Бұл қалай жұмыс істейді
Схемасы өте қарапайым көрінеді: сақтанушының (сақтандыру шартын жасайтын адам) өзі сақтандыру төлемдерінің мерзімділігін өзі таңдайды: жылына, тоқсанда немесе жарты жылда, немесе айына бір рет. Стандартты тариф жоқ – сома сақтандырылған тұлғаның жасына, жынысына және денсаулығының жағдайына, сонымен қатар шарттың қолданылу мерзіміне байланысты. Ал сақтандыру компаниясы бұл қаражатты сақтап, көбейту үшін оларды инвестициялайды.
Егер шарт қомақты сомаға жасалса, сақтандырушы клиенттің шартты жасасу күніне ауыр сырқатқа шалдықпағанына көз жеткізу үшін медициналық тексеруден өтуін өтінетін шығар. Бұл сырқаттардың болуы сақтандырудың құнына елеулі әсер етуі мүмкін немесе компания шартты жасауынан бас тартуы мүмкін.
Лайфтық полис қажетті соманы жинақтау ғана емес, сонымен қатар қандай да бір төтенше жағдайлардың – өлім, жарақат, мүгедектік, ауыр сырқат (мысалы, онкология) басталған жағдайда қорғау мүмкіндігін береді. Осы тәуекелдердің әрқайсысы шартта көрсетіліп, белгілі бір мөлшердегі сақтандыру төлемінің алуын қарастырады. Мүгедектік жағдайында, мысалы, сақтандырылған тұлғаға, егер ол негізгі шартқа осы қосымша опцияны таңдаған болса, компания оған сақтандыру сомасының 100 %-ға (мүгедектіктің дәрежесіне қарай) дейін төлейді.
Көптеген жағдайда сақтандырушылар клиенттерге құрамдастырылған бағдарламаларды ұсынады. Олар ақшаны жинақтау, сондай-ақ өлім және ауыр сырқат тәуекелдерінен қорғауға қол жеткізу мүмкіндік береді. Өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары қысқа мерзімді болмайды – әдеттегідей компаниялар клиенттерді 5-10 жылға және одан жоғары мерзімге сақтандырады.
Қазақстанда сақтандырудың жинақтаушы бағдарламаларының талаптарын салық салу бөлігінде депозиттердің талаптарымен теңдестірді, яғни екі жақты салықтан босатты, өмірді сақтандыру компанияларында осы бағыттарды дамыту және клиенттерге инвестициялаудың тиімді шарттарын ұсыну мүмкіндігі пайда болды.
Бүгінгі таңда депозиттер бойынша банктердің мөлшерлемелері АҚШ долларымен 0,1%-дан бастап 0,5%-ға дейін құрап отырғаны белгілі. Өмірді сақтандыру компанияларында клиенттерге АҚШ долларымен табыстылығы жоғары өнімдерді ұсына бастады.
Қазіргі кезде біздің ӨСК ұсынып отырған кейбір өнімдердің шолуын ұсынамыз (ақпарат ашық дереккөзден алынды).
Өмірді жинақтаушы сақтандырудың артықшылықтары – бұл университетте баланың оқуына немесе оның кәмелетке толғанға дейін, жылжымайтын мүлікті және т.б. сатып алу үшін қажетті соманы жинақтау мүмкіндігі. Сонымен қатар бұл күтпеген жағдайлардан қаржы арқылы қорғау және компанияның пайдасына қатысу мүмкіндігі, сонымен қатар қолданыстағы сақтандыру шартын кепілге қойып, заем алу мүмкіндігі, деп «Халык-Life» ӨСК» АҚ-да атап көрсетеді. Бағдарламаның артықшылықтары ішінен компанияда жинақталатын соманы «Халык-Life» ӨСК» АҚ пайдасының бір бөлігін клиенттің шотына бөліп аудару есебінен ұлғайту мүмкіндігін көрсетеді. Сонымен қатар сақтандырудың үшінші жылынан бастап заем алуға мүмкіндік бар. Мүгедектік басталған кезде төленген жарналар мен сақтандыру сомасының төленуі жүзеге асырылады. Компанияда «Қазақстан Халық банкі» АҚ төлемдік жүйелері арқылы сақтандыру жарналарын төлеу мүмкіндігін көрсетеді. Клиент қайтыс болған жағдайда, бір жолғы материалдық көмектің төленуі қарастырылады. Сақтандыру арқылы қорғау өмірді сақтандырудың барлық полистеріндегідей бүкіл әлем бойынша тәулігіне 24 сағат бойы әрекет етеді.
«Nomad Life» ӨСК» АҚ «Золото Номадов»
Осы сақтандыру компаниясының «Золото Номадов» жинақтаушы өнімі бойынша мөлшерлеме сақтандырудың мерзіміне байланысты АҚШ долларымен 3,26%-ға дейін құрайды. Ол шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне тұрақты болып табылады. мерзім жоғары болған сайын, құрал бойынша табыстылық та жоғарылай түседі. сақтандыру мерзімі: 3 жылдан бастап 10 жылға дейін.
Сонымен қатар өмірді жинақтаушы сақтандырудың сыйлықақылары тәркілеуден, мүліктік даулар кезінде үшінші тұлғалардың наразылығынан қорғалады, тыйым салынбайды, жұбайлар арасында бөлінуге, мағлұмдауға жатпайды. Бұл ретте сіз бұл ақшаны жинақтайсыз және белгілі мақсаттар үшін көбейтесіз. Сіздің жинақтарыңызға салыққа салынбайды. сонымен қатар сіз салған қаражат және шарттың басқа талаптары туралы мәліметтер жарияланбайды.
Сондай-ақ осы өнім бойынша сатып алу сомасы бірінші жылда қалыптасады, сондықтан қажет болған жағдайда, клиент екінші жылдан бастап шартты бұзып, төлеген жарналардың толық сомасын қайтара алады. Бірақ сақтандырушылар мұндай қадам жасауға кеңес бермейді, өйткені клиент шартты бұзған кезде, полисті сатып алғанда алуы мүмкін табысқа қол жеткізе алмайды.
Жағымсыз жағдайлар, оның ішінде сіздің өліміңіз орын алғанда, бүкіл кезеңде сізбен салынған ақшаларды және пайыздарды сіз өзіңіз тағайындаған мұрагерлеріңіз арасында алдын ала бөліп бере аласыз. Бұл ретте сақтандыру төлемі шартта көрсетілген тұлғаға 10 күн ішінде жүзеге асырылады. Мұрагерлік құқығын ресімдеу талап етілмейді.
Сонымен қатар полистің кепіліне төменгі мөлшерлемемен теңгемен несиені ресімдеуге болады.
Сондай-ақ өмірді жинақтаушы сақтандыру инвестициялардың жақсы дереккөзінен басқа бүкіл әлем бойынша 24/7 бойы әрекет ететін өмірді жинақтаушы сақтандыруды да береді.
Компанияда андеррайтингтің жеңілдетілген процедурасынан өткен кез келген адам сақтандырыла алады. Адамдардың жасы өзгеріп тұрады. Мысалы, «Nomad Life» компаниясының басқа жинақтаушы бағдарламасы – «Invest Life» бойынша шартты жасаған күніне жасы 7-63 аралағындағы клиенттер сақтандырыла алады. Бұл жағдайда сақтандырудың мерзімі – 7 жастан жоғары.
«Standard Life» ӨСК» АҚ
Компаниядан сақтандырудың жинақтаушы бағдарламалары 5 жылдан 35 жылға дейінгі мерзімдерін қарастырады. Минималды сақтандыру сыйлықақысы: жыл сайынғы – кемінде 60 000 тг.; жарты жылдық – 30 000 тг., тоқсан сайынғы – 20 000 тг.
Сақтандыру төлемі сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталуына дейін өмір сүру жағдайында да, сақтандыру шартынының қолданылу кезеңінде кез келген себеппен өмірден қайтқан жағдайда да бірдей жүзеге асырылады. Бұл сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру сомасынан 100%, оған қоса есептелген жағдайда бонустық сақтандыру сомасы. Компанияда жеке кеңес беру кезінде толықтай ақпарат беріледі.
«Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ
Компания жинақтаушы сақтандырудың бір қатар өнімдерін ұсынады, оның ішінде: Freedom Kids. 15 жасқа дейінгі бала сақтандырылады. Минималды жарна – 5 жылдан бастап. Қаражатты тікелей жинақтаудан басқа сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі бойы сіз және балаңыз жазатайым оқиғалардан қорғалады. Сақтандырудың үшінші жылынан бастап дивидендтердің есептелуі және компанияның пайдасына қатысу арқасында жинақтардан қосымша табыс есептеледі. Сонымен қатар заемды алуға мүмкіндігі бар. Жарналарды айына бір рет, сондай-ақ тоқсанда бір рет, жарты жылда бір рет, жылына бір рет және де бір жолғы төлеуге болады. Стандартты полиске күрделі аурулар болған жағдайда сақтандыруды қоса алғанда, 10 қосымша тәуекелдің қорғауын қосуға болады.
Freedom Future бағдарламасы бойынша ересектер үшін ұқсас талаптар. Ал Freedom Money бағдарламасы оған қоса аяқталған бағдарлама бойынша АҚШ долларына индексациясымен жинақталған соманың төленуін көздейді. Freedom Education бағдарламасына балалардың біліміне соманы жинақтауды, сонымен қатар сізді және сіздің балаңызды жазатайым оқиғадан және сіздің ата-ана ретінде еңбекке қабілеттілігінен айырылудан қорғайды.
Жоғарыда аталған компаниялардан басқа сақтандырудың жинақтаушы бағдарламаларын қалған қазақстандық ӨСК да ұсынады. Оның ішінде «МАК» ӨСК» АҚ. Толық ақпаратты Сіз олардың ресии сайттарынан, сондай-ақ телефон арқылы және бөлімшелерінен ала аласыз.
Егер шартты мерзімінен бұрын бұзатын болсаңыз
Сақтанушы шартта көзделген мерзімінен бұрын алынған инвестициялық кірістен түскен жинақтардың бір бөлігін ала алады. Бірақ мұндай жағдайда компания оған барлық ақшасын емес, тек сатып алу сомасын (жинақталған капитал салықтар мен әкімшілік шығындарды шегерумен) қайтарады. Оның мөлшері шарт қанша уақыт қолданылатына байланысты болады.
Клиенттен алғашқы жылда алынған ақша көбіне делдалдардың қызметін төленуіне – агенттердің, брокерлердің комиссиясын төлеуге кетеді. Екінші жылда сақтандыру төлемінің маңызды бөлігі өмірді сақтандырудың тәуекелді шарты бойынша өлім, мүгедектік немесе күрделі ауру жағдайына қорға жіберіледі. Жинақтар тек үшінші жылдан бастап қалыптаса бастайды. Сондай-ақ компания бұл ақшаны инвестициялайды және жыл сайын кірісті есептейді.
Клиенттер үшін бұл барлық тетіктер көбіне түсініксіз болады. «Компания менің жинақтарымды көбейтіп қана қоймай, олар тіпті азайып кетті. Мен шартты бұзамын дегенде – маған өзім төлеген сомадан кем ақшаны қайтарды». Бұл алғашқы үш жылда шартты бұзуды шешкен клиенттің шағымының типтік мысалы.
Осындай жағдайдан арылу үшін өз шартыңызды мұқият оқыңыз. Онда сақтандырылған тұлға полистің әрекет етуінің әрбір жылында сеніп отырған сатып алу сомасының нақты мөлшері көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар сақтандыру төлемдері – бұл кесапатты қорлар екенін ұмытпағаныңыз жөн. Бұл ақшаны кез келген уақытта демалысты, жөндеу жұмыстарын немесе басқа күттірмейтін мұқтаждықтарды төлеу үшін алып кетуге болатынына сенуге болмайды. Бұл қайтыс болу немесе қымбат тұратын емдеуді төлеу жағдайындағы сіздің сақтандыруыңыз.
Сақтандырушымен жасалатын шарттың талаптарын қайта қарастыруға болады. Мысалы, сақтандыру сомасын азайтып, соның салдарынан сақтандыру сыйлықақыларын азайтуға болады.
Сондай-ақ, төлемдерді бөліктерге бөлуге болады (төлем жылына екі рет немесе тоқсан сайын). Бірақ бұл жағдайда комиссияның есебінен олардың мөлшері ұлғаюы мүмкін. Сонымен қатар шартты сонымен қатар шартты сыйлықақысыз немесе толық төленген шартқа ауыстыруға болады. Яғни сақтанушы жарналарды төлеуді, ал сақтандырушы қайтыс болу жағдайында өмірді сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауды тоқтатады.
Шартты жасау кезінде қандай тұстарға назар аудару қажет?
- Әрбір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандырылған тұлғаның, пайда алушылардың тізімі, сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру валютасы (теңге, АҚШ доллары) және сақтандыру тарифі.
- Өмірді сақтандыру шартының қолданылуының әрбір жылына сатып алу сомаларының мөлшері абсолюттік шамада немесе өмір сүру тәуекелі бойынша сақтандыру сомасынан немесе төленген сақтандыру төлемдерінен пайыздарда (әдетте шарттың қосымшасында көрсетіледі).
- Сатып сомасын және сатып алу сомасын төлеу мерзімін алу үшін құжаттардың жан-жақты тізімі.
- Сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыға) жылдың қорытындылары бойыша сақтандыру сомасының немесе аннуитеттің мөлшері ұлғайтылған сомалар (бонустар) туралы ақпаратты беру міндеттемелері. Олардың мөлшері сақтандыру компаниясының қаржы нәтижелеріне байланысты болады.
Дереккөздері:
https://minfin.com.ua/2019/02/06/36624815/
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.