bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтардың зейнетақы қорланымы 17,5%-ға өсіп, 8 трлн. теңгеден асты

2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында олар 353,2 млрд теңгеге ұлғайды. Салыстыру үшін, былтыр осындай кезеңде қорланымдардың өсуі тек қана 240,1 млрд теңгені құраған, деп Ranking.kz. хабарлайды.
Қазақстандықтардың зейнетақы қорланымы 17,5%-ға өсіп, 8 трлн. теңгеден асты

Жалпы, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында зейнетақы қорланымдары  8,1 трлн теңгеге жетті, бір жылдың ішінде – 17,5% (1,2 трлн теңге) өсті.

Зейнетақы қорланымдары бар салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 9,9 млн дана. Бұл бір жыл бұрынғысына қарағанда 0,8%-ға (73,9 мың) артық.

2014 жылға дейін барлық зейнетақы қорланымдары осы жылдың сәуір айының соңында 99,9%-ды құраған міндетті зейнетақы жарналарына сәйкес болды.

Келесі төрт жылда олардың салыстырмалы салмағы төмендеді – 2018 жылғы сәуір айының соңында міндетті зейнетақы жарнаның үлесі 98%, бір жыл бұрын — 98,3%-ды құрады.

Соңғы жылда міндетті-кәсіби зейнетақы жарналарының салмағы 1,6%-дан 2%-ға дейін көтерілді. Ерікті зейнетақы жарналарының үлесі өзгертілмеді — 0,02% деңгейінде қалды.

Қазақстанда зейнеткерлікке ерте шығу мүмкіндігі бар екенін атап кеткен жөн. Бұл үшін өмірді сақтандыру компанияларында зейнетақы аннуитеті өнімін сатып алуға болады. Сақтандыру компаниялары азаматтардың зейнетақы қорланымын алып, «өмір бойығы зейнетақы» деп атауға болатын ай сайынғы соманы төлеуді бастайды. Ол салымшы қайтыс болғанша төленеді.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы БЖЗҚ салымшыларына әйелдердің 50,5 жасқа (2018 ж.),ғ ер адмдарға – 55  жасқа жеткенде, қорланымдар жеткілікті болған жағдайда сақтандыру ұйымымен зейнетақы қорланымын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдері туралы зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мүмкіндігін береді.  Мұндай шарт егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін де мүмкін.

2018 жылға әйелдер үшін зейнетақы аннуитетінің шамалы құны 13,5 млн теңгені құрайды, ер адамдар үшін – 9,5 млн теңге құрап отыр.

Осыдан бұрын lifeinsurance.kz хабарлағандай, былтыр Қазақстанда зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы қорланымының 26 058 млн. теңге аударылды. Осылайша, 2017 жылы «БЖЗҚ» АҚ қорланымды сақтандыру компанияларына аудару туралы 2 854 өтініш орындалыд.

2016 жылы да осыншама өтініш қабылданды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
АҚШ-та өмірді сақтандыру полисін қалай пайдалануға болады
АҚШ-та өмірді сақтандыру полисін қалай пайдалануға болады

CNBC телеарнасы сайтының редакциясы АҚШ тұрғынд...

Шетелде Қазақстандықтар қандай жарақаттарды жиі алады
Шетелде Қазақстандықтар қандай жарақаттарды жиі алады

Зерттеу барысында Freedom Life ӨСК мамандары шетелг...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру