bs-preloader__icon
ru kz en

"Freedom Finance Life" ӨСК балаларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша тегін лагерьді іске қосады

"Freedom Finance Camp" 11-13 жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Бірінші топты оқыту 15 шілдеде басталмақ, деп компанияның ffin.life сайтында хабарланады.
"Freedom Finance Life" ӨСК балаларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша тегін лагерьді іске қосады

Жалпы тамыз айының соңына дейін бірнеше топты оқыту жоспарланады. Жобаның авторлары балаларға ақша дегеніміз не, оларды қалай қолдану керек, қалай табу керек, ақылмен жұмсап, жинақтау керектігі туралы қарапайым және қолжетімді түрде баяндап беру  мақсат қойды.

Ұйымдастырушылар лагерь креативті форматта интербелсенді ойындармен өткізіледі деп сөз беруде. Бір сабақ 2 сағатқа созылады және күніне бір рет өткізіледі. Бүкіл курс 5 сабақтан тұрады. Лагерьдің қорытындылары бойынша әрбір қатысушы Freedom Finance Camp өткені туралы сертификатты және естелікке сыйлық алады. Лагерь Алматы қаласында 2019 жылғы 15 шілдеде басталады. Жалпы тамыз айының аяғына дейін әрбір топта 15 адамнан тұратын бірнеше ағынды оқыту жоспарлануда.

Лагерьге қатысу тегін болады. Өз баласын лагерьге жіберу үшін  ата-аналар шығармашылық конкурсқа қатысып, әлеуметтік желілерде баласы кім болғысы келеді деген тақырыпқа жазбаны жариялау тиіс. Жазбаның форматы өз қалауы бойынша – шығарма, сурет немесе бейне жазба. Жазбада #FreedomFinanceCamp хэштегін қойып, «Freedom Finance Life» парақшасын белгілеу қажет. Сонымен қатар лагерьдің camp.ffin.life сайтында өтінімді қалдыру керек.

Шығармашылық конкурстың қорытындылары бойынша ұйымдастырушылар ең қызықты жазбалардың авторларын таңдайды. Сол қатысушылардың балалары «Freedom Finance Camp» лагерьіне баратын болады.

«Әрбір адам бала кезінде белгілі бір маман иесі болуын армандайды: өрт сөндіруші, ғарышкер, ғалым немесе бизнесмен. Оған қол жеткізу үшін оқу керек. Өкінішке орай, қазақстандықтардың көбісінде олар қалайтын жоғары білім алу мүмкіндігі жоқ, бір жағынан бұның себебі – олардың қаржылық жағдайы. Сондықтан біз балаларға армандарын жүзеге асыру үшін өз тәжірибесімен және біліммен бөлісуді жөн көрдік» – деп «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Азамат Ердесов атап өтті.

Жазғы лагерь туралы толық ақпарат: camp.ffin.life сайтында.

Дереккөзі: https://ffin.life/news/freedom_finance_camp

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды. 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Кімдерге ұзақ өмір сүру үшін танымал дәмдеуішті жеуге болмайды
Кімдерге ұзақ өмір сүру үшін танымал дәмдеуішті жеуге болмайды

Куркума – ең шипалы дәмдеуіштердің бірі. Зерт...

Капиталды қалай сақтау және көбейту керек
Капиталды қалай сақтау және көбейту керек

Covid-19 пайда болуымен көптеген салалардың жұмыс...

Сақтандыру нарығын реттеуде не өзгереді
Сақтандыру нарығын реттеуде не өзгереді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру