bs-preloader__icon
ru kz en

ӨСК сыйлықақылар жинағының өсімін көрсетті

2021 жылғы қаңтар-қарашада өмірді сақтандыру нарығында сыйлақақылар unit-linked есебімен 345,7 млрд теңгені құрады.
ӨСК сыйлықақылар жинағының өсімін көрсетті

2021 жылдың он бір айы ӨСК жиынтық сыйлықақылар динамикасының бәсеңдеуін көрсетті, жылдық көріністе динамика 2020 жылдың ұқсас кезеңінің 70,3%-ына қарсы 67,6%-ды құрады. Қаңтар-қарашада жиналған ӨСК-нің жиынтық брутто-сыйлықақылары 345,7 млрд теңге unit-linked-тің сатуларын ескеріп, 335,5 млрд теңгеге жетті.
Unit-linked өмірді инвестициялық сақтандыру өнімін ұсынатын жалғыз өмірді сақтандыру компания «Nomad Life» ӨСК болып табылады. Осы өнім бойынша компанияның портфелі 2021 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша 10,1 млрд теңгеге дейін өскен. Сыйлықақылар жиыны бойынша көшбасшы 113,5 млрд теңге сомамен «Halyk life» ӨСК болып қалады.
Қараша үшін компанияның нарықтық үлесі нөлдік динамиканы көрсетті және желтоқсанның басына 33,8% мөлшерде қалды. Екінші орында «Nomad Life» ӨСК – 2021 жылғы желтоқсанның басына жиынтық портфель 102 млрд теңгені құрады (unit-linked сатуларды ескеріп – 112,1 млрд теңге), компанияның саладағы нарықтық үлесі 30,4%-ға дейін өсті (unit-linked сатуларды ескеріп 32,5%-ға дейін).
2021 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша «Өмірді сақтандыру» сегменті неғұрлым өсуші және өмірді сақтандырудың ең көлемді сыныбы болып қалуды жалғастыруда. «Өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылардың жылдық өсімі 90,4%-ды құрады, ақшалай көріністе сыйлықақылар 158,6 млрд теңгеге жетті. Өсімді барлық ӨСК сыйлықақыларының динамикасы қамтамасыз етті, МАК ӨСК-ден басқасы, ол сыйлықақылар көлемін қысқартты.
«Өмірді сақтандыру» сегментінің көшбасшысы 68,4 млрд теңге портфель жинаған, бірақ бұл сегментте үлесін 43,2%-ға дейін төмендеткен «Halyk life» ӨСК болып қалады. «Nomad Life» ӨСК сегментте нарықтық үлесін 33,5%-ға дейін ұлғайтып, 53,2 млрд теңгеге көлемі бойынша екінші портфельді жинады. «Еуропалық сақтандыру компаниясы» (ЕСК) ӨСК өмірді сақтандыру бойынша үшінші ірі сақтандырушы болып қалады. 2021 жылғы желтоқсанның басына ӨСК 15,8% деңгейінде сегментте үлесін сақтап, 25 млрд теңгеге дейін портфельді ұлғайтты.

2021 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақылары өсім қарқынын төмендетуді жалғастырды. Жылдық көріністе сақтандыру жинақтары қазандағы 80,3% және қыркүйектегі 85,9%-ға қарсы 77,1%-ға өсті. Зейнетақы аннуитеттері бойынша сыйлықақылар динамикасы керісінше жылдық көріністе қазандағы 80,3% өсімге қарсы 81,8%-ды құрап, жоғары тартты. Ақшалай көріністе зейнетақы аннуитеттері бойынша ӨСК жиынтық портфелі 116,5 млрд теңгені құрады. Аннуитеттік сақтандыру және оған кіретін зейнетақы аннуитеттері барлық ӨСК-нің оң жинақтары есебінен өсті. 
Аннутеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері сегменттерінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. 2021 жылғы қаңтар-қарашаның қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК сыйлықақыларының көлемі 39,8 млрд теңгеге дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 38,6 млрд теңгеге дейін өсті. Желтоқсанның басына «Nomad Life» ӨСК аннуитеттер сегментінде 32,3%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 33,2%-ды алады. Көлемі бойынша екінші аннуитеттік сыйлықақылар портфелі «Halyk life» ӨСК-де – аннуитеттік сақтандыру бойынша 34,4 млрд теңге сыйлықақы, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 31,9 млрд теңге. Аннуитеттік сақтандыру сегментінде ӨСК үлесі 27,9%-ды, зейнетақы аннуитеттері сегментінде 27,4%-ды құрады. Үшінші позицияда 15,8 млрд теңге жинаған, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 15,4 млрд теңге жинаған «Евразия» ӨСК тұр. 2021 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша «Евразия» ӨСК «Аннуитеттік сақтандыру» сыныбында 12,8%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 13,3%-ды алады.
«Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша жылдық көріністе динамиканы 4,9 млрд теңгеден асырып, он айдың қорытындысы бойынша 20,1% өсімге қарсы 21,7%-ға дейін ұлғайтты. Дегенмен, ЖЖА бойынша динамика аннуитеттік сақтандырудың қалған сегменттері арасында ең аз болды.
ЖЖА сегментінің көшбасшысы сыйлықақылар портфелін 1,7 млрд теңгеге дейін ұлғайтқан, бірақ нарықтық үлесін 36,3%-дан 34,9%-ға дейін қысқартқан «Halyk life» ӨСК болып қалады. Екінші орында «Nomad Life» ӨСК тұр, оның сыйлықақылары 1 млрд теңгеден асты, ал нарықтық үлесі 22,2%-ға дейін ұлғайды. Үшінші позицияға сыйлықақылардың 582,5 млн теңгесін (бір айда өзгермей, сегментте үлесі 11,9%-ды құрады) жинаған «KM Life» ӨСК орнықты.

Сегмент көшбасшылар үштігінің үлесі қысқаруды жалғастырды. 2021 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша ол он айдың қорытындысы бойынша 69,9% және тоғыз айдың қорытындысы бойынша 71,5%-ға қарсы 68,9%-ды құрады.
2021 жылғы қарашада «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегментінде сыйлықақылар динамикасы қазандағы 27,3% және қыркүйектегі 36,1% (жылдан жылға) өсімге қарсы 24,7%-ды құрап, түсімді жалғастырды. Абсолюттік цифрларда ӨСК сыйлықақыларының жиынтық портфелі 1,87 млрд теңгеге жетті. Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып қалады. Қарашада ӨСК сыйлықақыларының портфелі 922,2 млн теңгеге дейін өскен, алайда нарықтық үлесі желтоқсанның басына 49,1%-ды құрап, қысқаруды жалғастырды.
«Halyk life» ӨСК 816,5 млн теңге жинап, бұл сегментте сыйлықақылар жинағы бойынша екінші орынды алады. Компания сегментте нарықтық үлесін өсіруді жалғастырып жатыр: қарашаның қорытындысы бойынша ол қазандағы 42,1%-ға қарсы 43,5%-ды құрады. Көшбасшылар үштігін 105,6 млн теңге портфельмен және 5,6% нарықтық үлеспен «Nomad Life» ӨСК аяқтап тұр. 2021 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сыныбы бойынша ең ірі ӨСК үштігі үлесті 98,2%-ға дейін ұлғайтты. 
ӨСК бөлігінде жиналатын жазатайым оқиғадан сақтандыру (ЖО) бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 33,4%-ға қарсы 34,4% өсімді көрсетіп, 15,9 млрд теңгені құрады. «Freedom Finance Life»
ӨСК 4,87 млрд теңге жинап және он айдың қорытындысы бойынша 29,2%-ға қарсы 30,6%-ға дейін нарықтық үлесін ұлғайтып, сегментте көшбасшылықты сақтап тұр. «KM Life» ӨСК 4 млрд теңге портфельмен және қазандағы 27,6% үлеске қарсы 25,7% үлеспен екінші орында тұр. Үшінші орынға 3,3 млрд теңге жинаған және сегментте үлесін қазандағы 20,6% үлеске қарсы 21,2%-ға дейін ұлғайтқан ЕСК ӨСК орнықты.  
2021 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша «Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар он айдың қорытындысы бойынша 6,2%-ға қарсы (жылдан жылға) 4%-ға дейін жинақтар өсімін төмендетті. ЖОМС бойынша ӨСК жиынтық портфелі 35,7 млрд теңгеге жетті. Сегмент көшбасшылары бірден екі ӨСК болып отыр: 8,3 млрд теңгеден жинаған «Nomad Life» және «Halyk life». Әрбір ӨСК ЖОМС нарығының 23,5%-ын алады. Сыйлықақылардың 6 млрд теңге көлемімен және 17% (он айдың қорытындысы бойынша 17,4%) нарықтағы үлесімен үшінші позицияны «Евразия» ӨСК алып отыр. ЖОМС сегменті көшбасшыларының – ӨСК үштігінің нарықтық үлесі 2021 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша үлкен емес өсімді көрсетіп, 63,9%-ды құрады.
2021 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша ӨСК бөлігінде жиналатын ауру жағдайына сақтандыру (ЕМС) бойынша сыйлықақылар динамикасы он айдың қорытындысы бойынша (жылдан жылға) 66,3%-ға қарсы 80,2%-ға дейін ұлғайды. Ақшалай көріністе сыйлақықалар 1,9 млрд теңгеден асты.
«KM Life» ӨСК сыйлықақыларды 1,49 млрд теңгеге дейін біраз ғана ұлғайтып және қазанның қорытындысы бойынша 80,3%-ға қарсы 77,5%-ға дейін нарықтық үлесін қысқартып, ӨСК арасында сегменттің ең ірі сақтандырушысы болып қалуды жалғастыруда. ӨСК бөлігінде ЕМС сыйлықақылар жинағы бойынша екінші орынды ЕСК ӨСК алады, ол 376,8 млн теңге жинады және сегментте үлесін қазандағы қорытынды бойынша 16,8%-ға қарсы 19,6%-ға дейін ұлғайтты.  
2021 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша ӨСК жиынтық активтері 754,9 млрд теңгеге дейін жылдық өсімде 29,9%-ға дейін үдеді. Сақтандыру резервтері 522,6 млрд теңгеге дейін, 27,3%-ға (2020 жылғы қаңтар-қазанмен ұқсас динамиканы көрсетіп) ұлғайды.
ӨСК меншікті капиталы 142,1 млрд теңгеге жетіп, 2020 жылғы ұқсас кезеңге 33,2%-ға көбірек болып шықты.

Сурет ашық дереккөздерден 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Балаларға арналған өмірді сақтандыру полисін сатып алу керек пе
Балаларға арналған өмірді сақтандыру полисін сатып алу керек пе

Балаларға арналған өмірді сақтандыру полисін ...

Қазақстандықтар жиі зиянды өндіріске жұмыс істеуге баруда
Қазақстандықтар жиі зиянды өндіріске жұмыс істеуге баруда

Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру