Егер ұлттық валютадағы өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдері туралы айтсақ, онда табыстың ақырғы мөлшерлемесі есепті кезеңде сақтандыру ұйымының жұмысының тиімділігіне және табыстылығына байланысты, компанияның кірісін пропорционал үлестіру түрінде бонустарға байланысты. «Шетелдік валютада жинақтаушы өнімдерге қатысты болса, олар бойынша ағымдағы сәтке жылдық кірістің ең төменгі мөлшерлемесі валюталық депозиттер бойынша банктер ұсынатын пайыздан асады. Шарттың сомасына және қолданылу мерзіміне байланысты, өмірді жинақтаушы сақтандырудың валюталық өнімдері 2%-дан 4%-ға дейін жыл сайынға табысқа кепілдік береді, ал ұқсас банктік өнімдер бүгінгі күні 1% жылдық табысты ұсынады», - деп түсіндіреді Standard Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Ғалым Амерходжаев.
Валютада сақтандырудың жинақтаушы бағдарламалары бойынша кірістілік мөлшерлемесінің ағымдағы деңгейі біздің Компанияда ең жоғары, тіпті ЕДБ долларлық депозиттерімен салыстырғанда. Бағдарламалар бойынша кепілдендірілген кірістілік долларда 2%-дан 4,1%-ға дейін, ол классикалық құралдарға орташа кірістіліктен 3-4 есеге асып түседі. Өмірді жинақтаушы сақтандыру полисінің басты құрауышы туралы ұмытпаған жөн – бұл жинақтаушы құралға салмақты бағалылық беретін, күтпеген жағдайлардан қаржы қорғауы. «Қазақстанда инфляция қазір екі таңбалы аймақта тұр. Бұл жағдайларда қаржы ұйымдары бағаға өсімнен айтарлықтай жоғары болатын және өзінің клиенттеріне нақты табысты әкелетін, теңгеде кірісті қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан біз өзіміздің «Zoloto Nomadov» долларлық өніміміздің табысын барынша көбейту мақсатын қойдық. Жоғары долларлық кірістен басқа, басты құрауыш туралы ұмытпаған жөн – өмірді жинақтаушы сақтандыру полисі – бұл жинақтаушы құралға салмақты құндылық беретін, күтпеген жағдайлардан жақындарыңызды қаржылық қорғау» - дейді Nomad Life ӨСК-нің басқарма төрағасы, Ерлан Камбетбаев.
Халық-Life ӨСК-де бірнеше жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары бар. Сақтандыру мерзімінің аяқталуы бойынша немесе сақтандыру оқиғасы басталған кезде өтеу түрінде төленетін, валютада жылдық 3,52%-ға дейін мөлшерде кепілдендірілген инвестициялық кіріспен «Халық-Қазына» - классикалық өнімі. «Бірақ сақтандыру өнімдерінде ең бастысы – сақтандырылған адамның отбасы мен жақындарына ол қайтыс болған жағдайда немесе сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде мүгедектік алған жағдайда қаржылық шығынды азайтатын, сақтандыру қорғауы болып табылатынын ұмытпау керек. Жинақтар мерзімі көбірек болған сайын, соғұрлым сақтандыру шарты бойынша кірістілік жоғары. Бұл жерде күрделі пайыздың математикалық қағидасы әрекет етеді, бұдан бөлек, бұл клиенттердің қаржылық тәртібіне ықпал етеді, ол кезекті сақтандыру жарналарымен үлкен сақтандыру сомасын қамтамасыз етеді», - деп нақтылайды Халық-Life ӨСК-нің басқарма төрайымы, Жанар Жұбаниязова.
«Сентрас Коммеск Life-тің» клиенттері үшін индекстеумен және пайдаға қатысумен өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасын білдіретін, «Сәтті Өмір» өнімі әзірленді. Сақтандыру полисінің валютасы – теңге, индекстеу АҚШ долларына байланысты. Бұл ретте кірістілік мөлшерлемесі 3,43%-ға дейін құрайды және бүткіл сақтандыру мерзіміне тиянақталған. Осылайша, клиенттер валюталық депозиттерге қарағанда жоғары кірістілікпен кепілдендірілген жинақтарды алады. Өмірді сақтандыру шартының қолданылуының үшінші жылынан бастап клиент қосымша компанияның инвестициялық пайдасына қатысады.
«3 жылдан бастап 15 жыл мерзімге дейін сақтандырылуға болады. Сақтандыру төлемдері мен сатып алу сомалары салық салуға жатпайды. Клиенттер үшін сақтандыру қорғауы бүткіл әлем бойынша әрекет етеді. Өнім бір мезгілде жазатайым оқиғалар мен аурулардан сақтандыру және қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге, валюта бағамының өзгеруі (құбылуы) жағдайына оларды қорғай отырып, өз жинақтарыңызды сақтауға мүмкіндік береді. Плюс – бұл капиталды көбейтуге мүмкіндік беретін, қаржылық жоспарлаудың тиімді құралы», - деп нақтылайды Сентрас Коммеск Life ӨСК-нің басқарма төрағасының орынбасары Олег Ханин.
МБЖЖ
Ақпанда «Евразия» ӨСК мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (МБЖЖ) аясында «Евразия Дарын» - өмірді жинақтаушы сақтандырудың жаңа өнімін шығарды. Бұл өнім бойынша Қазақстанның әрбір азаматы өздігінен мемлекеттің қолдауымен балалардың білім алуына ақша жинай алады. МБЖЖ шеңберінде сақтандыру компаниясынан 8% мөлшерде инвестициялық табысқа қосымша мемлекет тағы жылдық 5% қосады, ал халықтың басым санаты үшін, мысалы, жетім-балаларға, мүгедектерге, көпбалалы отбасылардан балаларға – жылдық 7% қосылады.
«Мысалы, сіз 35 жастасыз, сіздің балаңызға 8 жас, тиісінше 10 жылдан кейін сіз балаңыз үшін қолайлы білім орнын іздейсіз. Егер сіз қазір 5 миллион теңгеге 10 жыл мерзімге жинақтаушы сақтандыру шартын жасасаңыз, онда шарттың аяқталуы бойынша мемлекеттің жинақталған сыйлықақысы 1 790 000 теңгені, ал алатын төлем – 6 790 000 теңгені құрайды. Осылайша, сіздің жарналарыңызға сақтандыру шарты бойынша нақты енгізілген сомадан табыс және сақтандыру жағдайы туындаған кезге, сақтандыру қорғауы қосылады. Ата-ана қайтыс болған немесе мүгедектік белгіленген жағдайда, сақтандыру компаниясы алдын-ала белгіленген, шартта жазылған соманы балаға төлеуге міндетті. Кірістілік мөлшерлемесі сақтандыру шартының қолданылуының бүткіл мерзіміне кепілдендірілген» - дейді «Евразия» ӨСК-нің басқарма төрайымы, Гүлмира Убегалиева.
Өнімнің әлеуметтік маңыздылығы бар болғандықтан – ол СТКҚ-мен кепілдендірілген. Осының өзі банктік депозиттен айырмашылығы сақтандыру өнімінің ерекше артықшылығы болып табылады. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілі толық жинақталған соманы өтейді, ад Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының кепілі 20 млн теңгеге дейін соманы ғана өтейді. Сақтандыру төлемі толық көлемде және 320 АЕК-ге дейін сақтандыру сыйлықақысы салықтардан босатылған.
Сақтандырушылар қалай және қайда табыс табады
Өмірді сақтандыру компанияларының жұмысы ұзақ мерзімді міндеттемелермен байланысты, сондықтан сақтандырушының сенімділігі қаржылық институтты таңдауда клиенттер үшін негізгі фактор болып табылады.
Сақтандыру компаниялары қаржы нарығының толыққанды қатысушылары екенін есте ұстаған жөн. Сақтандыру компаниялары өз қызметінің бөлігі ретінде жинақталған қаражатты әртүрлі қаржы институттарына салады, оңтайлы кірісі бар және сенімділік кепілдігі бар құралдарды, оның ішінде депозиттер, акциялар, облигациялар және т.б. таңдай отырып, өзінің инвестициялық портфелін қалыптастыруға тырысады. «Егер компания жиналған сыйлықақының тұрақты көлемін сақтаса және қаражатты тиімді инвестицияласа, онда жыл соңында оның белгілі бір кіріс көрсеткіштері болады. Осылайша, компанияның соңғы жылдық пайдасының көрсеткішіне байланысты ұлттық валютада ӨЖС шарттары бар клиенттер үшін бонустық кіріс есептеледі - клиент компанияның пайдасына тікелей қатысады және одан қосымша дивидендтер алады», - дейді Ғалым Амерходжаев.
Сондай-ақ, келісімшарттың ең аз мерзімі ӨЖС өнімдерінің табыстылығына әсер етеді. Егер шарт бойынша клиент сақтандыру компаниясынан өз ақшасын, мысалы, 10 жыл бойы алмауға міндеттенсе, онда компания ұзақ мерзімді активтерге инвестиция салады, тиісті құралдарды таңдайды және неғұрлым жоғары кірісті жоспарлайды. Бұл депозиттік әріптестермен салыстырғанда валюталық өнімдердің жоғары табыстылығын түсіндіреді.
«Өмірді сақтандыру компанияларының сенімділігі, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігі сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін реттеушінің тұрақты бақылауымен қамтамасыз етіледі. Осылайша, өмірді сақтандыру компаниялары пруденциалдық нормативтерді: жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін, төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативтерін, өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі мен активтерді әртараптандыру нормативін сақтауы керек», - дейді Олег Ханин.
ӨСК өнімдерінің ерекшеліктеріне байланысты неғұрлым консервативті инвестициялау стратегиясы тиімдірек, ол тұрақты кірісті мемлекеттік борыштық бағалы қағаздарды, дефолт қаупі төмен корпоративтік борыштық бағалы қағаздарды және ірі компаниялардың үлестік бағалы қағаздарын қамтиды.
Жанар Жұбаниязова қазіргі өмірді сақтандыру нарығы кәдімгі қаржы құралдарымен сәтті бәсекелесе алатын, бірақ сонымен бірге клиенттерге әлдеқайда көп артықшылықтар беретін көптеген қызықты өнімдерді ұсынатынына сенімді: «Әрине, қаржы құралын немесе нақты сақтандыру өнімін таңдау адамның жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне байланысты. Мұнда әлеуметтік қорғау мен адамның әл-ауқатына бағытталған сақтандырудың ең жақсы нұсқасын ұсынатын мамандармен кеңесу өте маңызды».
Сурет ашық дереккөздерден