Жалпы экономикалық қызмет түрлері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыспен қамтылған ерлердің саны әйелдер санынан 3,4 есе арттық. Қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтін әйелдердің саны ерлер санынан 3,6 есе артық денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы және қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтін әйелдердің саны ерлер санынан 2,9 есе артық тұру және тамақтандыру бойынша қызмет көрсету саласы бұған жатпайды.
Өңірлер бойынша зерттелген кәсіпорындардың қызметкерлері арасында санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыспен қамтылғандардың ең үлкен үлесі Ұлытау – 45,2%, Павлодар – 43,9%, Қарағанды – 43,2%, Маңғыстау – 42,7%, Шығыс Қазақстан – 31,5% облыстарында белгіленді. Қызметкерлердің ең аз үлесі Қызылорда облысында (7,2%) белгіленді.
2022 жылы кәсіпорындар (ұйымдар) зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктерге 207 631,8 млн теңге жұмсады. Қосымша демалыс 531,9 мың адамға берілген, зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайлары үшін 404,3 мың адам қосымша ақы алған, 321,9 мың адам – сүт және оған теңестірілген тамақ өнімдерін алды, 88,6 мың адам – емдік-профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз етілді, 47,9 мың адам – қысқартылған жұмыс күні режимінде жұмыс істеген.
Сурет ашық дереккөздерден