bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстанда сақтандыру омбудсмені қалай жұмыс істейтін болады

Президент Мәжіліс пен Сенат мақұлдаған сақтандыру нарығын реттейтін заңдарға түзетулерге қол қойды. Құжатта сақтандырушылар үшін жаңа өнімдер мен шектеулер енгізілген. Сондай-ақ сақтандыру омбудсменінің өкілеттігі мен міндеттері айтарлықтай кеңейтілді. Өзгерістер туралы толығырақ мұнда оқыңыз.
Қазақстанда сақтандыру омбудсмені қалай жұмыс істейтін болады

2007 жылдан бастап елімізде сақтандыру омбудсмені институты жұмыс істейді. 2015 жылдан бастап сақтандыру омбудсменінің қызмет аясы міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрлерін қамтиды. Өтініш берушілер жеке тұлғалар және шағын кәсіпорындар субъектілері болуы мүмкін. Кінәрат-талап сомасының шегі 10 мың АЕК-тен аспауы тиіс.

«Сақтандыру омбудсмені институтын реформалау тұтынушылар мен қаржы институттары арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ дауларды, соның ішінде сот ісін жүргізуді қысқартуға және тұтынушылардың сақтандыру нарығына сенімін арттыруға мүмкіндік береді», - деп Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті директорының орынбасары Елена Филимонова өзгерістердің мақсатын түсіндірді.

Өзгерістердің көпшілігі 2024 жылы енгізіледі. Өйткені, институт тек күш-жігерді ғана емес, қаржыны да қажет ететін жаһандық реформалардың алдында тұр.

Кеңсе

Бұрын сақтандыру омбудсменін сақтандыру компанияларының өздері сайлайтын болса, енді мұны өкілдер кеңесі ұсынған кандидаттар арасынан ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) айналысатын болады. Мұндай үміткерлер кемінде үшеу болуы керек. Түзетулер омбудсменге де талаптарды енгізеді: ол міндетті құқықтық білім. Бұрын кез келген жоғары білім жарайтын, бірақ омбудсменнің жұмысы сот дауларымен байланысты.

«Енді сақтандыру омбудсменінің кеңсесіне бағалау, бухгалтерлік есеп, қаржы ісі және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар кіруі тиіс. Бұл түзетулер омбудсменге нарықтан неғұрлым тәуелсіз болуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Елена Филимонова.

Қазақстандықтардың сақтандыру омбудсменіне жүгінулері жылдан жылға қарай көбейіп келеді. «Сақтандыру омбудсменінің өкілеттіктерінің кеңеюі және кеңсе штатының ұлғаюы дауларды шешу сапасын арттыруға және дауларды қарау шарттарын қысқартуға ықпал етеді. 20 маусымдағы жағдай бойынша кеңсе дауларды шешуге қатысты 770 өтінішті тіркеді», - деді Қазақстанның сақтандыру омбудсмені Павел Завалько.

2024 жылы сақтандыру омбудсменіне міндетті түрде сотқа дейінгі шағымдану, содан кейін ғана сотқа жүгіну талабы жұмыс істей бастайды. «Омбудсменнің міндеттерін арттыру қосымша шығындарға алып келеді. Мұнда да өзгерістер қарастырылған. Компанияның қанағатсыз клиенттері  қаншалықты көп болса, компанияға шағымданатындар көп болса, компанияға қаншалықты көп санкциялар мен ықпал ету шаралары қолданылса, сақтандырушылар салған жарналардың мөлшері  соншалықты көп болады. Клиенттермен қанағаттанарлықсыз жұмыс жасағаны үшін жарна мөлшері артады деген логика бар», - деп баса айтты Елена Филимонова.

Фото ашық дереккөздерден алынған

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ULIP-ті сатып алу алдында нені білу қажет
ULIP-ті сатып алу алдында нені білу қажет

ULIP – инвестициялық, сондай-ақ сақтандыру қаже...

COVID-19-дан вакциналау туралы нені білу қажет
COVID-19-дан вакциналау туралы нені білу қажет

Ғалымдар COVID-19-ға қарсы көптеген вакциналарды ...

Әйелдер және зейнетақы аннуитеті
Әйелдер және зейнетақы аннуитеті

Ұзақ уақыт бойы зейнеткерлікке шығуға қатысты...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру