақы жинақтары бойынша кірістіліктің сақталып отырған айтарлықтай артта қалуына енді қаржы реттеушісінің өмірді сақтандыру компанияларынан зейнетақы аннуитеті шартының ең төмен құнынан асатын, сақтандыру сыйлықақысының бөлігін қайтару шешімі қосылды, деп жазады 365 Info.
БЖЗҚ-да зейнетақы активтерінің кірістілігі тұрақты түсіп жатыр

Талдаушылардың айтуынша қыркүйектегі 17,7% жылдық инфляция және жыл басынан 15,4%-ға тұтынушы бағалардың өсімі кезінде БЖЗҚ-ның салымшылар (алушылар) үшін зейнетақы активтерінің кірістілігі тиісінше 7,52% және 5,34%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда нақты кірістілік теріс болып шықты - минус 10,18%, ал ағымдағы жылдың басынан минус 10,06%.   

Кірістегі құбылмалылықтар

Мұндай жағдай зейнетақы жинақтары бойынша есептелген инвестициялық кірісте 2022 жылы елеулі құбылмалылықтар нәтижесінде туындады. Наурызда оның көлемі 1,8 есе (305,3 млрд теңгеге дейін), сәуірде – 2,2 есе қысқарды (136,4 млрд-ға дейін), содан кейін мамырда инвестициялық шығыс – минус 154,4 млрд болды.

Нәтижесінде өткен көктемде БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысының жоғалтуралары 688,9 млрд-ты құрады. Маусымда бұл көрсеткіш 352,3 млрд-ты құрап, оң аумаққа оралды.

Шілдеде өсім шамамен бір жарым есе (519,6 млрд-ға дейін), тамызда – үш есе (718,2 млрд-ға дейін) қалыптасты. Алайда қыркүйекте динамиканың елеулі бәсеңдеуі болды және есептелген инвестициялық табыс 3,3%-ға (742 млрд-ға дейін), абсолюттік көріністе 23,8 млрд-қа дейін ұлғайды.

Бұдан бөлек, бұл нәтиже өткен қаңтар-қыркүйекте және 2020 жылдары алынған табыстан әлдеқайда төмен болып болып шықты, ол кезде ол 1,1 трлн теңге деңгейінде болған.

Инвестициялық кіріс

Ұқсас динамика 2022 жылы және есептелген табыс пен БЖЗҚ, Ұлттық Банкке және сыртқы басқарушыларға төленген комиссиялық сыйлықақылар арасындағы айырмашылық ретінде есептелетін, «таза» инвестициялық табыс бойынша қалыптасты.

Көктемгі жоғалтулардың нәтижесінде 1 маусымға қарай осы көрсеткіштің көлемі теріс – минус 154,4 млрд болды, одан кейін жаз айларының ішінде «таза» табыс қайта көтерілді және 1 қыркүйекке қарай «таза» инвестициялық табыс 694,7 млрд болды. Қыркүйекте өсім 3,2%-ды ғана құрады (22,1 млрд – 716,8 млрд теңгеге дейін).

Сонымен қатар, 2022 жылы БЖЗҚ-да шоғырландырылған зейнетақы жинақтары көлемінің едәуір төмендеуі байқалды. Наурызда олар 4,5%-ға, сәуірде - 0,3%, мамырда – тағы 1,3%-ға қысқарды (12 трлн 770,7 млрд-ға дейін).

Жазда бұл көрсеткіштің оң динамикасы қайта қалпына келді: маусымда 4,8%-ға, шілдеде - 2,1%-ға, тамызда - 2,2%-ға өсім қалыптасты (13 трлн 970,6 млрд-ға дейін). Бірақ қыркүйекте зейнетақы жинақтары тек 1%-ға (14 трлн 104,1 млрд-ға дейін, абсолюттік көріністе – 133,5 млрд-ға дейін) ұлғайды.

Болашақта не болар?

Зейнетақы жинақтары бойынша кірістілікті ұлғайтудың таяудағы келешегі әзірге оптимистік емес.

Ұлттық Банктің сенімді басқаруындағы, зейнетақы активтері бойынша алынған есептелген инвестициялық табыс құрылымы туралы БЖЗҚ деректерінен 2022 жылғы тоғыз айда оның едәуір бөлігі бұрынғы қалпынша шетелдік валютаны қайта бағалаудан табысқа келетінін көруге болады, яғни долларға теңгенің девальвациясынан – 265,8 млрд теңге (есептелген инвестициялық табыстың жалпы көлемінен 35,8%).

Бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде табыстарға, оның ішінде орналастырылған салымдар, кері репо операциялары және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау бойынша 1 қазандағы жағдай бойынша 532 млрд болған, ал сыртқы басқарудағы активтер бойынша - минус 67,2 млрд теңге шығын қалыптасты.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк көлемі БЖЗҚ-ның портелінде 2022 жылдың басынан 26,9%-ға (6 трлн 477,4 млрд теңгеге дейін) өскен, Қаржы министрлігінің МБҚ сатып ала отырып, үкіметтің қарызына зейнетақы жинақтарының инвестицияларын ұлғайтуды жалғастырып жатыр. Портфельде бұл қағаздардың үлесі де ұлғайды - 39,1-ден 46%-ға дейін. Екінші орынды 12,2% үлеспен квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары алады – олардың көлемі жыл басынан 3,3%-ға өсті (1 трлн 725,9 млрд-ға дейін). Одан кейін сыртқы басқаруда тұрған активтер жүреді (9,8% — 1 трлн 381,6 млрд), дамыған елдердің МБҚ (7,7% — 1 трлн 89 млрд) және отандық банктердің облигациялары (6,6% — 929,1 млрд теңге).

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Барлығы дәріханадағыдай дәлме-дәл
Барлығы дәріханадағыдай дәлме-дәл

Егер күйзеліске ұшыраған неміс жиі өзіне қол ж...

Өмірді сақтандыруға қалай қаражат салуға болады
Өмірді сақтандыруға қалай қаражат салуға болады

Кәдімгі сақтандыру келесідей: сіз қандай да бі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру