bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру туралы дақпыртты сейілту

Сақтандыру компанияларының әртүрлілігі мен бағдарламалар түрлерін ескере отырып, өмірді сақтандыру кейде күрделі және шиеленіскен болып көрінуі мүмкін. Сақтандырушылар әрдайым өз өнімдері туралы егжей-тегжейлі айтып береді, бірақ өмірді сақтандыру туралы дақпырттар да бар.
Өмірді сақтандыру туралы дақпыртты сейілту

Өмірді сақтандыру қайтыс болғаннан кейін ғана пайдалы

Бұл қате пікір. Бүгінгі күні өмірді сақтандыру компаниялары жинақтаушы, инвестициялық өнімдерді, сондай-ақ зейнетақы жоспарларын ұсынады. Сақтандырушылар өз клиенттеріне қамтамасыз ететін кірістер басқа қаржы құралдарының табысынан анағұрлым асып түседі.

Өмірді сақтандыру – бұл қымбат

Insurance Barometer Study by LIMRA халықаралық компаниясы өткізген зерттеулерге сәйкес, адамдардың көбісі өмірді сақтандыру полистерінің құнын асырып көрсетеді. Қазір сақтандырушылардың қызметтерін әрбір адам пайдалана алады. Белгілі бір тәуекелдерді, полистің қолданылу мерзімін, клиенттің денсаулығын таңдай отырып, сақтандырудың төмен құнына жетуге болады.

Мен отбасының асыраушысы емеспін, сондықтан маған өмірді сақтандыру қажет емес

Жиі бұлай үй шаруасындағы әйелдер мен жұмыссыз қалған адамдар ойлайды. Ауыр ауру жағдайында шығындар отбасы мүшелерінің мойнына жүктелетінін түсіну қажет, ауыр эмоционалдық жағдайдан бөлек, оларға қаржылық мәселелер жүктеледі. Себебі емделу немесе оңалтуға ақы төлеу қажет болады. Егер адамда өмірді мерзімді сақтандыру болса, онда қаржылық мәселелерді сақтандырушының төлемдері шешетін болады.

Маған менің жұмыс берушім төлеп жатқан сақтандыру жеткілікті

Әрине, жұмыстың маңызды артықшылықтарының бірі – бұл өмірді сақтандыру. Бірақ, бұл сақтандырулар ең аз өтемді қамтамасыз етеді.

Мен өмірді сақтандыру үшін тым жаспын

Тағы бір дақпырт. Сақтандырылған адам жас болған сайын, сақтандыру тарифі соғұрлым төмен, және тиісінше сақтандыру төлемі төмен болады. Жас кезде инвестициялық полисті сатып алуға немесе зейнетақы аннуитеті шартын жасауға болады.

Дереккөзі: https://www.forbes.com/advisor/in/life-insurance/10-life-insurance-myths-that-need-to-be-debunked/

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ЖИ негізіндегі өнім өмірді сақтандыру саласын өзгертеді
ЖИ негізіндегі өнім өмірді сақтандыру саласын өзгертеді

Сингапурда орналасқан Neutrinos компаниясы сақтан...

Қазақстандықтардың көбіне-көбі өмірдегі қиын күнге ақша жинауда
Қазақстандықтардың көбіне-көбі өмірдегі қиын күнге ақша жинауда

Банкте депозитте ақша жинау барлығының қолына...

Allianz сақтандыру бренді үш айдың ішінде Ресейден кетеді
Allianz сақтандыру бренді үш айдың ішінде Ресейден кетеді

Allianz сақтандыру компаниясы үш ай ішінде Ресейд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру