bs-preloader__icon
ru kz en

Зейнетақы аннуитеті келісім шартын жасау кезіндегі бірқатар маңызды сәттер. Сарапшы кеңестері.

Зейнетақы аннуитеті келісім шартын жасау үшін сақтандыру компаниясын таңдау – бұл өте маңызды шешім, оны қабылдау үшін бірқатар маңызды сәттерді ескеру керек. Ең алдымен, зейнетақы аннуитеті келісім шарты бойынша төлемдер зейнетақы болып табылатынымен және ғұмырлық мерзімге жүзеге асырылатынымен байланысты. Осыған орай сақтандыру ұйымын дұрыс таңдамаса, болашақта кері әсерлер алуға болады. Ең алдымен сақтандыру ұйымын таңдау кезінде компанияның сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығына назар аудару керек.
Зейнетақы аннуитеті келісім шартын жасау кезіндегі бірқатар маңызды сәттер. Сарапшы кеңестері.

Бастапқыда ықтимал сақтандырушылар шеңберін аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру»  саласында сақтандыру іс-әрекетін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясының болуын анықтау қажет. Сонымен қатар компаниялардың өмірді сақтандыру бойынша пруденциалдық нормативтерді (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орнататын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қадағалауы үшін міндетті нормативтер) қадағалауын тексеру керек. Бұл ақпарат ашық қолжетімділікте (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайтында) болады.

Оған қоса осы сайтта активтер көлемінің көрсеткіштерін, қалыптасқан сақтандыру қорларын, жиналған сақтандыру сыйақыларын және жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін, жасасқан келісім шарттар санын зерттеуге болады. Екіншіден, сақтандыру ұйымын таңдауда маңызды критерий компанияның сақтандыру нарығында өмірді сақтандыру бойынша жұмыс істеу тәжірибесі, компанияның қатысушылары мен құрылтайшылары (акционерлері), олардың сақтандыру нарығында іскерлік беделі, халықтың оларға сенімділігі дәрежесі мен олардың компанияға қатысуы болып табылады.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес   сақтандыру ұйымының астанада, республикалық дәрежедегі қалаларда және облыстардың әкімшілік орталықтарында филиалдары болу керек. Осыған байланысты, сіздің аймақта филиалыының болуы туралы ақпаратты айқындау керек және  зейнетақы аннуитеті келісім шарты бойынша төлемдер үзақ мерзімді  сипатта болатынын ескеріп,  өмірді сақтандыру компаниясы филиалдарының орналасқан жерін нақтылап алу керек. Төртіншіден, салмақты шешімді қабылдау үшін, бірнеше сақтандыру компанияларын  алдын ала таңдап алып, филиалдарына барып, есептеулерді, келісім шарт жобасын сұрау керек және сізге қажетті сұрақтарды қою керек. Мысалы, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес  зейнетақы аннуитетінің типтік келісім шарты өкілетті органмен, яғни Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен әзірленеді және бекітіледі.  Осыған байланысты, өмірді сақтандыру компаниялары зейнетақы аннуитеті келісім шартының бірыңғай түрін қолдануы керек.  Сонымен бірге, қойылатын сұрақтардың ішінде  кепілді кезең бойынша шарттардың болуын және оның максималды мерзімін, сақтандыру төлемдерінің нақты жүзеге асырылу мерзімін, заңға сәйкес сақтандыру төлемдерінен  қанша ұстап қалатынын, ұстап қалу бойынша жеңілдіктердің болуын және оларды растау үшін қандай құжаттар қажеттігін нақтылап алу керек.

Ең ақырында, ұзақ мерзімді ынтымақтастық мақсатында және зейнетақы аннуитеті келісім шарты шегінде сапалы қызметтерді алу үшін зейнетақы аннуитеті келісім шартын жасау жоспарланатын компания туралы пікірлерлі зерделеуге болады. Ең жақсысы, егер бұл ұсыныстар/пікірлер  өмірді сақтандыру компаниясының қызметтерін қолданған жақын адамдардың, достардың, әріптестердің ұсыныстары/пікірлері болғаны дұрыс.

Аяжан Бексеитова

"Мемлекеттік аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" АҚ Басқарма мүшесі   

Ақпарат көзі: http://www.gak.kz/news_detail?news_id=51

Фотосурет 50plus.ru сайтынан

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сәуірде Ұлттық қордың активтері $530 млн-ға өсті
Сәуірде Ұлттық қордың активтері $530 млн-ға өсті

Ұлттық қордың активтері 2021 жылғы сәуірдің аяғ...

ҚР-дағы ер адамдарға әйелдерге қарағанда 27% жоғары жалақы төленеді
ҚР-дағы ер адамдарға әйелдерге қарағанда 27% жоғары жалақы төленеді

2023 жылы ел бойынша қызметкерлердің орташа айл...

Қазақстанда қаржыгерлер Конгресі өтті
Қазақстанда қаржыгерлер Конгресі өтті

15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – тең...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру